Тақырып 10. Сату (өткізу) нарықта Тақырыптың жоспары


Талдау нәтижелерімен жұмыс



бет3/10
Дата16.03.2023
өлшемі226,5 Kb.
#172728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 10

Талдау нәтижелерімен жұмыс. Нақты тауардың толық сараланған нарығын алып, неғұрлым төмен деңгейде терендете талдау қажет. Шын мәнінде, алынған тұтынушылар топтарымен дұрыс жұмыс жүргізу компанианың өсуіне зор мүмкіндіктер ашады. Ол тек жаңа сатып алушыларды тарту есебінен ғана емес, өз қателіктерінің күшін жою бағытының көмегімен де жүзеге асады.
Мысалы, егер бәсекелестердің сатып алушыларымен жұмыс жүргізгенде, клиенттер неге басқалардың пайдасына таңдау жасағанын анықтау қажет. Кейбір критерийлерді түзету өте қиын. Мысалы, компанияның географиялық орналасуы немесе тауардың ерекшелігі, алайда қызмет көрсетудің деңгейі мен жылдамдығы сияқты қызметтерді, қосымша көрсетілетін қызметтерді, «баға-сапа» арақатынасын жылдам жақсартуға болады.
Жетпісінші жылдары Бостон консультативтік тобы өнімдерді жіктеудің бірегей әрі дұрыс тәсілін жасады. Олардың пікірінше, ақша қозғалысы өнім немесе қызметтің матрица өрісіндегі орнымен анықталады.
3.2.10.Талдау нәтижелері бойынша тауарлар төрт санатқа бөлінеді:
1.«жұлдыздар», кәсіпорынға негізгі пайда әкеледі жәме экономикалық өсуге жағдай жасайды;
2.«ақшалы сиырлар», экономикалық өсуге шамалы дәрежеде ықпал ететін, инвестицияларға мұқтаж емес, пайда әкелетін жетілу кезеңінен өтушілер;
3.«жасөспірімдер» немесе «сұрақ белгісі» қаржыландыруды талап ететін тауарлар - «жасөспірімдер» әдетте, нарықта ілгерілетуге, жарнамаға мұқтаж жаңа тауарлар, әзірге пайда әкелмейді, бірақ болашақта «жұлдыздар» болуы мумкін;
4.«кедей иттер» немесе «жолы болмайтындар» - өмірге бейім емес, экономикалық өсуге ықпал етпейді, пайда әкелмейді.
Бұл ретте әрбір тауардың нарықтың жекелеген сегменттерінде өмірлік циклдің қандай сатысында орналасқанын ескеру керек:
а) нөлдік саты жаңа тауарды әзірлеу идеяларын зерттеумен және сынақтан ет-кізумен сипатталады, содан кейін ғана тауәрдың өзін;
б) бірінші сатыда (тауарды нарыққа шығару және енгізу) тауар нарықта табысты бола ма екені анықталады. Пайда осы кезеңде жоғары емес, себебі қомақты қаражат тауарды нарықта зерттеуге, ілгерілетуге жұмсалады;
в) екінші сатыда (сатудың өсуі меи дамуы) тауар пайда әкеле бастайды, ол барлық шығындарды тез жабады және пайда көзіне айналады, бірақ тауарды нарықта ілгерілету үшін жарнамаға көп шығынды талап етеді;
г) үшінші саты (жетілу) - тауардың тұрақты нарығы бар, сұранысқа ие және табысы тұрақты, яғни табысты кезенде, өйткені нарықта жылжытүға шығындар талап
етпейді, тек мұның танымалдылығына жарнамалық қолдау ғана керек;
д) төртінші сатыда (қанығу және құлдырау) сату көлемі айтарлықтай өзгермейді, ал содан кейін болжамды және болжамсыз себептермен күрт қысқарады: ешқандай өзгерістер енгізілмеген тауар тұтынушыларды жалықтырады немесе қанағаттандыруы тиіс қажеттілік жоғалады.
Міндет тауарды жетілдіру немесе басқасымен ауыстыру арқылы оған деген сұраныстың төмендеуін дер кезінде байқау және алдын алу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет