1. Циклон ауа қысымы төмендеуінен атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ауа массасы. Оның диаметрі бірнеше мың шықырымға дейін барады. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады



бет1/3
Дата15.12.2021
өлшемі20,34 Kb.
#100855
  1   2   3
Байланысты:
wbrkjy.;tk


1. Циклон – ауа қысымы төмендеуінен атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болатын ауа массасы. Оның диаметрі бірнеше мың шықырымға дейін барады. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Циклондағы ауа массасы солтүстік жартышарда сағат тіліне қарсы, ал оңтүстік жартышарда сағат тілімен айналады. Атмосферадағы ауа қысымы төмендеген кезде циклон қуаты азаяды. Циклондар Жердің айналу күшіне қатысты Кориолис күшінің әсерінен қалыптасады. Циклон көбіне атмосфераның жер бетіндегі қабатының ауа ағындарын параллель жылы және суық ауаға бөліп тұратын тұрақты атмосфера шебі үстінде қалыптасады. Бұл шептен жоғары биіктік шеп зонасы орналасады. Циклон қамтитын өңірдің ені кейде 1000 — 3000 км-ге жетеді. Жаңа Циклон өткен кезде ауа райы бұзылып, жылы шептің жақындағаны (жел күшейеді, шарбы бұлт қоюланады) сезіледі. Жаңа Циклонның суық шебінің өтуі (будақ жаңбырлы бұлттан нөсер жаңбыр жауады) суық ауаның адвекция құбылысына жалғасады.

Антициклон (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі. Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады. Ені 2-3 мың , км-ге жетеді. Орталық бөлігінде ауа жоғарыдан төмен қарай құлдырайды да, барған сайын құрғай түседі. Антициклон орнаған кезде күн жылы, шуақты, ашық болады. Қыс кезінде тұман шығып, түнде аяздатуы мүмкін. Жазда антициклон кезінде жаңбыр жаумайды, соңы қуаңшылыққа баруы ықтимал. Мұз бен қар басып жатқан аймақта көп болады.Циклонның соңы антициклонға ұласады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет