3 практикалық сабақ Тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі14,38 Kb.
#95455
түріСабақ
Байланысты:
3 философияпр. сабақ


3 практикалық сабақ


Тақырыбы: Табысты тұлға психологиясы. Дүниетанымның қалыптасуы. Өзін іздеу және әлеуметтік анықтау. Табысты тұлға қасиеттері, сапалары. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Қарым-қатынас. Қарым-қатынас кедергілері


Тақырыптың өзектілігі (себептері):
Табысты тұлға психологиясына анықтама. Дүниетанымның қалыптасуы, өзін іздеу және әлеуметтік анықтау. Табысты тұлға қасиеттері, сапаларын анықтау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Қарым-қатынас және қарым-қатынас кедергілеріне түсінік
Дидактикалық (оқу) мақсаты:
Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесіне түсінік.


Сабақ пререквизиттерінің номерлері: 4.


Қысқаша теориялық мәлімет

Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса (200), соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады. Леонтьев А.Н. ойынша, тұлға – бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады. Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді. Индивидтің қасиеттері жеке тұлғаның қасиеттеріне өте алмайды. Өзгеруіне қарамастан, олар индивидтік қасиеттер болып қала береді, қалыптасатын тұлғаны анықтай алмайды, бірақ оның қалыптасуы үшін жағдай жасайды. Тұлға, индивид сияқты субъекттердің өмірлік қарым-қатынасын жүзеге асыратын интеграциялық процестің өнімі. Петровский А.В. тұлға түсінігіне келесі анықтама береді: «Тұлға ретінде психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда өзін ұстаудың деңгейі мен сапасын сипаттайтын жүйелік әлеуметтік қасиет түсіндіріледі».




Практикалық сабақты өткізу түрі: тапсырма шешу


Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Сабақ тақырыбымен, мақсат-міндеттерімен танысу

  2. Тақырыптың өзекті идеясын анықтау

  3. Жеке тапсырманы орындау

  4. Өз бетімен орындауға арналған жұмыс тақырыбын алу және тақырыпты бекіту.



Жеке тапсырмалар:
Табысты тұлға психологиясы.
Дүниетанымның қалыптасуы.
Өзін іздеу және әлеуметтік анықтау


Сабақты бақылау түрі: бақылау сұрақтары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет