Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты: Еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады
Еңбек құқығының пәні.Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек құқығы қатынастарын жатқызуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда еңбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттелді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның құрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.Екінші топқа корпоративтік, акционерлік заңды ұйымдардың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіредіАзаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты құрайды.Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда болатын еңбек қатынастары төртінші топқа жатады.