ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ – ТАБЫСТЫ ОРТА
Жусупова Г.С.,
гуманитарлық ғылым магистрі, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты
Садыкова А. А.,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Жданов жалпы білім беретін мектебі» КММ
Аннотация
Автор мақалада оқу мен оқытудың нәтижесінде табысты орта құрудың мүмкіндіктері берілген. Білім беруде табысты орта қалыпттастырудың тәсілі ретінде ынтымақтастық және бірлескен оқудың маңыздылығын анықтайды. Бірлескен оқудың сипаттамасын көрсету арқылы табысты оқытудың нәтижесінде жұмыс түрлерінің (топтық, жұптық) әлеуметтік өзара әрекеттестік, тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыту арқылы табысты ортаның маңыздылығын дәлелдейді.
Аннотация
В статье представлены возможности создания успешной среды в результате обучения. В нем определяется важность сотрудничества и коллаборативного обучения как способа создания успешной среды в образовании. Это доказывает важность успешной среды через развитие социального взаимодействия, эффективного общения и навыков решения проблем в результате успешного обучения через описание коллаборативного обучения.
Аnnotation
The article presents the possibilities of creating a successful environment as а result of training. It defines the importance of collaboration and collaborative learning as a way to create a successful environment in education. This proves the importance of a successful environment through the development of social interaction, effective communication and problem-solving skills as a result of successful learning through the description of collaborative learning.
Табысты орта – күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін орта, яғни қарым-қатынас пен өзара әрекетті ұйымдастыру, ал оқу мен оқытудың негізі - табысты орта құру.
Табысты орта – өзара іс-әрекет жасаудың жеке бір философиясы болса, оқу мен оқыту нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылатын табысты білім беру ортасының мүмкіндіктері маңызды болып отыр.
Табысты білім беру ортасы – бұл оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық жағдаяттардың жиынтығы. Табысты орта білім беру кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Зерттеушілердің жалпы орта туралы мынандай пікірлеріне сүйенсек, ғалым Дж. Руссоның пікірінше, тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру үшін оқушының қажеттіліктері мен қабілеті үйлесімді болатындай ерекше «білім беру ортасын» құру қажет. Мұндай табысты орта адамның ішкі өзегін, таңдау еркіндігін, дербестікті дамытуға мүмкіндік береді, өйткені ол алған білімнің көлеміне емес, танымдағы өзіндік жеке жолды таңдай білуге, шешім қабылдаудағы дербестікке баса мән беруді білдіреді.
Ал, Селестин Френеттің көзқарасы бойынша білім беру ортасын құру арқылы тұлғаның өзін-өзі дамытуға, баланың субъективті тәжірибені меңгеруіне ерекше көңіл бөлуде тұлғаның өзін-өзі тануын дамытады [1].
Отандық педагогтердің түсінігінде, орта сыртқы жағдайларда тұлға аралық және топ аралық қарым-қатынастарды, ішкі жағдайда – оқушының эмоционалды портреті, өзін-өзі бағалау және рефлексия, дүниенің құнды бейнесі.
Демек, білім беру процесіндегі табысты орта белгілі бір нәтижеге жеткізеді. Яғни, оқу мен оқытудың субъектісі оқушы болатын болса, ол тек табысты ортада ғана өз-өзін реттейді, басқарады және бағалайды. Нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиеттері ашылатын жүйелі түрде қалыптасқан кеңістік болып табылады.
Табысты орта құруда «ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың» маңызы зор.
Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, яғни проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс жасауын білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімін тіл табысу, сөйлесу, өзара әрекеттесу арқылы білім алады.
Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамаларына тоқталсақ, бірлескен оқу арқылы оқушылар:
ақпаратты игеруде және өздері игерген мәліметті алдыңғы білімдерімен байланыстырады;
тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың бір-бірімен белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етуі;
қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысу арқылы ақпарат алуы;
оқу оқушылардың бір-бірімен сөйлесуі кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында дамиды;
оқудың табысты ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады[3].
Бірлескен оқу үдерісінің негізінде табысты орта жылдам қалыптасады, яғни құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Демек, бірлескен оқыту мен оқудың нәтижесінде табысты орта қалыптастыруда тотық, жұптық жұмыс түрлері де маңызды рөл атқарады. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Жақсы ұйымдастырылған жұмыс түрлері оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуды көздейді. Мұндай жұмыс түрлері әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларды дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнағансоң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.
Оқу мен оқытуда табысты ортаны құруда әлеуметтік өзара әрекеттестікте топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларын төзімді болуға үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.
Тиімді топтық қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады. Бұл жағдайда оқушылар білуге тиісті негізгі ережеге сәйкес көмектесу, көмек сұрау, топтық шешім қабылдау, түсініктеме беру, қолдау, сұрақ қою, оған дұрыс жауап беру т.б. белгілері табысты орта құрудың шешімдері болады.
Проблемаларды шешу стратегияларын қолдануда топтық, жұптық жұмыстар – оқытудың өте ықпалды тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл уақытты ұтымды пайдалану, инновациялық көзқарастар мен идеяларды тұжырымдауға, талқылауға, топ ішіндегі рөлдерді анықтау немесе бөліп қарастыру, бір келісімге қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызады [2].
Ынтымақтастық оқу мен оқытуда табысты ортаның нәтижесінде қарым-қатынас, өзін-өзі тану, таныту, басқаларды қолдау, бақылау және басқа ақпараттар туралы хабардар болу т.б. дағдылары дамиды.
Қорытындылай келе, оқу мен оқыту үдерісінде табысты орта құру маңызды болғандықтан, әр оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру бүгінгі білім берудің маңызды талаптырының бірі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ананьина Ю. В., Блинов В. И., Сергеев И. С. Образовательная среда: развитие образовательной среды среднего профессионального образования в условиях сетевой кластерной интеграции // М.: ООО «АВАНГЛИОН-ПРИНТ. 2012.
2. Щербакова Т. Н. К вопросу о структуре образовательной среды учебных учреждений // Молодой ученый. 2012. №5.
3. Oxford R. Teaching and Researching Language Learning Strategies. Pearson Longman. 2011
Достарыңызбен бөлісу: |