Тақырып 10. Сату (өткізу) нарықта Тақырыптың жоспары: 1 Сату (өткізу) нарығының түрлері
2 Нарық сыйымдылығы
3 Мақсатты аудитория қажеттілігін талдау
4 Өңірдегі сату (өткізу) тізбегін құру
1 3.2.6.Сату (өткізу) нарығының түрлері Өнім өткізу нарығын бағалау бөлімі нарықты зерттеу негізінде және жинақталған мәліметтер бойынша жасалынады. Мұның негізгі мақсаты – нарықтағы жаңа тауарлардың алатын орнын дәлелдеу және анықтау, сонымен бірге нарық конъюнктурасы жөнінде мәлімет көрсетілуі керек.
Бөлімнің бірінші кезеңі – нарықтың потенциалдық сиымдылығын анықтау, яғни тұтынушылардың белгілі бір мерзімде (1 айда, 1 жылда) сатып алатын тауарларының жалпы құны. Оның мөлшері көп факторлармен байланысты: әлеуметтік, мәдени, климат, экономикалық және т.б. Сондықтан мақсатты нарықты сипаттау керек. Ол үшін нарықты сегменттеудің мынандай мүмкін критерийлерін қолдану керек:
Жеке адамдар (тұлғалар) үшін:
Екінші кезең – сатылу потенциалының сомасын анықтау, яғни кәсіпорынның (фирманың) нарықтағы ара салмағы және соған сәйкес оның мүмкіншілігіне қарай тауар өткізудің максималды сомасы.Тауардың өткізу нарығы тек қана потенциалды сату сомасын анықтау емес, сонымен бірге нарықты нақты бағалау.Осыдан үшінші кезең туындайды. Ол сату – көлемін болжау, яғни кәсіпорынның мүмкін болатын жалпы шығыны және сол баға деңгейі жағдайында қанша тауар сатып алатынын немесе қызмет көрсететінін белгілеуі керек.Мақсатты нарықты анықтап және қажетті пайдалылық пен болашағын анықтағаннан кейін бизнес-жоспарда болашақ бәсекелестіктерді анықтау керек. Яғни ұқсас іспен, және жанама іспен айналысатын бәсекелестіктерді зерттеу керек.
Өнімді өткізу нарықтары нарықтың бір бөлігі болып есептеледі. Ол дегеніміз - сатушылар тауарды ұсынатын, ал тұтынушылар оларды сатып алатын белгілі бір экономикалық кеңістік. Сату нарығы белгілі бір тауар нарығының аясында қалып-тасады және дамиды.
Тауардың түрін және оған сұранысты анықтайтын тұтыну сипаттамасына байланысты сату нарығы:
-тұтынушылық
-кәсіпорын
Аумақтық белгілері бойынша сату инрығы мыналарға бөлінеді:
әлемдік
-ұлттық
өңірлік
-аймақтық
сыртқы
-ішкі
Көрсетілетін қызметтер мен тауарлар нарығын шартты түрде бірнеше бөлікке бөлуге болады:
3.2.7.
Сатушы-компанияның негізгі міндеті сатып алушылар санын арттыру болып табылатындықтан, тауарлар мен қызметтерді сату, жаңа клиенттерді тарту және бар клиенттерді ұстап қалу үшін перспективалы мақсатты аудиторияны жаңылыспай тандау, сондай-ақ барлық қолжетімді компаниямен сатуды ынталандыру үшін өткізу нарығына үнемі маркетингілік зерттеу жүргізу қажет.