Фонитика-фонематикалық қабылдауының ерекшеліктері 0-1 жас аралығы



Дата08.04.2020
өлшемі471,61 Kb.
#61980
Байланысты:
Дыбыс айту бұзылысы № 2


Жасы

Фонитика-фонематикалық қабылдауының ерекшеліктері

0-1 жас аралығы

Бала осы кезеңде айналадан тек дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Осы кезеңде бала  дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады немесе мүлдем айтпайды.

3 жаста

Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тісөңірлік «Т», «Д» , еріндік-тістік «Ф», «В» сигматизм байқалады. «Ш», «Ж», «Ч», «Щ» дыбыстары «С», «З» дыбыстарына,  «Р». «Л» дыбыстары «Й», «ЛЬ» дыбыстарына, «Қ», «Г», «Х» дыбыстары «Т» немесе «Д»  дыбыстарына алмастырылып айтылады

4 жаста

Дыбыстардың айтылуы тұрақсыз болыды. Ысқырық дыбыстардың айтуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «Р», «Л» дыбыстары әлі де дұрыс айтылмайды, олар «Й», «В» дыбыстарына алмастырылады.

5-6 жаста

Ысқырық, ызың және «К», «Г» «Х» дыбыстары балада дұрыс қалыптасуы мүмкін.

7 жаста

Осы жаста артикуляциясы күрделі «Р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылып отырылады.

Дыбыс айтуда фонитика-фонематикалық қабылдауының дамуы

Тыныс алу жаттығулары
  • Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан

  • кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.

    Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады.

    Осы жаттығуды жіпке ілінген «ақшақарларды» да қолданып орындауға болады.


Тілдік гимнастика

Сымбаттылық әліппесі

«Денеңді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет.

Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.

Тілдік гимнастика

«Түзу отыр» - орындыққа түзу отырыңыз. Басыңызды тік және сәл төмен ұстаңыз, иегіңізді жоғары көтермеңіз.



Осы қалып сабақ барысындағы арнайы жұмыс сәтінде ғана емес, күнделікті өмірде де әдеттегі, шынайы дене бітіміне айналуы тиіс. Естеріңізде болсын, жаттығулар жолымен сіз де өзіңіздің дене сымбатыңызды осы қалыпқа келтіре аласыз.

«Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою) Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, оны бастан асыра жоғары көтеріп, бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет