Центр тяжести. Условия равновесия



Дата03.03.2023
өлшемі8,33 Mb.
#170930
түріСабақ
Байланысты:
Физика. 7 класс. Механика. Ауырлық центрі.Презентация. (1)

Ауырлық центрі. Ауырлық центрін анықтау

Өткен сабақты пысықтау

  • Күш моменті дегеніміз не?
  • Күш моменті қандай шамаларға тәуелді?
  • Күш моментінің өлшем бірлігі қандай?
  • Рычаг қандай шарт орындалғанда тепе-теңдікте бола алады?
  • Блок деген не? Оның түрлері.Олардың айырмашылықтары неде?
  • Көлбеу жазықтық не үшін қажет?
  • Көлбеу жасықтықтың пәкі қалай анықталады?
  • «Механиканың алтын ережесі» не дейді?

Рычаг — тіру нүктесін айнала қозғала алатын қатты дене
Күш моменті— күш пен айналып тұрған дене иінінің көбейтіндііне тең шама.
Моменттер ережесі: рычагты сағат тілі бойымен айналдыратын моменттердің қосындысы сағат тіліне қарсы айналдыратын моменттердің қосындысына тең болса рычаг тепе-теңдңкте болады.
Ауырлық күші — кез келген дененің Жерге тартылу күші.

Практикалық тапсырма:

  • Орындыққа тік отырып, сол тік күйінде орныңнан тұр. Алға ұмтылуға аяқты қозғауға болмайды.
  • Қорытынды жаса.

Сабақ тақырыбы

  • Ауырлық центрі.
  • Зертханалық жұмыс «Ауырлық центрін анықтау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Жаңа сабақ

  • Видео көру

Дене құламаса.
Тепе-теңдік деген не?
Тепе-теңдік — Денеге әсер ететін күш әсері басқа күшпен теңгерілгенде дененің тыныштықта болуы.
Денені қалай тепе-теңдікке келтіруге болады?
Ауырлық центрі деген не?
Бұл жағдайда дене ауырлық центрінен ілінген
Бұл көп күштерді бір ғана ауырлық күшімен өзгертуге бола ма?
C
l1
l2
Жүктер тепе-теңдікте болуы үшін белгілі бір нүктеден ғана ілу керек.
С
Ілген кезде дене тепе-теңдікте болатын нүкте ауырлық центрі деп аталады
Ауырлық центрін қалай анықтауға?

Зертханалық жұмыс

“Ауырлық центрін анықтау”


Дұрыс формалы біртекті денелердің ауырлық центрлері олардың геометриялық центірлерімен беттеседі.
С
С
С
С
Ал егер дене бұрыс формалы болса ше?
Дұрыс формалы біртекті денелердің ауырлық центрлері олардың геометриялық центірлерімен беттеседі.
Ауырлық центрі
Ауырлық центріне ілсек ше?

Есіңе сақта: Ауырлық центрі денеден тыс та болуы мүмкін! Мысалдар қарастыру, тәжірибеде тексеру

1.Ауырлық центрін білу неге өте маңызды?

  • а)Төмендегі үстелдердің қайсысы орнықты? Неге?

1.Ауырлық центрін білу неге өте маңызды?

  • Қорытынды: Қойылған дене тепе-теңдікте болуы үшін оның ауырлық центрі табан ауданына проекциялануы керек.Табан ауданы артқан сайын дене орнықтырақ болады.

1.Ауырлық центрін білу неге өте маңызды?


Сурет тепе- теңдікте болуы үшін қай
нүктеден ілу керек?

1.Ауырлық центрін білу неге өте маңызды?

  • Ілулі тұрған дене тепе-теңдікте болуы үшін ауырлық центрі аспа нүктесінен төмен орналасуы керек.(практикада бақылау)

Теп-теңдік қалпынан шығарылғаннан кейін бастапқы орнына қайтып келсе-орнықты тепе-теңдік
Бұл жағдайда ауырлық центрі айналу өсінен төмен орналасады.
Теп-теңдік қалпынан шығарылғаннан кейін бастапқы орнына қайтып келмесе-орнықсыз тепе-теңдік
Бұл жағдайда ауырлық центрі айналу өсінен жоғары орналасады.
Егер денені ығыстырғаннан кейін сол орнында қала беретін болса, бұл тепе –теңдік талғаусыз.
Айналу осі ауырлық центрі арқылы өтеді. Дененің ауырлық центрінің деңгейі өзгермейді.
С
450
С

Бекіту тапсырмасын орындау

Жеке жұмыс

Дескриптор

1Массалар центрін анықтай алады

2.Денеден тыс орналасқан массалар центрін анықтай алады

3.Денелердің орнықтылығын бағалай алады

4.Тепе-теңдіктегі денені анықтай алады

5.Массалар центрін анықтай алады

6.Тепе-теңдіктің түрлерін біледі

 

 

Қосымша тапсырма:

Суреттерді орнықтылығы бойынша бағала:

Қорытындылау:

  • Кез келген дене көптеген бөліктерден тұрады деп қарастыруға болады. Оның әр бөлігіне ауырлық күші түседі. Денеге әсер ететін сол ауырлық күштерінің қосындысы қорытқы ауырлық күші болып табылады. Қорытқы ауырлық күші түсетін нүкте ауырлық центрі немесе массалар центрі деп аталады

рефлексия:

  • Жасыл - жақсы ұқтым
  • сары - кейбір сұрақтарым бар
  • қызыл – ұқпадым
  • Үй тапсырмасы: Твиг билим және билим ленд видеоларын көру



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет