Балалардың шығармашылық бірлестіктерінің формалары



Дата08.02.2022
өлшемі24,57 Kb.
#118008
түріҚұрамы
Байланысты:
бирлест3к
укк, 24 ART-технологии и комп. моделирование каз. русс., 24 ART-технологии и комп. моделирование каз. русс., 15 билет

Балалардың шығармашылық бірлестіктерінің формалары

Балалар бірлестігінің басты принципі- әрбір балаға таңдау еркіндігін беру болып табылады.



  • Әрбір бала бірнеше бірлестікке мүше бола алады, өз қалауы бойынша бірінен-екіншісіне ауыса алады.

  • Бірлестік бағдарламалары белгілі бір бағытта немесе кешенді интеграцияланған болуы да мүмкін.

  • Бірлестік құрамы, сабақтардың ұзақтығы, мекеменің жарғысымен анықталады.

Просмотр содержимого документа
«Балалардың шығармашылық бірлестіктерінің формалары»
Балалардың шығармашылық бірлестіктерінің формалары
Балалар бірлестігінің басты принципі- әрбір балаға таңдау еркіндігін беру болып табылады.

  • Әрбір бала бірнеше бірлестікке мүше бола алады, өз қалауы бойынша бірінен-екіншісіне ауыса алады.

  • Бірлестік бағдарламалары белгілі бір бағытта немесе кешенді интеграцияланған болуы да мүмкін.

  • Бірлестік құрамы, сабақтардың ұзақтығы, мекеменің жарғысымен анықталады.

  • Сабақтар жеке,топтық және бірлестіктегі оқушылардың толық қатысуымен өткізілуі мүмкін.

  • Бірлестіктегі сабақтардың кестесі балаларға еңбек пен демалыстың оңтайлы режимін құру мақсатын көздейді, бұл жерде ата-аналардың қалауы, балалардың жас ерекшеліктері және санитарлық гигиеналық нормалар да ескеріледі.

  • Бірлестік жұмыстарына балалардың ата-аналары да қатыса алады. Ата-аналардың қатысуы үшін басшылықтың рұқсаты керектігін және ата-аналар бірлестіктің негізгі құрамына кіре алмайтындығын айтып кету керек.

Қосымша білім беру саласындағы балалар шыңармашылық бірлестіктерінің түрлері: үйірмелер, клубтар, студиялар.
Үйірмелер-қосымша білім беру жүйесіндегі дәстүрлі және кең тараған еркін формадағы бірлестік түрі. Тарихи деректер бойынша үйірмелер алғашқыда адамдар бірлестігінің ерекше түрі ретінде кейіннен сабақтан тыс, мектептен тыс жұмыс формасы ретінде қалыптасқан.
Мектептен тыс,сабақтан тыс жұмыс формасы ретінде үйірме келесі функцияларды атқарады:

  • Компенсаторлық пәндер бойынша білім беруді тереңдету және кеңейту;

  • Балаларды мәдени-әлеуметтік іс-әрекетке тарту;

  • Коммуникативтік тәжірибесін кеңейту;

  • Балалардың бос уақыты мен демалысын тиімді ұйымдастыру;

Қосымша білім беру мекемелерінде үйірмелер баланың жеке қажеттілігі мен қалауын, белгілі бір әрекет түріне деген қызығушылығын, белсенді шығармашылық қабілетін бекітудің бастапқы кезеңін анықтайды.
Үйірме – ол ең алдымен бала үшін тиімді әрекет және қарым-қатынас жасай білуді үйрену ортасы. Үйірмеде бала өз мүмкіншілігін байқауға, қызықтырған әрекет сферасына бейімделуін анықтауға мүмкіншілік алады.
Үйірмелер балалардың алуан түрлі қажеттілігі мен қызығушылығын арттыруға, бойындағы ерекше қабілетін анықтауға және болашақта дамыту мүмкіншілігін алудың таптырмас түрі деуге болады.
Үйірме сабақтарының сәтті өтуі, балалардың қызығушылығын тұрақтандыра алуы, ұстаздың кәсіби біліктілігімен жеке сапаларына да байланысты болады.
Үйірмедегі жұмыс ахуалы, көлемі, ритмі, ұзақтылығы еркіндік, өзін-өзі басқару және қарым-қатынастың ресми емес ерікті сипатта құрылу принциптеріне негізделеді.
Үйірме сабақтарын ойын, сайыс, жарыс, диалог т.б баланы қызықтыратындай, тартымды формаларда өткізу маңызды.
Бала үйірмеде өзі ұнататын жұмыс түрімен айналысып қана қоймай, сол әрекеттің жемісін өз жетістігім деп қабылдаса, бұл баланың дамуына орасан үлес болар еді.
Үйірме жұмысының қорытындысы ретінде концерт, қойылымдар, фестиваль, көрме т.б жұмыстарды көпшілікке (ата-аналар, мұғалімдер, құрбы-құрдастарға) ұсыну өте маңызды.
Өкінішке орай мектептерде жыл басында балалардың үйірмеге қатысу белсенділігінің жоғары болғанына қарамастан, жыл соңында бұл үрдістің күрт бәсеңдеуін байқаймыз. Осындай жағдайды болдырмау үшін ұйымдастырушы-педагог үйірме жоспарын дұрыс құрып, үйірме сабақтарын мазмұнды және тартымды өткізіп , оқыту мен тәрбие берудің жаңа технологияларының ұтымды элементтерін пайдаланғануы керек.
Клуб – бос уақыт пен демалысты тиімді өткізуге, қарым-қатынас қажеттілігіне, қызығушылық сәйкестігіне негізделген балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
Клубтардың негізгі принциптері:

  • Клубқа мүше болу еріктігі;

  • Өзін-өзі басқару;

  • Мақсат-мүдделерінің ортақ болуы;

  • Ортақ әрекет пен қарым-қатынастың болуы;

Клубтың жарғысы, бағдарламасы, ережелері, эмблемасы, ұраны т.б атрибуттары болуы мүмкін. Клуб жиналыста сайланған клуб кеңесімен басқарылады. Клубтар типологиясы:

  • Әрекеттік масштабына қарай (көпсалалы,бірсалалы)

  • Әрекеттің түріне қарай (оқу,пікірталас,шығармашылық, бос уақытты ұйымдастыру т.б)

  • Ұйымдастырушылық дәрежесіне қарай (ресми, формальды емес)

  • Мүшелерінің жас ерекшелігіне қарай (әр түрлі жас ерекшеліктегі, белгілі бір жастығылар)

  • Уақыт факторына қарай (уақытша, тұрақты) болып бөлінеді.

Қосымша білім беру саласында клуб бірлестіктерінің жұмысы тәрбиенің мәдени-әлеуметтік технологиясы ретінде бола алады.
Педагогтармен, ұжыммен, мекемемен тиімді ойластырылып, қалыптасқан клуб жұмысы балалар тобында жағымды психологиялық ахуал туғызу арқылы тартымды еркін түрде білім, денсаулық, шығармашылық ойлау құндылықтарына позитивтік көзқарастарын қалыптастыратын тәрбие ортасына айналуы керек.
Клуб жұмысының нәтижесі ретінде баланың шығармашылық ойлау, рефлексия жасау,жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру техникасы мен әдіс-тәсілдерін меңгеруін айтуға болады.
Студия – белгілі бір әрекет түрі бойынша, ортақ міндеттермен әрекеттестік құндылықтары, тұлғааралық қарым-қатынастардың эмоционалдық белгісі бойынша біріккен шығармашылық ұжым.
«Студия» латын тілінен – «ынтамен шұғылданамын», ал итальян тілінен – «оқыту,зерттеу бөлмесі» деп аударылады. Итальяндық аудармаға сүйене отырып, студия – белгілі бір салада білім мен іскерлікті игерудің арнайы дайындалып, жабдықталып ұйымдастырылатын орны деуге болады. Ол театр-студия, киностудия, музыкалық хореографиялық студиясы т.б болуы мүмкін.
Осындай студиялар мекеменің жеке құрылымдық бөліміне де айналып жатады. Студияларда оқу процесінің ұйымдастырылуы (оқыту кезеңдері сатылары) бар, шығармашылық нәтиженің сапасын бағалау органдары бар (мысалы көркемдік кеңес)болуымен ерекшеленеді. Көбіне студияларда конкурс түріндегі іріктеуде балалардың өнер түріне бейімділіктері анықталып жатады (хореографиялық,бейнелеу,әдеби-шығармашылық т.б)
Студиялардың негізгі мақсаты –ерте кезден балалардың бойындағы дарындылығын анықтау, оны қолдау,әрі қарай дамыту. Студия сөзінің негізгі мәні: көркемөнерпаздықтың белгілі бір түрі бойынша білім алу өзін-өзі дамытуға байланысты шығармашылық әрекет жасау, өздігінен ынтамен шұғылдану. Сонымен, студиялар-жеке тұлғаның бойындағы шығармашылық пен дарындылықты анықтауға, белгілі бір әрекет саласындағы шұғылымпаздылыққа жан-жақты қолдау көрсету, әрі қарай дамуына барлық жағдай жасауға арналған орын деп айтуымызға болады. Басқа сөзбен студия -әрбір жеке тұлғаның қайталанбас даралық қабілеттерінің қалыптасауына жағдай жасалып жабдықталған орын. Студия ұғымымен театр, ансамбль ұғымдары да байланысып жатады.
Ансамбль – француз тілінен «бірге» деген мағына береді, жеке көркем шығармаларды бірлесіп орындайтын шығармашылық ұжым ретіндегі шағын топты айтамыз.
Театр – сахнадағы күрделі көркем әрекетті бірлесіп орындауда жетістікке жетуді көздейтін шығармашылық ұжым. Бұл ұжымда еңбек әректі мен рөлдерді бөлу әркімнің жеке қабілетіне негізделгенімен ортақ мақсаты сахнадағы күрделі көркем шығарманы бірігіп орындау арқылы ұтымды нәтижеге жету. Мысалы: «фольклорлық театр», «сән театры», "қуыршақ театры" т.б.
Әдебиеттер:

1.ЕвладоваЕ.Б.,МихайловаН.Н.,ЛогиноваЛ.Г.Дополнительное образование детей, М.:ВЛАДОС,2004


2.Исаева И.Ю. Досуговая педагогика,Москва «Флинта»,2010
3.Решетников П.Е.Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера-М.:ВЛАДОС, 2000

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет