Акушерия туралы түсінік. Акушерия ғылымы



Дата21.04.2023
өлшемі19,82 Kb.
#175037
Байланысты:
Акушерия гинекология а кіріспе




Акушерия туралы түсінік.
Акушерия ғылымы жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медициа ғылымының бір саласы.
Ол француздың accoucher – босану деген сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел организіміндегі физиологиялық және патологиялық құбылыстарды және босанудың асқынуларын, емін, профилактикасын зерттейді.
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия – гинекология көмегін жоғары сатыда ұйымдастыру мақсатында дифференциалды 5 сатылы зерттеу, ем жүргізу жүйесі енгізілді.
1 сатысы: ФАП \фельдшерлік акушерлік пункт\ және АДА \ауылдық дәрігерлік амбулатория\
2 сатысы: БӘКО \базалық әйелдер кеңес орны\ , КДО \кеңестік диагностикалық орталық\
3сатыс: ОАА \орталық аудандық аурухана\.
4 сатысы: Қалалық және облыстық перзентханалар.
5 сатысы: ПО \перинатология орталығы\, РАБДҚҒЗО \Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми – зерттеу Орталығы\.
Акушерия – гинекологиялық көмек көрсететін
мекемелердің міндеттері мен құқықтары.
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, бөлімшедегі мүлік пен медициналық заттардың сақталуын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың уақытында жөнделуін, бөлімшедегі науқастардың тамақтануын ұйымдастырады, қатты әсер ететін, улы, наркотикалық, психотроптық медикаменттер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды, бөлімше қызметкерлерінің еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы, асептика мен антисептика ережелерін сақтауын, орта медицина қызметкерлерінің дәрігер тағайындауын уақытында және нақты орындауын, жаңа түскен науқастарды санитариялық өңдеуді, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды, үй-жайдағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жүзеге асырады. Емдеу-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі көмекті, сонымен бірге жүкті әйелдерге және нәрестелерге көрсетеді, дәрігерге хирургиялық манипуляциялар кезінде көмектеседі, қалыпты босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жүктілер мен босанатындарға диспансеризациялау мен патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Зертханалық зерттеуді, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын, оның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді. Ағымдық санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды. 
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, емдеу-диагностикалық ұйымды ұйымдастыру құрылымын, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Фельдшердің , медбикелердің толғатқан және босанған әйелдерге
күтім жасау ролі.
Фельдшер немесе медбике өз ауылындағы екі қабат әйелдің бар екенің тіркеген соң оны босану уақыты жақындаған мезгілде тууынан 5-6 күн бұрын перзентханаға жатқызылуын қадағалау керек. Себебі патологиялық асқынулардың алдын – алу үшін. Байқаусызда толғатқан әйел болса онда босану уақытын есептеп барып жолға шығару керек - жолда туып қалмас үшін, немесе өзі бірге шығу керек.
Босанып келген жас ананы есепке алып оны келген күннен бастап нәрестесімен бірге өз қарауында ұстайды.
Медициналық этика мен деонтологияның негіздері.
Акушерлік үрдісті жүзеге асыру үшін акушерка білуі қажет: 
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды; 
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын
• жүктілік кезіндегі, босану ағымының мәселелерін, акушерлік 
үрдістің мәнін. 

Акушерка істей білуі қажет: 


• акушерлік үрдіс бойынша жүкті әйелдерге акушеркалық күтім жасауды босану уақытын ұйымдастыруды; 
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды; 
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді; 
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету; 
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу. 

Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру - акушерлік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін акушерканың кәсіпкерлілігінің кепілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет