Екі көпжақты бет жалпы жағдайда кеңістіктік тұйық сынық сызық бойынша қиылысады. Бөлек жағдайда осы сынық екі немесе одан да көп тұйық сынық сызықтарға ыдырайды
Екі көпжақты бет жалпы жағдайда кеңістіктік тұйық сынық сызық бойынша қиылысады. Бөлек жағдайда осы сынық екі немесе одан да көп тұйық сынық сызықтарға ыдырайды.Сынықтың төбелері бір көпжақ қырларының басқасының жақтарымен қиылысу нүктелері, ал қабырғалары көпжақтардың жақтары қиылысатын түзулердің кесіндісі болып табылады. Осыдан көпжақтар беттерінің қиылысу сызығын салудың екі
тəсілі шығады:
1) қырлар тəсілі – бірінші көпжақ қырларының екіншісінің
жақтарымен жəне екінші көпжақ қырларының біріншісінің
жақтарымен қиылысу нүктелері ретінде сынықтың төбелерін
салу; мұнда табылған нүктелер келесі ережені сақтай отырып,
белгілі бір реттілікте қосылады: тек бір жаққа тиесілі нүктелердің
ғана проекциялары түзулермен қосылады.
2) жақтар тəсілі – көпжақтар жақтарының жұп-жұбымен
қиылысқан түзулер кесінділері ретінде сынықтың қабырғаларын
салу.
Осы тəсілдердің бірін немесе олардың комбинациядағысын
таңдау берілген көпжақтардың қасиеттеріне тəуелді. Егер
сынықтың төбелерімен жақтары бір көпжақтың жалпы
жағдайдағы жақтардың басқасының проекциялаушы қырларымен
жəне жақтарымен қиылысу нүктелері жəне түзулері ретінде
анықталатын болса, оны салу оңай болады. Жалпы жағдайдағы
қырлар мен жақтардың қатысымен сынықтың төбелері мен
жақтарын салу үшін қосымша жазықтықтарды таңдау барысында
4.2.2, 4.4.1-бөлімшелерінде құрылған ұсыныстарды жетекшілікке
алу қажет. Екі пирамиданың, призма мен пирамиданың, екі
призма беттерінің қиылысу сызығын салу барысында көмекші
жазықтықтар ретінде жалпы жағдайдағы жазықтықты қолдануға
болады:
1) егер екі пирамида беттерінің қиылысу сызығы салынатын
болса, онда көмекші жазықтықтар пирамидалардың төбелері
арқылы өтеді;
2) пирамида мен призма беттерінің қиылысу сызығын салу
барысында пирамиданың төбесі арқылы өтетін көмекші
жазықтықтарды призманың бүйір қырларына параллель күйінде
қолдану керек.
3) Екі призма беттерінің қиылысу сызығын салу үшін екі
призманың бүйір қырларына параллель көмекші жазықтықтарды
қолдану қажет.
Аталған жазықтықтар оның төбесі арқылы өтетін түзулер
бойынша пирамида бетін, оның бүйір қырларына параллель
түзулер бойынша призма бетін қияды. Бұл жағдайлар қатарында
графикалық салулардың көлемі айтарлықтай қысқартады жəне