Дәріс 11. Еңбек ресурстары. Жоспар:
1. Еңбек ресурстары және оларды нарықтық жағдайда қолдану.
2. Еңбек нарығы.
Еңбек ресурстары кәсіпорынның барлық ресурстар жиынтығында негізгі орын алады. Жеке кәсіпорын деңгейінде «еңбек ресурстары» терминінің орнына «кадрлар» мен «персанал» терминдері жиі қолданылады.
Кәсіпорын кадры ретінде кәсорынның негізгі (штаттық) жұмысшылар құрамын түсіну қабылданған. Кеңейтілген ұғымда кадрлар
· Негізгі және көмекші жұмыскерлер
· Басқарушылар
· Мамандар
· Қызметкерлер
Аталған жұмыскерлер(өндірістік кәсіпорындарда) өнеркәсіптік өндірістік персоналды (ӨӨП) құрайды.
Еңбек ресурсы – кез келген кәсіпорынның басқарушысы үшін қамқорлық жасау мен назар аударудың басты және тұрақты объектісі болып табылада. Өйткені, соңғы нәтиже адамдардың біліктілігі мен жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты болады. Техникалық және технологиялық ақауларды шешу жұмыскерлер коллективінің ішіндегі конфликті шешуден оңай болып келеді.Адамдар өндіріс механизміндегі «болт» емес, сондықтан ақылды басқарушы әрбір жұмыскердің мінезін, жеке бағыттарын және психологиялық қалауын ескеру керек.
Бүгінгі күні, «командалық» экономикадан және қатты басқарушылықтан өткеннен кейінгі кезеңде, басқарушы жұмыскерлерді мыналарға бағыттауы міндетті:
· Уақытты босқа өткізуге емес, жұмыс істеуге;
· Бастыққа емес, тұтынушыға;
· Немқұрайлыққа емес, бастамашылдыққа;
Кәсіпорындағы кадрлармен жұмыс көпжақты, мақсатқа бағытталған және танымды болуы керек. Жұмыскерлердің әр категориясы өз құрамындағы мамандар тобымен орнатылғанбірнеше кәсіпті қарастырады.
Жұмыскерлердің мамандықтарының ішінде біліктілік деңгейіне қарай бөлуге болады.
Кәсіп – кәсіпорынның қандай да бір бөлігінде белгілі бір жұмыс түрін атқару үшін керек арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың жиынтығы.
Мамандық – кәсіпорынның нақты бөлігінде жұмысты атқару үшін қосымша білім мен дағдыны қажет ететін кәсіптің ішіндегі қызмет түрі.
Біліктілік – белгілі бір қиындықтағы жұмысты атқаруға мүмкінідік беретін жалпы және арнайы кәсіптік дайындық дәрежесі.
Лауазым – жұмыскердің компетенттілігінің шекарасын сипаттайды, яғни оның міндеттері мен құқықтарының шеңбері.
Мысалы: негізгі өндірістік жұмыскер (категория), токарь(кәсіп),5 разряд (біліктілік).
Біліктілік деңгейіне қарай жұмыскерлерді бөлуге болады:
· Біліктіліксіз
· Аз білікті
· Білікті
· Жоғары білікті.
Жұмыскерлердің біліктілігі разрядтармен анықталады. Мамандар біліктілік категориясы бойынша бөлінеді: 1, 2, 3 категориядағы және категориясыз мамандар.
Басқарушылар басқарудың құрылымы мен звеносына байланысты бөлінеді.
Басқарудың құрылымы бойынша басқарушалар сызықтық және функционалды болып бөлінеді. Ал басқарудың звеносы бойынша жоғарғы, орташа және төменгі звено болып бөлінеді.
Шаруашылық және Отандық терминалогияның нарығының жағдайларында персоналдық біліктілігінің жаңа элементтеріпайда болды. Оларға басқарудың барлық звеноларындағы басқарушылар, сонымен қатар басқару қызметінің мамандары: реклама, персонал және сату бойынша менеджерлер, т.б. жатады.
Қоғам байлығының негізгі көзі және адамзаттың материалды және рухани байлығын құрудың басты факторы – еңбек болып табылады. Еңбек – адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрөзгеруіне және пайдалануына бағытталған мақсатты қызметі.
Еңбек үрдісі келесі кезеңдерден құралады: адамның мақсатталынған қызмет түрінде еңбектің өзі, еңбек заты, еңбек құралдары және еңбек нәтижесі.
Өндіріс құралдарсыз еңбек үрдісі жүрмейді, бірақ адам еңбегінсіз өндіріс құралдары ештеңе құра алмайды. Өндіріс құралдарын тек қана еңбек іске асырады және адам мақсатының жүзеге асуына әсер етеді. Сол сияқты, еңбек байлықтың маңызды көзі ғана емес, сонымен қатар барлық адымзат өмірінің негізгі шарты болып табылады.
«Еңбек үрдісі» түсінігі «өндіріс үрдісі»түсінігімен салыстырғанда тар мағынада.
Өндіріс үрдісі еңбек үрдісінң толық комплектінің негізінде орындалады. Әрбір еңбек үрдісі дайын өнімді алудағы тек балгілі бір кезеңді білдіреді. Кей кезеңдері өндіріс үрдісі адам еңбегінсіз тек табиғат факторының әсер етуімен жүреді.
Ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдауы еңбек құралдарының жақсаруына, жаңа еңбек құралдарының өндіріс процесіне енуіне септігін тигізеді. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына қарамай еңбек өндіріс процесінде өзінң белгілі орнын, ал адам еңбек процесіндегі ролін жоғалтқан жоқ.
Еңбек ресурсының ең белсенді бөлігі жұмыс күші болып табылады. Жұмыс күші дегеніміз адамның қажет заттарды құрудағы қолданатын физикалық рухани қабілеттіліктің жиынтығы. Яғни, адамның еңбек процесінде физикалық және рухани қабілеттілктері іске асқанда ғана еңбек ресурсы жұмыс күшіне айналады.
Еңбек ресурсының құрамына қоғамдық өндірістегі жұмыскерлер, сонымен қатар еңбек процесіне қатыспайтын, бірақ сәйкес келетін жағдайда өнім өндірісінде қолданылуы мумкін тұрғындар бөлігі кіреді.
Қызмет ететін заңға сәйкес еңбек ресурсына тұрғындардың еңбекке қабілетті: 16-дан 63 жастағы ерлер және 16-дан 58 жастағы әйел адамдар жатады. Бұдан басқа, еңбек ресурсының құрамына сол жерде тұратын жасөспірімдер және пенсия жасындағы тұлғалар жатады.
Қоғамдық өндіріске қатысатындардан басқа еңбек ресурсына еңбек қорының потенциалдық бөлігі жатады, яғни өндіріске қатыспайтын, бірақ қолайлы жағдайда өндіріс процесіне қатысуы мүмкін адамдар (студенттер, солдаттар, оқушылар).
Еңбек ресурсы жұмыскерлердін келесі категорияларын өзіне енгізеді: тұрақты, уақытша және сезондық.
Тұрақты жұмыскерлер деп жұмысқа мерзімі белгіленбеген уақытқа алынған тұлғаларды атайды. Сезондық жұмыскерлер 6 айдан көп емес, белгілі бір уақытқа қабылданады. Уақытша жұмыскерлер жұмысқа 2айдан көп қатыспайды.