Жұмыстың негізгі идеясы «Стенд festo + scada-система + matlab» интеграцияланған жүйесін қолдану болып табылады



Дата07.09.2020
өлшемі12,13 Kb.
#77494
түріДиссертация
Байланысты:
3 аннотация каз


Аңдатпа
Магистрлік диссертацияның мақсаты «FESTO» процессорлық станциясының автоматты реттеу жүйелерін (АРЖ) идентификациялау және параметрлік оңтайландыру әдістемесін және көпбайланысты АРЖ зерттеу принциптерін әзірлеу болып табылады.

Жұмыстың негізгі идеясы «Стенд FESTO + SCADA-система + MATLAB» интеграцияланған жүйесін қолдану болып табылады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты, ғылыми мәселе, қорғалатын ғылыми жағдайлар, жұмыстың нәтижелері мен жаңалығы, оның практикалық маңыздылығы негізделген.

Бірінші тарауда станцияның техникалық сипаттамалары, функционалдық сұлбалары қарастырылды, «FESTOпроцессорлық станциясы»бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз етуге талдау жүргізілді.

Екінші тарауда АРЖ стендін зерттеу технологиясы мен әдістемесін әзірлеу нәтижелері келтірілген: деңгей, шығын, қысым және температура. Эксперименталды зерттеулердің нәтижелерін талдау жүзеге асырылды және стендте жұмыс істеу әдістемесі бойынша ұсыныстар әзірленді.

Үшінші тарауда АРЖ сәйкестендіру бойынша эксперименттерді жоспарлау мәселелері қаралды, сондай-ақ «FESTOпроцессорлық станциясы» стендінің шеңберінде АРЖ эксперименталдық зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. АРЖ уақытша сипаттамаларын бағалау негізінде эксперименттік деректерді өңдеу әдістемесі әзірленді.



Төртінші тарауда деңгейдің, температураның, қысымның және сұйықтық шығысының АРЖ оңтайландыру жүргізілді, сондай-ақ АРЖ параметрлік оңтайландыру процесін автоматтандыру мақсатында әзірленген алгоритмдер мен бағдарламалық құралдар келтірілген.

Қорытындыда диссертациялық жұмыс бойынша негізгі қорытындылар жасалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет