Дәріс – Педагогтың кәсіби сапасы. Мұғалімдер типологиясы



Дата14.12.2019
өлшемі83,58 Kb.
#53602
Дәріс – 5. Педагогтың кәсіби сапасы.


  1. Мұғалімдер типологиясы.

Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімдер типологиясының түрлі классификациясы бар. Оның бірі белгілі педагог В. Н.Сороко - Росинскийдікі. Ол мұғалімдерді қатынас стилдеріне қарай бірнеше түрге бөледі. Олар:



1. Педагог - теорик. Оларда нақты өмірден теория және жаңа ойлар басым тұрады. Ондай мұғалімдер пәнді және оның әдістемесін жақсы біледі, бірақ тәжірибеде осалдық көрсетеді, оқушылармен қарым - қатынаста нашар.

2. Педагог - реалист. ол теоретик мұғалімге қарама - қайшы тұлға. Адамды оның көңіл - күйін жақсы сезеді. олардың осал жерлері өздерінің тәжірибесін теориялық негізде жеткізе алмайды.

3. Педагог - утилитарист. Ол реалистпен ұқсас, адам жанын жақсы түсінеді. Бірақ оқушыны ықпал ету объектісі ретінде ғана көреді. Оның мықты жері өткен материалды сұрау немесе түсіндіру емес, керісінше бекіту және қайталау.

4. Педагог - әртіс. Олардың ерекшелігі шабыт және интуиция әрекет етуі. бұл олардың мықты және сол кезде осал жағы. Ол сабақты эмоционалды, тартымды түрде өткізеді, бірақ ол оның көңіл - күйіне байланысты болады.

Бұл аталған топтар таза күйінде кездеспейді.. В.Н.Сороко - Росинскийдің айтуы бойынша ешбір топқа да жатпайтын мұғалімдер кездеседі.

В.И.Андреев мұғалімнің шығармашылық тұлғасының жалпы типологиясын былайша көрсетеді:


  1. теоретик-логик (логикалық қорытындылауға қабілетті);

  2. теоретик-интитувист (үлкен өнертапқыштар, жаңа ғылыми теориялар жасаушы ғалымдар );

  3. экспериментатор (практик, жаңа гипотезаларды экспериментте тексеруші, практикалық іске қызығушылығы басым);

  4. ұйымдастырушы (жаңа идеяларды, ғылыми мектептерді ұйымдастыруға жоғары қабілетті);

  5. инициатор (шығармашылық мәселелерді шешуде инициатива білдіруші және оның орындалуына күш-жігерін жұмсаушы).

М.Ә.Құдайқұлов мұндай ерекшеліктердің негізінде шығармашыл мұғалім тұлғасының модельдік түрлерін көрсетеді:

  1. Педагог-лидер – жаңа идеяны ұсынады;

  2. Педагог-генератор – жаңа педагогикалық идеяны тудырады;

  3. Педагог-энтузиаст – ізденушілігімен балаларды еліктіреді;

  4. Педагог-зерттеуші – озат тәжірибені бақылайды, жинайды, зерттейді, талдайды, өз моделін құрады.

Э.Г.Костяшкин интеллектуалдық еріктік сала ерекшеліктеріне орай төрт типті белгіледі:

  • интеллектуалдық

  • эмоционалдық

  • еріктік

  • ұйымдастырушылық.

Я. Корчак жеке тұлғалық ұстанымына қарай төмендегідей топтады:

  • Тәрбиеші -тиран (мейірімсіз билеуші)

  • Атаққұмар тәрбиеші;

  • Ақылды тәрбиеші

Жеке тұлғалық бағыттылығының басым болуына қарай мұғалімдер:

  • Ұйымдастырушы

  • Пән мұғалімі

  • Пән мұғалімі -ұйымдастырушы

  • Коммуникатор

  • Мұғалім- интеллегент (ағартушы)

Әрбір мұғалімнің өз типологиясын білуі өзін - өзі тәрбиелеу жетілдірудің басты компоненті.

Мұғалім педагогикалық үрдістің субьктісі ретінде.

Мұғалім – тәрбиелеу және оқыту саласында тәжірибелік жұмысты іске асырушы адам :мектеп мұғалімі , балалар үйінің, мектепке дейнгі мекемелердің тәрбиешілері, лицейде, колледжде, жоғарғы оқу орындарының оқытушысы.



Педагогикалық қызметке дайындықты қалыптастыру жолдары :

  1. Педагогикалық сананың қалыптасуы

► Мен-тұжырымдамасы

► Т-тұжырымдамасы (тәрбиеленуші тұжырымдамасы)

►Ә-тұжырымдамасы (әрекеттің тұжырымдамасы)


  1. Тәрбиелеу және оқыту технологияларын меңгеру

  2. Педагогикалық техниканы меңгеру

  3. Педагогикалық қабілеттерге ие болу

◙ коммуникативтік

◙ прогностикалық

◙ дидактикалық

◙ ұйымдастырушылық

◙ перцептивтік

◙ конструктивтік

◙ гностикалық

◙ экспрессивтік



« Біз мұғалімдерге былай істі ,не болмаса былай істе деуден аулақпыз , бірақ басқаларды басқару үшін, оларға ықпал жасау үшін сол мәселеге қатысты психикалық құбылыстарды зерттеу заңдылықтарын білуі керек » К. Д. Ушинский.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. «Маман моделі» ұғымына сипаттама беріңіз?

  2. Қазақстандық ғалымдардың жасаған маман моделдеріне шолу жасаңыз?

  3. Мұғалімдік профессиограмма дегенді қалай түсінесіз?

  4. Мұғалімдер типологиясына сипаттама беріңіз?


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын құрылымы:

  1. профессиограмма

  2. бейімділік

  3. бағыт

  4. құрамы

  5. қабілеті

2.Баланың дамуында қандай фактор айқындаушы рөл атқарады?

  1. Тұқым қуушылық факторы.

  2. Айнала орта факторы.

  3. Қарым-қатынас факторы.

  4. Тәрбие факторы.

  5. Іс-әрекет факторы.


3.Тұлғаның даму процесінің дамытушы күштері:

  1. Жағдайлар.

  2. Факторлар.

  3. Оқу, білім алу.

  4. Оқыту, білім беру.

  5. Жаттығулар.

4.Адамгершілік тәрбиесінің негізін құрайды…

  1. эстетика

  1. этика

  2. педагогика

  3. философия

  4. психология

5.Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттеріне не жатады

  1. ерік- жігерді қалыптастыру

  2. парасатталық пен ар – ұятты тәрбиелеу

  3. әдептілікке тәрбиелеу

  4. адамгершілік сезім, сана, мінез- құлық нормаларын қалыптастыру

  5. мәдениеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

6. Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда неге байланысты болады?

  1. еңбекке деген жауапкершілік

  2. ұжымның климатына

  3. мектеп әкімшілігінің көзқарасына

  4. түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне

  5. балаға деген сүйіспеншілікке

7.Педагогика ғылымының докторы М.Сарыбеков мұғалім моделін неше түрін белгіледі?

  1. 5

  2. 6

  3. 7

  4. 8

  5. 9

8. Оларда нақты өмірден теория және жаңа ойлар басым тұрады. Ондай мұғалімдер пәнді және оның әдістемесін жақсы біледі, бірақ тәжірибеде осалдық көрсетеді, оқушылармен қарым - қатынаста нашар.

  1. Педагог – реалист

  2. Педагог – теорик

  3. Педагог – утилитарист

  4. Педагог - әртіс

  5. Тәрбиеші -тиран

9. Ол реалистпен ұқсас, адам жанын жақсы түсінеді. Бірақ оқушыны ықпал ету объектісі ретінде ғана көреді. Оның мықты жері өткен материалды сұрау немесе түсіндіру емес, керісінше бекіту және қайталау.

  1. Педагог – реалист

  2. Педагог – теорик

  3. Педагог – утилитарист

  4. Педагог - әртіс

  5. Тәрбиеші -тиран

10. Ол реалистпен ұқсас, адам жанын жақсы түсінеді. Бірақ оқушыны ықпал ету объектісі ретінде ғана көреді. Оның мықты жері өткен материалды сұрау немесе түсіндіру емес, керісінше бекіту және қайталау.

  1. Педагог – реалист

  2. Педагог – теорик

  3. Педагог – утилитарист

  4. Педагог - әртіс

  5. Тәрбиеші -тиран

11. Олардың ерекшелігі шабыт және интуиция әрекет етуі. бұл олардың мықты және сол кезде осал жағы. Ол сабақты эмоционалды, тартымды түрде өткізеді, бірақ ол оның көңіл - күйіне байланысты болады.

  1. Педагог – реалист

  2. Педагог – теорик

  3. Педагог – утилитарист

  4. Педагог - әртіс

  5. Тәрбиеші -тиран

12.В.Н. Сорока –Росинский мұғалімдер типологиясын қандай белгілерге қарай топтады?

  1. Құндылық бағыттар сиппаттарына қарай

  2. Интеллектуалдық жігерлік сферасына қарай

  3. Жеке тұлғалық ұстанымына қарай

  4. Жеке тұлғалық бағытына қарай

  5. Кәсіби қабілетіне қарай

13. Э. Г. Костяшкин мұғалімдер типологиясын қандай белгілерге қарай топтады?

    1. Құндылық бағыттар сиппаттарына қарай

    2. Интеллектуалдық жігерлік сферасына қарай

    3. Жеке тұлғалық ұстанымына қарай

    4. Жеке тұлғалық бағытына қарай

    5. Кәсіби қабілетіне қарай

14. Я. Корчак мұғалімдер типологиясын қандай белгілерге қарай топтады?

  1. Құндылық бағыттар сиппаттарына қарай

  2. Интеллектуалдық жігерлік сферасына қарай

  3. Жеке тұлғалық ұстанымына қарай

  4. Жеке тұлғалық бағытына қарай

  5. Кәсіби қабілетіне қарай

15.Бұл интеллигент, ой еңбегінің жоғары классификациялық жұмысшысы, жалпы және арнаулы білімдер, ептіліктер мен дағдылар, қажетті сапа мен қасиеттерден тұратын кешенді игерген тұлға.

    1. Маман

    2. Индивид

    3. Теоретик

    4. Ұйымдастырушы

    5. Тәрбиеші

Дәріс – 6. Педагогтың кәсіби біліктілігі
Жоспар:

1. «Кәсіби біліктілік» ұғымы.

2. Педагогтың кәсіби құзыреттілік құрылымы педагогикалық біліктілік жиынтығы.

3. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және педагогикалық шеберлігі
1. Ұстаздың өз бетiнше бiлiм жетiлдiруi, осы саладағы үздiксiз iзденiсi, озат тәжiрибенi қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, iскерлiк негiздерi- педагогикалық бiлiктiлiкке жеткiзудiң бiр жолы болып саналады. Мұғалiм бiлiктiлiгi, оның әдептiлiгi мен сыпайылығына, жүрiс тұрысына, киiм- киiсiне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруiне, өзiнiң мiнез- құлқын басқаруына байланысты. Өйткенi,мұғалiм сахнадағы актёр сияқты әрқашан оқушылардың көз алдында болады, ал бала бәрiн байқап таниды. Мұғалiмдердi педагогтiк бiлiктiлiкке үйрету- педагогтiк оқу орнында оқып жүрген кезде басталады. Бұл iске студенттерге психология, педагогика пәндерiнен жүйелi бiлiм беру, педагогикалық шеберлiк негiздерi, көрнекi және жаңашыл педагогтардың iс- тәжiрибесi бойынша арнаулы курстар ұйымдастыру, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, педагогикалық практиканы мәндi өткiзу, өз бетiнше жұмыс жасауға үйрету ерекше орын алады.

Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша) білім мұғалімнің біліктілігі үшін маңызды, бірақ жеткіліксіз шарт, өйткені көптеген теориялық-практикалық және әдістемелік білім интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдының тек алғы шартты ғана болады.

Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады.

Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктілік үш компоненттен тұрады.



  1. Тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмассақ, инновациялық тәжірибемен алмасу, өзінің іс-тәжірибесімен қорытып, басқаға бере білу білігі.

  2. Оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажеті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі тәсілі, әртүрлі білім процесі мен жүйелері мазмұны түрі, әдістері және педагогикалық шындықты туғызу білігі.

  3. Кәсіби білікті мұғалім рефлекцияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне қабілетті.

Педагогика мен психологияда «білік» ұғымының әртүрлі түсініктемелері бар. Олардың бірінде білік меңгерілген іс-әрекет ретінде, енді біреулерінде бар білімді пайдалану тәсілі ретінде, дағды жиынтығы ретінде айтылған «Білік» іс-әрекетті саналы түрде меңгеру, сол меңгеру нәтижесінде іс-әрекетті тиімді орындау мүмкіндігі туады.

В.А.Сластенин барлық педагогиалық білікті 4 топқа біріктіреді.

1. Обьективті педагогикалық шындықтың, тәрбиенің обьективті нақты педагогикалық мақсатқа көшуіру білігі, яғни жеке тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді меңгеруге дайындық деңгейін анықтау үшін зерттеу және соның негізінде олардың дамуын бейнелеу, алғашқы білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды анықтау.

2. Логикалық тұрғыдан аяқталған педагогикалық жүйені жүзеге асыру білігі (білім, тәрбие жұмыстарын жоспарлаудан, білім беру үрдісінің мазмұнын таңдап алғаннан бастап оның ұйымдастыру түрлерін, әдістерін және құралдарын анықтағанға дейін).

3. Тәрбиенің әртүрлі компоненттері мен факторлардың арасында байланыс орнату, оларды іске қосу білігі, қажетті материалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, валеологиялық және басқа жағдайларды жасау білігі, мектепті ортамен байланыстыруды қамтамаасыз ету білігі, оқушы тұлғасын белсендіру білігі, оның іс-әрекетін тәрбиенің обьектісінен субьектісіне айналдыратындай етіп дамыту, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру білігі.

4. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін еспке алу және бағалау білігі, яғни оқу үрдісін және басқа мұғалімнің іс-әрекетін талдау өзін-өзі талдау жүзеге асыру білігі, сол сияқты педагогикалық мақсаттың алғашқы және келесі кешенің анықтау білігі талап етіледі. Сондықтан, мұғалімнің теориялық, практикалық даярлығының мазмұны төмендегідей болуы шарт.



  • Танымдық бiлiктiлiк, ең алдымен, жеке бастың интелектуалдық мүмкiндiгi, мамандық еңбегiнiң негiзi болып саналады. Танымдық бiлiктiлiктi қалыптастыру үшiн адамның қабылдау, зейiн, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерiнiң бiрлiкте дамуы қажет. Мысалы, адамның байқағыштығы, өзiн- өзi бақылауы, кездескен жағдайда дұрыс таба бiлуi, ойлау процесiнiң дамуы үшiн талдау жасау, салыстыру, сәйкестiгiнен ажырату, нақтылай бiлу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл қасиет өзiн- өзi тәрбиелеу, оқу, бiлiм алу, еңбек процесi барысында тұтас қалыптасатын iскерлiк.

  • Құра бiлу (конструктивтiк) бiлiктiлiгi – оқу- тәрбие жұмысын моделдеу, жоспарлау, композициялық материялдарды iрiктеп алумен сипатталады. Оқушылардың жас және дара ерекшелiктерiне сай, оқу- тәрбие процесiнiң материялдық базасына сәйкес жұмысты реттi ұйымдастыра бiлу, Бұл бiлiктiлiктi меңгеру үшiн интелектуалдық қасиет, қабiлет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық логикалық ойлау қабiлеттерiмен тiкелей байланысты. Сондықтан құра бiлу бiлiктiлiгi танымдық бiлiктiлiгiмен ұштасып жататын қасиет.

  • Қарым- қатынас (комуникативтiк) бiлiктiлiгi-бұл мұғалiмнiң педагогикалық процестiң барысында адамдармен қарым- қатынас жасауға үйренуi. Қарым- қатынас тәсiлдерi ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере бiлуден басталады. Коммуникативтiк iскерлiктi тәрбиелеу үшiн, адам ең алдымен, басқа адамды түсiне бiлуi, тани бiлуi және өзiн де таныта, түсiндiре бiлуге үйренуi қажет. Екiншiден, өзiнiң ой-пiкiрiн, көңiл-күйiн, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пiкiрлескен адамға, ұжымға түсiндiре бiлуге және оларды да түсiне бiлуге үйренуi қажет. Үшiншiден, адамдармен қарым- қатынас барысында қажет болқан жағдайда, бет- бұрыс жасау сияқты мүмкiндiктердi басқара бiлу, оң шешiм таба бiлу. Осылардың нәтижесiнде мұғалiмге қарым – қатынас бейiмдiлiгi және ептiлiгi бар адамдармен оңай тiл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиетi қалыптасады.

  • ұйымдастырушылық бiлiктiлiк- бұл мұғалiм еңбегiнiң бөлiнбейтiн үнемi жүрiп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық процестi басқарудың негiзгi шарты. Бұл барлық педагогикалық бiлiктiлiктi бiр-бiрiмен байланыстырып басқаратын бiлiктiлiк болып табылады. ұйымдастырушылық бiлiктiлiктiң өзiндiк белгiлерi бар. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгiлеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бақалау, есеп беру, нақтылап объектiге зейiн қоя бiлу, кездесетiн кедергiнi тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза бiлу, iске қызығушылықпен кiрiсу, басқаларға ықпал жасау iс- әрекеттерiнен қүралады.

  • Хабарлау бiлiктiлiгi- жеке педагогикалық бiлiктiлiк болып саналады. Көбiне қатынас құралы ретiнде қарастырылады. Себебi қарым- қатынас хабарлама материялынсыз болуы мүмкiн емес. Информациялық бiлiктiлiк оқу- тәрбие процесiнiң оптималдылығын арттыруда шешушi орын алады. Оқу- бiлiм материалын терең, жан- жақты бiлу, оқу әдiстерiн меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етедi. Бұл бiлiктiлiк мұғалiммен дауысты үйлестiре бiлудi, көңiл- күй сезiмiмен сөйлеудi, сөздiң құдiреттi күшiн және дауыс үнiн, бет қимылды меңгере бiлудi талап етедi. Сөйлеу, әңгiмелесу, көрсете отырып түсiндiру, пiкiрлесу тыңдау, сұрақ- жауап айту тәсiлдерiн қолдану арқылы тыңдаушының зейiнiн аудару- мұғалiмнiң педагогикалық iс- әрекетiне қажет бiлiктiлiк.

  • Зерттеушiлiк бiлiктiлiк- әрбiр педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргiзудi жоспарлауды, сонымен қатар мұғалiм озат тәжiрибенi де өзiнiң тәжiрибесiне жинақтауды, оларға теориялық- практикалық негiзде талдау жасауды және мектеп өмiрiне ендiрудi қамтиды. Мұғалiмдiк мамандық- педагогтiк бiлiктiлiк, бiлiм шеңберi жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет- сапаларын ашып беруге мүмкiндiк жасайды. Мұғалiмнiң жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсiби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенiмi, белсен




  • Аналитикалық білік мынадай жеке бөліктерден тұрады:

Педагогикалық құбылыстарды талдау, яғни оларды құрушы бөліктерге бөлу (шартты себептері мотивті құралдары, түрлері).

  • педагогикалық құбылыстың әрбір элементінің басқа элементтермен байланысын түсіну.

  • Педагогикалық теориядағы қарастырылып отырған құбылысқа сәйкес келетін жағдайларды, қорытындыларды, заңдылықтарды табу.

  • педагогикалық құбылысқа дұрыс диагностика қою.

  • Педагогикалық мәселелерді шешудің ұғымды тәсілдерін табу.

Болжамдау білік мұғалімнің модельдеу, болжам қоя білу, ой эксперименті, әдістерді меңгеруді талап етеді.

Жобалау білік білім бері процесін жобалау барысында жүзеге асырылады.

Рефлексивті білік мұғалімді бақылау, бағалау іс-әрекетімен байланысты.

Дамытушылық білік оқушылардың еркі мен сезімін, таным үрдістерін дамыту үшін арнайы жағдайлар мен проблемалық ситуациялар туғызу оқушылардың бұрынғы алған білімін қолдануды талап етеін сұрақтар қою оқушылармен жеке қарым-қатынас орнату.

Бағдарлық білік оқушылардың білімі мен мүмкіндіктеріне сәйкес олардың іс-әрекетіне ынтасын тұрақты түрде қалыптастыру мен тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырумен байланысты.

Мұғалімнің перцептивті білігі қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде көрінеді, басқа адамды (оқушыны, мұғалімді) түсіне білу білігі. Бұл білікті жүзеге асыру үшін басқа адамның талғамын, ынтасын, бейімін, өмірге көзқарасын түсіне білуі.

Сонымен мұғалімнің кәсіби білігі мен оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізгі болып табылады.

Жоғарыда баяндалған білікті меңгеру мұғалімнің басты міндетінің бірі болып саналады.

Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық, әдістемелік білігімен, дағдысымен тығыз байланыста болу керек.

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінінң маңызды түрлерінің бірі оқытудың теориялық негіздерін біліп, мектепке әртүрлі тақырыптарды оқытқанда қолдана білу, ол үшін оның әдістемелік дайындығы болу қажет.



2. Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. Білім беру саласындағы «құзырлылық» түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетіндегі, ал 1980 жылдардың соңындағы әдебиеттерде кездесті. «Құзыреттілік» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзыреттілік табиғаты тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзыреттілік» - белгілі сала бойынша жан- жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу дегенді білдіреді».

Құзырет – (лат. «сompeteo» – жетемін, сай келемін, жараймын) белгілі бір сала бойынша білім, білік, дағдылардың, тұлғалық сапалардың жиынтығы.

Құзырет – білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқу арқылы алған білім алушының жалпы қабілеті .

Құзыреттілік – қандай да бір салада өмірдегі немесе кәсіби міндеттерді шешуге қолданылатын жинақталған қабілеттілік.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші – оның кәсіби шеберлігі мен өз кәсіби әрекетіне жауапкершілікпен оң қарауы. Ал, кәсіби шеберлік – кәсіби білім мен біліктің, оны практикада және оқытудың жаңа жағдайларында қолдана білудің жиынтығы.

Бiлiктiлiк” пен “құзыреттiлiк” ұғымдарын салыстыра келiп, О.Б. Ховов екiншi терминнiң бiрiншi терминнен гөрi мағынасы кең екенiн көрсетедi. Өйткенi оған бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен және iскерлiкпен қоса топта жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, коммуникативтiк қабiлет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу мен пайдалану т.б. iскерлiктер жатады. Бұл пiкiрден байқайтынымыз, автор “құзыреттiк” терминiн iс-әрекеттiлiк, және әлеуметтiк- коммуникативтiк өзектi белгiлердiң негiзiнде маманның жеке тұлғасына сүйене отырып, кәсiпке дайындау деңгейiнiң қосымша сипатын беру үшiн қолданады. Бұл қарастырып отырған ұғымның гуманизммен толығуына сай келедi, алайда оның белгiлерi жүйелеу мәселелерiн шеше алмайды.

Құзыреттiлiк, бiздiң ұғуымызда, жеке тұлғаның теориялық бiлiмi мен практикалық тәжiрибесiне сай белгiлi бiр мiндеттердi орындауға дайындығы және қабiлетi. Нақтылай айтып кеткен жөн, “дайындық ұғымы ,,бәрi орындалған, бiр нәрсе үшiн бәрi дайын,, дейтiндей жағдай мағынасын анықтау мүмкiндiгiн бiлдiру үшiн қолданылады. Бұл мағыналар құзыреттiлiктiң мәнi мен мазмұнын жеткiзiп, ашып тұрады. Құзыреттiлiк теория мен практиканың бiрлiгi негiзiнде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгiлi мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысымен нәтижелерiн талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер еңгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.



  1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет.

  2. Әлеуметтік құзыреттілік -кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

  3. Білім беру құзыреттілік - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Бүгінгі күнде ЖОО түлектері - ертеңгі түрлі мекемелердің қызметкерлері болатынын ұмытпауымыз керек. Құзыреттілікті модельдеудің практикалық құндылығы мыналардан тұрады, бұл құзыреттілік моделі «берік анықтылыққа» ие. Бұл дегеніміз, құзыреттілік моделі болжам жасайды, қалай адамдар қызметтерін атқаратынын, оның ішінде кәсіби жағдаяттары өзгергенде.Кейбір теориялық алдын ала шолу жасалған жете зерттелген құзыреттілік моделі жайлы қысқаша тоқтала кетейік.

Н.В.Кузьмина бойынша педагогтың кәсіби құзыреттілігі:

  • Оқытатын пән саласындағы арнайы кәсіби құзыреттілік;

  • Оқушылардың білім, іскерлігін қалыптастыру тәсілдері саласындағы әдістемелік құзыреттілік;

  • Қарым- қатынас үрдісі саласындағы әлеуметтік - педагогикалық құзыреттілік;

  • Оқушыларға бағыт беруде қабілет, түрткі саласындағы дифференциалды- психологиялық құзыреттілік;

  • Тұлғаның және өзіндік іс әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктер саласындағы аутопсихологиялық құзыреттілік.

А.К.Маркова бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілік құрылымы төмендегідей:

    • Кәсіби психологиялық және педагогикалық білімі;

  • Кәсіби педагогикалық іскерлігі;

  • Мамандық талап ететіндей мұғалімнің нұсқауы, кәсіби психологиялық ұстанымы.

  • Мұғалімнің білімі мен іскерлігін меңгеруді қамтамасыз ететін тұлғалық ерекшеліктері.

Құзыреттілік моделі /Р.Бояцис/

Құзыреттілік түрлері



Алынған




Табиғи




бейімделген



Білім

Іскерлік





Тұлғаның базалық сапасы




Жаңа жұмыс ортасында мақсатқа жетуге қажетті сапалар

Құзыреттілік деңгейлері /Т.Дюран/

Деңгейі

Интерпретация /Түсіндіруі/

  1. Қабілет

Сыртқы ақпаратты мен оңай түсінемін

  1. Ақпарат

Мен білемін, мен үйрендім, меңгердім, мен анықтадым.

  1. Білім

Мен ақпаратқа құрылымдық талдау жасадым. Мен оны басқа біреуге түсіндіре аламын.

  1. Дағды

Мен оны істей аламын.

  1. Ноу -хау

Мен оны қалай істеу керектігін білемін және оны басқаға қалай істеу керектігін көрсете аламын.

  1. Құзыреттілік

Мен басқаларға қарағанда не істеу керек және қалай оны істеу керектігін жақсы түсіндіруге қабілеттімін.

  1. Тәжірибе

Мен оны қалай істеймін, сонымен қатар, не істеу керек және оны не үшін істеу керек; оны қалай істеу керек екенін түсіндіре алатын сарапшымын.

Біліктілік пен құзыреттіліктің өзара байланысы

Құзыреттілік моделі

Дәстүрлі біліктілік моделі

  1. Нәтижеге бағдарлық / нәтижелерді бағалау мен бақылау механизмін жасау/

Оқыту нәтижесі / әр оқушыда әрқилы/

  1. Оқытудың ұзақтылық тапсырмасының «Жұмсақ» формасы . / Оқу «қадамы» дербестілікке тәуелді/

Оқытудың ұзақтылық тапсырмасының «Қатты» формасы. / Оқу «қадамы» дербестілікке тәуелсіз/

  1. Білім – іскерлік - дағды бағаланады, сонымен қатар тұлғалық сипаттама.

Білім – іскерлік – дағды бағаланады.

  1. Өлшем сапалы сипатқа ие және бірмағыналы белгілермен негізделеді.

Өлшем сандық сипатқа ие және тиісті мөлшермен негізделеді.

Құзіреттілік бірінші орынға болашақ маманның ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзіреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз кәсіби құзіреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік ретінде қарастырамыз.



Ұстаздың коммуникативтік құзіреттілігі - кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен ұтымды жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

Ақпараттың құзіреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

Регулятивтік /басқарушы/ құзіреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы - ізгілік, құндылык, болып табылады.

Интелектуалды — педагогикалық құзіреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.

Операционалдық құзіреттілік - ұстаздың қажетті кәсіби іс-әрекетін іске асырудағы дағдының жиынтығымен анықталады: болжамдық, жобалық, пәндік-әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық импровизация, сарапшылық.

Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А. Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадай құзіреттілік қалыптастыруы тиіс деп есептейді:

1.Саяси және әлеуметтік құзіреттіліктер. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.

2.Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзіреттіліктер. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.

3.Жазбаша және ауызша қарым – қатынас жасай алу құзыреттілігі. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады

4.Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзіреттіліктер. Бұл жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген мағынаны береді.

5.Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.

Болашақ мұғалім:



  • ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтежиелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеу.

  • оқушылардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға дайындығы: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет,оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық,.

  • білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру

3. Мұғалiмдiк еңбектi адамтану ғылымы, адамның жан- дүниесiне, рухани әлемiне бойлай алу өнерi деп түсiнген ұлы педагогтар А.Дистервег, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.С. Сухомлинский педагогикалық шеберлiктiң дамуына зор үлес қосқан. Ғалымдар мұғалiмдердiң табыстарын олардың адамгершiлiк қасиеттерi, мәдени деңгейi, кәсiби әрекетiн тұрақты жетiлдiрiп отыруға деген ұмтылысымен байланыстырған. Мысалы: А.С. Макаренко мұғалiм өзiнiң кәсiби- шығармашылығын жүзеге асыру жолында алдымен Шеберлiкке жетуi тиiс екенiне тоқтала отырып, “шеберлiк”, ұғымын педагогикаға қатыстыра ең алғаш қолданған және бұл сапа жайлы “Тәрбиешiнiң шеберлiгi- айырықша талантты қажет ететiн ерекше өнер емес, дегенмен оған дәрiгердi немесе музыкантты шеберлiкке үйреткендей үйрететiн мамандық” деген болатын. Педагогтiк iстiң шеберi болу кездейсоқ нәрсе емес, ол көптеген себептерге байланысты мұғалiм iсiнен орын алады. Демек, педагогтiк шеберлiктiң әдепкi шарты- психология мен педагогика ғылымдарынан терең бiлiмнiң болуы. Мұғалiм өз пәнi бойынша оқушыларға бiлiм берiп қоймайды, соған сәйкес оқушыны тәрбиелейдi және жеке басын қалыптастырады. Бұл мұғалiммен баланың жас, дара ерекшелiктерiн бiлудi, оған сай әрекетiн ұйымдастыруды, олардың қарым- қатынасын, сенiмiн, көзқарасын, танымын, белсендiлiгiн дамыту методикасын бiлудi қажет етедi. Олай болса, мұғалiм жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу iсiнде кәсiптiк деңгейi және ұстаздық шеберлiгi жоғары болуы үшiн педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негiзiнде айқындалған педагог мамандығына тән iскерлiк пен дағдыларды меңгеруi тиiс. Өйткенi педагогтiк iс- әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзiндiк арнайы құрлымы бар. Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі, педагогтың оқушыларды оқу – танымдық іс - әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

Білім беру сапасының критерийлері:

  1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі

  2. мұғалімнің білімділігі

  3. мұғалімнің тәжірбиесі

  4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі

  5. білім беру сапалылығы

  6. еңбектің тиімділігі

  7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі

Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.

Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:



  • мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі

  • білім беру жүйесінің сапалылығы

  • мұғалімнің кәсіби шеберлігі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.

Оның құрамына:

- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;

- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;

- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;

- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;





2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік


3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық

4. Педагогикалық техника






5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті

Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері




1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы






6. Педагогикалық

мәдениет


7.. Педагогтық толеранттылық

8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі неден тұрады?

  2. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі құрылымы мен түрлеріне сипаттама беріңіз?

  3. Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұнын қандай компоненттер құрайды?

  4. Мұғалімнің практикалық дайындығық мазмұнын құрайтын біліктіліктерді атаңыз?

  5. Кәсіби құзіреттілік пен педагогикалық шеберлік қандай өзара қатынаста?


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1.Оқу- тәрбие жұмысын моделдеу, жоспарлау, композициялық материялдарды iрiктеп алумен сипатталатын біліктілік.

  1. Құра бiлу (конструктивтiк) бiлiктiлiгi

  2. ұйымдастырушылық бiлiктiлiк

  3. Зерттеушiлiк бiлiктiлiк

  4. Қарым- қатынас (комуникативтiк) бiлiктiлiгi

  5. Танымдық бiлiктiлiк

2.Әрбiр педагогикалық құбылысқа ғы ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, оларға теориялық- практикалық негiзде талдау жасауды және мектеп өмiрiне ендiрудi қамтитын біліктілік.

  1. Құра бiлу (конструктивтiк) бiлiктiлiгi

  2. ұйымдастырушылық бiлiктiлiк

  3. Зерттеушiлiк бiлiктiлiк

  4. Қарым- қатынас (комуникативтiк) бiлiктiлiгi

  5. Танымдық бiлiктiлiк

3.Бұл мұғалiм еңбегiнiң бөлiнбейтiн үнемi жүрiп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық процестi басқарудың негiзгi шарты.

  1. Құра бiлу (конструктивтiк) бiлiктiлiгi

  2. ұйымдастырушылық бiлiктiлiк

  3. Зерттеушiлiк бiлiктiлiк

  4. Қарым- қатынас (комуникативтiк) бiлiктiлiгi

  5. Танымдық бiлiктiлiк

4.Педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін не деп атаймыз?

  1. Педагогикалық біліктілік

  2. Педагогикалық құзіреттілік

  3. Педагогикалық шеберлік

  4. Педагогикалық шығармашылық

  5. Педагогикалық толеранттылық

5. Өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет.

  1. Арнайы құзыреттілік

  2. Әлеуметтік құзыреттілік

  3. Білім беру құзыреттілік

  4. Тұлғалық құзыреттілік

  5. Кәсіби құзыреттілік

6.Кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

  1. Арнайы құзыреттілік

  2. Әлеуметтік құзыреттілік

  3. Білім беру құзыреттілік

  4. Тұлғалық құзыреттілік

  5. Кәсіби құзыреттілік


7.Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

  1. Арнайы құзыреттілік

  2. Әлеуметтік құзыреттілік

  3. Білім беру құзыреттілік

  4. Тұлғалық құзыреттілік

  5. Кәсіби құзыреттілік

8.Кәсіби интегративтік қасиет; оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық; экстраверсия ;тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

  1. коммуникативтік құзіреттілік

  2. Ақпараттың құзіреттілік

  3. Регулятивтік /басқарушы/ құзіреттілік

  4. Операционалдық құзіреттілік

  5. педагогикалық құзіреттілік

9. Оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіретін құзіреттілік

  1. коммуникативтік құзіреттілік

  2. Ақпараттың құзіреттілік

  3. Регулятивтік /басқарушы/ құзіреттілік

  4. Операционалдық құзіреттілік

  5. педагогикалық құзіреттілік

10. Ұстаздың қажетті кәсіби іс-әрекетін іске асырудағы дағдының жиынтығымен анықталады: болжамдық, жобалық, пәндік-әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық импровизация, сарапшылық.

  1. коммуникативтік құзіреттілік

  2. Ақпараттың құзіреттілік

  3. Регулятивтік /басқарушы/ құзіреттілік

  4. Операционалдық құзіреттілік

  5. педагогикалық құзіреттілік

11. “Тәрбиешiнiң шеберлiгi- айырықша талантты қажет ететiн ерекше өнер емес, дегенмен оған дәрiгердi немесе музыкантты шеберлiкке үйреткендей үйрететiн мамандық” деген кім?

  1. В.С. Сухомлинский

  2. А.С. Макаренко

  3. А.Дистервег

  4. К.Д. Ушинский

  5. А.К.Маркова

12. Педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі, педагогтың оқушыларды оқу – танымдық іс - әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

  1. Педагогикалық шығармалық

  2. Педагогикалық шеберлік

  3. Педагогикалық тәжірибе

  4. Педагогикалық толеранттылық

  5. Педагогикалық құзіреттілік

13. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі дегеніміз бұл?

  1. мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;

  2. кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;

  3. педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;

  4. өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;

  5. барлығын қосқанда

14. Р.Бояцис педагогикалық құзіреттіліктің неше түрін белгіледі?

  1. 2

  2. 3

  3. 4

  4. 5

  5. 6

15. Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктілік қанша компоненттен тұрады?

  1. 6

  2. 5

  3. 4

  4. 3

  5. 2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет