6.1. Нақты тауарлар үшін бағалардың өзара байланысы Фьючерстік нарықта таңқаларлық феномен байқалады: тауар әлі жоқ, ал оған деген баға бар. Нақты тауарларды екі бөлек, бірақ бір-бірімен байланысты нарықта сатуға және сатып алуға болады – қолма қол (спот нарығы) және фьючерстік.
Спот нарығы – тауар өз егесін белгілі бір бағаға айырбастайтын орын. Спот нарығындағы келісімдерді жүргізу – нақты тауарды ағымдағы баға бойынша алып-сататын, жеткізілуі сол уақытта болатын немесе бірнеше күннің ішінде жүргізілетін келісімдер.