Курсы: 1,2 Семестрі: 1,4



бет1/7
Дата11.11.2016
өлшемі1,38 Mb.
#1517
  1   2   3   4   5   6   7



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы



044 -39/15-( 15 )

100 беттің -беті



«Саясаттану» пәні бойынша дәріс комплекстері





ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы


Дәріс кешені


Пән: Саясаттану

Пән коды: Pol 2110

Pol 2110

Pol 1107

Мамандықтары: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

5B110100 «Мейіргер ісі»

051103 «Фармация»

5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі»

Оқу сағатының көлемі(кредиттің): 90 (2 кредит)

Курсы: 1,2

Семестрі: 1,4


2014 жыл

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының мәжілісінде бекітілді.


Хаттама № ____ «______» ______2014 ж.
Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент: _______Қ.Б. Кемелбеков

1) Тақырыбы : 1. Саясаттану ғылым ретінде

2) Мақсаты: Саясаттану ғылымының пайда болуы , қалыптасуы

және даму туралы түсіндіру.



3) Дәріс тезистері

1.Саяси нақтылық – саясаттанудың зерттеу және үйрену объектісі.

Бүкіл әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Сондықтанда кәсіби мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір адамға қажет деп тұжырымдау орынды, өйткені ол қоғамда өмір сүріп отырып, басқа адамдармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Пайымды адам саяси мәдениетке, саяси құндылықтарға қарым-қатынаста болуы туралы мәселеде баламықты көре алмайды, өйткені ол мемлекет және басқа да саяси күштер тарапынан өзінің айлалы амалдау объектісіне айналуына жол бере алмайды.

Саясат туралы білім алу қоғамдағы өзінің алатын орны мен атқаратын рөлін түсінуі, өз қажеттерін басқа адамдармен бірлесе отырып жақсырақ қанағаттандырғысы, оларды мемлекет ауқымында іске асырудың мақсаттары мен құралдарын таңдап алуға ықпал жасағысы келетін әрбір адамның мүдделеріне сай келеді. Ал саясатты түсінбеу және оны әдейі елемеу келеңсіз зардаптарға ұрындырады, адам тіршілігінен шектеп қалуға, ал ең қиын жағдайда оның негіздерін өзіне қатер төнуіне апарып соғады. Дүниежүзілік қауымдастықта және Қазақстанда қалыптасып отырған тарихи жағдай саяси білімдер деңгейіне, әрбір азаматтың белсенді саяси тәжірибиеге араласудың дәрежесіне біздің өміріміздің, біздің ойлау жүйеміздің, саяси іс-әрекетіміздің іс жүзінде байланысты екенін дәлелдейді.

Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық салаларында – экономика, саясат, әлеуметтік, рухани салаларда сапалық түбегейлі өзгерістерді басынан кешіріп отырған мемлекеттер санатына жатады. Бұл өзгерістер қазірдің өзінде-ақ қоғамнан саяси білімдар, білікті де жауапты, жаңаша, таптаурынсыз ойлауға қабілетті адамдарды талап етіп отыр.

Саясаттану адам және қоғам туралы өзге де ғылымдар сияқты адамның білімін қалыптастыруға, өткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын анықтауға көмектеседі.

Саясаттану сөзі гектің “политика” және “логлос” деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген.

Дәстүрлі түсінік бойынша Саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.

Саясат - өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.

Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрлысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеалық көзқарастар, саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол өткендегі және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ал, бір жағынан жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Қорта айтқанда саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.



2.Саясаттану ғылымында қолданылатын зерттеу әдістері.

Кез келген ғылымның зерттеу әдістері болады сондықтан саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән мағынасын түсініп білу үшін бірнеше әдістер қолданылады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс. Түрлі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға оны танып білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы елдегі саяси тұрақтылық пен саяси ахуалды бағалауға, нақты саяси шешімдер қабылдауға жағдай туады.

Жүйелеу әдісі. Саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымының бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін, айналадағы ортамен, өзге құбылыстармен байланыстырып зерттейді.

Социологиялық әдіс. Саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және сана деңгейіне т.б. жағдайларына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл. Саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастырады. Бұл әдіс әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақтын мезгілін ескере отырып соның негізінде танып білуді қажет етеді.

Бихевиористік әдіс. Жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын танып білуге негізделген.

Нормативтік әдіс. Қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрлыстың түрін зертейді.

Ғылымның басқа саласы сияқты саясаттану ғылымындада өзіндік категориялары бар. Оларға саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси тәртіп, саяси пратия, саяси өмір, саяси қатынастар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет, демократия, сыртқы саясат т.б.

3.Саясаттанудың функциялары

1.Танымдық (гносеологиялық). Әртүрлі қоғамдық-экономикалық формациялардағы әлеуметтік- саяси тенденцияларды объективті түрде көрсетудегі рөлмен айқындалады. Саясаттанудың бұл функциясы кездесетін қиындықтар мен қайшылықтарды айқындап, оларды шешудің әдістерін көрсетеді. Ол өмірдегі саяси құбылыстар туралы ғылыми дәледер жинап, сол арқылы қоғамның саяси бағытын ғылыми негіздеуге қызмет етеді. Осы функция арқылы саясаттану ғылымы қоғамдағы әртүрлі негізгі саяси күштердің арақатынасын жағдайын, саяси мақсаттарының іс-жүзінде асырылу әдістерін, жолдарын қадағалап отырады.

2.Бағалау (аксеологиялық). Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

3.Реттеушілік, басқарушылық. Оның ерекшелігі-қоғамның саяси өмірмен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.



  1. Жетілдірушілік. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылармен саяси-басқарушылық шешімдер алдыа ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғам немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.

  2. Болжамдық. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымының түп мақсатыда сонда

  3. Методологиялық функция саясат пен саяси жүйенің, саяси партия мен қозғалыстардың пайда болу заңдылықтарын ашып, саясатқа адамдарды тартудың формалары мен әдістерін көрсетіп соған жол ашады.

4.САЯСАТТАНУ – ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНІ


Саяси сала дамуының заңдылығы

Саяси процестер

Саяси жүйелер

Саяси мәдениет

Ғаламдық проблемалар

Саясаттану
Ғылым – Оқу

Зерттейді пәні -

білім

береді


Саяси институттар, олардың құрылысы мен қызмет атқаруы

Азаматтардың құқықтары

Бостандықтары, міндеттері



Саяси процестердің субъектілері мен объектілері

Саяси тұжырымдамалар

әлемдік саяси процесс


4) Иллюстрациялық материалдар: кесте, слайд

5) Әдебиеттер:

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар :(кері байланысы)

1. Саясат деген не, ол қашан пайда болды?

2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма ?

3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері

4. Саясаттың қызметтері және әдіс-тәсілдері.

5. Саясаттанудың басқа қоғамдық пәндермен байланысы.


1) Тақырыбы: 2. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.

2) Мақсаты: Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдерін, қалыптасуын, дамуын түсіндіру.

3) Дәріс тезистері

1. Саяси ойлар тарихи саяси ғылымның құрамдас бөлігі, оның рөлі мен маңызы.

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.

Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.

2. Ежелгі шығыстыс және Антика дәуіріндегі саяси ойлар.

Б.э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.

Б.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның (Перссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Буддының (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

Дала пайғамбары атанған Заратуштра шамамен осыдан 35 ғасыр бұрын Еділдің шығысынан басталатын азиялық ұлы далада, мал баққан спитама жұртында кигіз туырлықты көшпелі Поурушаспаның от басында дүниеге келген еді. Адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар және жалпы адамзаттың ұлы ұстазы, қазіргі қазақ даласында бұрын-соңды өткен ұлылардың ұлысы атанған Заратуштра туралы деректер осындай мәлімет береді. Ол 30 жасқа дейін біресе отқа, біресе көкке, біресе жерге, желге табынған. Жазу-сызуы жоқ, мал соңында күні өткен жартылай тағы тайпалар арасында ғүмыр кешеді. Бұл кезде құдыреті күшті жалғыз Жаратушы Аллаға немесе Рухқа бас ұрған пенде жер бетінде әлі болмап еді. Адам пенденің, әділеттің ұлы арашашылары - жер бетіне Будда келгенше әлі -10 ғасыр, Иса келгенше -15 ғасыр, Мүхамед келгенше - 20 ғасырдай уақыт бар еді.

Көшпелі халық өздерінің басты мейрамы - Наурызды тойлаған күннің ертеңінде Алла тағала Заратуштраға аян беріп, оның көкірегіне көл-көсір білім бұлағын құйып, дана етеді. Ол Құдайдың бар екенін оның жалғыз және мәңгілік екенін мойындап, оны жұртқа таратады. Ол дүниені жаратқан құдірет иесі екеніне көзі жетеді. Оның бұл көзқарасын өзінің туған тайпасының адамдары қолдамады. Межусийлер Заратуштра уағыздаған дінді қабылдамай оның өзін қудалайды. Ұлы даласын тастап қашқан Заратуштра пайғамбар отыздан асқан кезінде бактриялық Виштаспа патшаның қаласына ақ киімді ақ құдай қалпында бір қолына от ұстап келген екен дейді жылнама жазбаларда. Шет елден келген бұл ерекше жолаушыны Виштаспаның өзі қабылдап, таныса келе оның айтқан уағыздарына тәнті болады. Зороастризм дінін қабылдайды. Бұл дін сөйтіп Бактриядан (қазіргі Түркіменстан, Ауғанстан жері) сөйтіп, зороастризм Иранға тарайды. Оның діни уағыздары, өлеңмен айтылған дұғалары өзінен кейін бірнеше ғасырдан соң ғана ескі парсы тілінде Иранда қағазға түседі., "Авеста" атты кітап болып жинақталады. Ол 21 бөліктен тұрған. Оның жетеуі әлем жаратылысы туралы, жетеуі иман, дін парызы, заң жайлы, жетеуі медицина, аспан ілімдері хақында болыпты.

Адамзаттың алғашқы пайғамбары, кейінде өмірге буддизм, христиан, ислам, иудаизм діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра ұлы Тұран жерінің перзенті болған.

Ежелгі Қытайдың ойшылы Конфуций - ерекше саяси этикалық ілімнің негізін салушы болды. Ол б.э.д. 551-479 жж. өмір сүрген. Оның ілімі бойынша аспан әлемі күштері бұйрығымен, өмірімен адамдардың қоғамдық қызметі, әрекеттері қимылдары жүзеге асырылады. Конфуций ілімінің бір негізі - "жэнь" "Жэнь" - қазақша адамгершілік, адамды сүюшілік деген ұғымды білдіреді. Адамгершілік белгілері де аспан әлеміне бағынышты. Конфуций ұсынған келесі концепция - "ли". "Ли" - этикет, қазақша инабат деген ұғымға жуық. Ғұлама: "жэнь" - адамгершіліктің мазмұны, ал "ли" - оны жүзеге асырудың жолы деп түсіндіреді. Оның басты саяси бағдарламасы - қоғам мүшелерінің әр қайсысының өз міндеттерін қатаң сақтауы еді. Ол мемлекетті басқарудың аристократиялық түрін жақтайды. Конфуцийдің айтуынша мемлекеттік билік халықтың сеніміне кіруі қажет. Өйтпеген күнде ол өмір сүру қабілетінен айрылады. Мемлекетті билеушілер халыққа өздерінің жеке дара адамгершілік қасиеттерімен өнеге болуы керек. Егер сіз жақсылыққа құмар болсаңыз, онда халық та сізге сондай ниетте болады. Конфуций саясаттың моралдық негізін зандармен емес, дәстүрмен байланыстырады. Салт-дәстүр, жораларды сақтау, ата-бабалар өсиеттерін орындау арқылы ол әлеуметтік шиеленістерді, дау-жанжалдарды болдырмауға тырысты. (Адамгершілігі зор, кеңпейіл адамдардың қасиетін желге теңесе, ал адамгершілігі өз көзқарасы жоқ, ұсақ есепшіл адамды жел қалай соқса солай ығына жығылып, ыңғайына көнетін шөп сияқты дейді.) Ол ел билеудегі зорлық әдістеріне, соғысқа, билік үшін таласқа қарсы болды. Ол бұл жағдайды азаматтық түсіністік арқылы шешуді ұсынды. Конфуций ілімін қытайда оның шәкірттері дамытты. Бұл ілім бірнеше ғасыр тамырын тереңге жайып қытайдағы феодалдық қоғамның идеологиясына айналды. Осы ілім сол өмір сүріп отырған қоғамдағы тәртіпті өзгертпей сақтау үшін пайдаланылды. Б.э.д. XI ғасырдың өзінде Конфуцийдің жеке басына табынушылық етек алып, үстем тап оны халық мүддесіне қарсы пайдаланды. Ол жариялаған идеология, таңдаулы ақсүйектерге "зиялыларға ғана қызмет ететін мемлекеттік дінге" айналды. "Біздің әрқайсымыз, императордан бастап қарашаға дейін адамгершілігімізді ұдайы жетілдіріп отыруды ұмытпауымыз керек; мұның өзі-баршаның игілігінің қайнар көзі. Ақымақ кісі мен адамдарға таныла алмадым, ақылды кісі мен адамдарды жете тани алмай жүрмін деп өкінеді. Елбасы адамзатты сүйсе, елбасы ізгілікті сүйсе, халықтың әділдікті сүймеуі мүмкін емес. Ал халық әділдікті сүйсе, елбасы қызметінің бақытпен ұштаспауы мүмкін емес" - деген пікірлер айтқан.

Конфуция іліміне қарама-қарсы пікір айтқан Мо-цзы б.э. дейінгі (479-381 жж.) өмір сүрген. Халық мүддесін қорғаушы ол адамдардың өздерінің келісіп құратын мемлекетін жақтап, сол туралы көзқарасты ұсынды. Мо-цзы барлық адамдар туғаннан бастап тең және мемлекет басқару ісіне талантты, қабілетті адамдардың араласуына жол ашық болуы керек деді. Оның ілімінің басты принципі адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі сыйластығы, осындай қатынас арқылы қоғамдағы кез-келген дау-жанжалдарды шешуге болады деп түйіндеді. Оның ілімінде мемлекетті басқару барысында халықтың негізгі мүддесін ескеру талабы айтылады. Өкімет тек жазалау мен күштеу әдістерін ғана емес адамдарға ықпал етудің басқа адамгершілік формаларын пайдалануды бірінші орынға қойды. Ол қаналушы тапты езгіден, азаптан қайыршылықтан құтқару үшін күресті. Ол дәстүр арқылы басқаруға қарсы сын айтып, оның әділеттілікке кедергі жасайтынын ескертеді. Ол халық пен мемлекет басшысының арасындағы өзара келісімнің болуын, басқарудағы ең басты принцип деп таныды. Оның көзқарастары сол кезде прогрессивті рөл атқарды.

Лао-цзы (б.э. дейінгі ҮІ-Ү ғас.) Даосизм ілімінің негізін салушы болды. Оның ілімінде еңбекшілердің мұң-мұқтажы жан-жақты қарастырылды. Бұл ілім бойынша әлемдегі құбылыстардың барлығы қозғалыста болып, қайшылықтар арқылы шешіледі.

3. Орта ғасырлардағы саяси ойлардың дамуы.

Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б.э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды" - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.

Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. "Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.

Демокрит (б.э. дейінгі 460-370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі болды. Егер адамдар бір-бірін күндемесе, зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда заңдардың да қажеті шамалы деген пікір айтады. Сондай-ақ, ол қоғамның пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынады.

Сократ (б.э. дейінгі 469-399 жылдары) өмір сүрген. Ол азшылықтың билік құруын қорғай келіп, билік жүргізу "патша өнері" оған тек білімді, жаратылысынан ақылды, ерекше төрбиеленген адамдар ғана жіберілуі керек дегенді айтады. Ол Афинада, мүсіншінің отбасыңда дүниеге келген. Бұл дүниедегі дәм-тұзы таусылар шақта, данагөй қарт "Жастарды рухани аздырды" деген жаламен сотқа тартылып, өлім жазасына кесіледі. Ақырында Афинаның билеушілері оған у ішкізіп өлтіреді. Мемлекетті басқарғың келсе, алдымен өзінді өзің басқаруды үйрен, дейді данагөй. Философтың: "Өзіңді-өзің таны!" - деген ұраны, міне, осылай туған. Оның осы бір қанатты сөзі Дельфадағы Апполлон храмына кіреберістегі ұстынға ойылып жазылған. Ол ғылыми трактаттар жазды, жазбады ма - ол жағы белгісіз. Сірә, оның жазғандарының бізге жетпеуі де ықтимал. Әйтсе де Сократ айтты, Сократтан қалған сөз дегендерді біз Аристотель мен Платон еңбектерінен бұлармен тұтас, замандас ғалымдарының туындыларынан жиі кездестіреміз. Ол әңгімелесу, сұхбаттасу, сұрақ беру, сұраққа жауап қайтару арқылы ақиқатқа жетудің жолын ашқан. Мұның өзі Сократты философияда диалектиканың негізін салушы ғүламалар деңгейіне көтерді. Саясатқа келгенде ғұлама әділетсіздікке негізделген басқару тәсілдерінің бәрін монархияны, тиранияны, аристократияны, плутократияны түгелдей қатал сынға алады. Тіпті Афиныдағы демократияның кейбір нышандарына да күдікпен қарайды. Алайда ұлы ойшыл әділетке негізделген мемлекеттің қажеттігін мойындайды. Яки оның саяси көзқарасы, мемлекет билігі "игі жақсылардың", екінші сөзбен айтқанда, ақыл-ойы түзу, алысты болжап, ертеңін көре білетін, басқару өнеріне жетік, халықты аздырып-тоздырмайтын іскер де беделді қайраткерлердің қолында болу керек деген тұжырымға негізделеді. Аристотельдің айтуынша, Сократ индукциялық, дефинициялық тәсілдерді қолдана отырып ақиқатты анық таныған. Ал ғұламаның өзі оны "майевтика" деп атаған.

Индукция дегеніміз - күнделікті өмірдің, жекелеген мысалдарының неғұрлым кең ұғымдар мен түсінікке қарай көшу тәсілі.

Дефиниция дегеніміз - пікір таласы арқылы нақты, әрі дәл қорытынды жасау тәсілі. Ал майевтика термині гректің "маевтика" деген сөзінен шыққан. Оның орысша баламасы - акушерка, қазақша баламасы - кіндік шеше дегенге меңзейді. Ол өзінің туған анасы - өмір бойы екі қабат әйелдерге қамқорлық жасап, толғаткан әйелдерді босандырушы, емі шипалы, қолы жеңіл кіндік шеше Фенареттің ісін философия саласындағы жалғастырушысымын деп есептеген. Яғни диалог арқылы, әңгіме-дүкен құру арқылы, пікір жарыстыру арқылы "ойдан жаңа ой тудыруды" "кіндік шеше" өнерімен бара-бар іске балап, "майевтика" деп атаған. Екінші сөзбен айтқанда, Сократтың ойынша, ақиқатқа жетудің, оны танудың ең сенімді жолы - оппонент пайымдауларындағы қайшылықтарды ашу.

Ел билігін жереби, алдау, зорлық арқылы иемденгендерге қарсы болды. Алғашқы қауымдық құрлыстан таптық қоғамға өтуге байланысты ежелгі Грецияда әртүрлі таптардың, топтардың өкімет билігі үшін күресі жанданды. Бұл күрес негізінде түрлі көзқарасты жақтаушы философтар мен саяси ой-пікірді уағыздаушыларды туғызды.

Платонның б.э. дейінгі (427-347 жж.) адамзаттың рухани өміріне, философияға және саяси ғылымға қосқан үлесі қомақты. Оның "Мемлекет", "Заңдар", "Саясатшы және критий" атты трактаттарында саяси ой-пікірді, мемлекеттік билік туралы мәселелер төңірегінде пікір айтады. Ол билікті монархиялық, аристократиялық және демократиялық деп үшке бөледі. Оның әрқайсысының өзі 2-ге бөлінеді. Монархия - дара билік яғни патша билігі. Ол заңды патша немесе зорлықпен күш қолдану арқылы келген тиран болуы мүмкін.

Текті, әрі бай семьядан шыққан ол 20 жасында Сократпен танысады. Өзінің мектебін-Академиясын ашады. Ол сол кездің өзінде демократиялық бағытты ұстанды. Монархия жеке адамның билігі болса, аристократия азын-аулақ топтың (олигархияның) билігі. Ал, демократияны көпшіліктің-халықтың билігі деп біледі. Бұлар да билікке заңды да заңсыз да жолдармен келуі мүмкін деген пікір айтады. Оның үлгілі мемлекет формасы 3 сословиеден тұрады. Олар: философтар, жауынгерлер, демиургтер-қолөнершілер, егіншілер, саудагерлер. Алғашқы екеуінің біріншісі елді басқарса, екіншісі оны қорғайды, олар қара жұмыс істемейді және меншігі болмайды. Ал үшінші жіктің жеке меншігі және отбасы болады. Бұлардан төмен тұратын құлдардың ешқандай құқығы болмайды.

Б.э.д (384-322 жылдар) өмір сүрген ерте заманның ойшылы Аристотель саяси ғылымның негізін қалаушылардың бірі. Оның саяси көзқарасы "Саясат", "Афина саясаты", "Этика және риторика" деген еңбектерінде баяндалған. Аристотелдің пікірінше мемлекет еркі, тең құқылы адамдардың қарым-қатынасын қамтамасыз ететін үлгілі ұйым ретінде түсіндіріледі. Мемлекет табиғи дамудың жемісі. Оның айтуынша адам жаратылысынан саяси тұлға болып есептеліп мемлекет жағдайында өзінің тегінен қалыптасқан саяси қасиеттерін тарату мүмкіндігін алады. Ол жеке адамның құқын қорғаушы болды. Және меншіктік құқық болуын талап етті. Жеке некелі семъялардың заңдылығын негіздеп береді. Жеке меншікті қорғай отырып, ол кез келген адамның өзіне, яғни өңешіне тартатынын және өзін ерекше көретінін табиғи тумасынан шығарады. Алайда Аристотель шектен тыс баюды көксегендерге, мансапқорларға қарсы болды. Оның айтуынша мемлекет ұғымы өте күрделі ұғым. Мемлекет дегеніміз ұйым-азаматтардың белгілі бір бірлігі, топтастығы. Ол мемлекеттің ең үлгілі тиімді түрі "полития" деп білді. Ол олигархиялық басқару түріндегі мемлекетпен демократиялық мемлекеттің жақсы жақтарын таңдап алған мемлекет еді. Бұл "Полития" орта мемлекет ондағы адамдардың әдет ғұрпында сабырлылық, дүние-мүлікке деген көзқарастарында қанағаттанушылық болады. Ал мемлекеттегі үкімет билігі осы мемлекеттік құрлысты жақтаушы орташа таптың, яғни көпшіліктің қолында болуы тиіс және ол көпшіліктен оған қарсы жаулар аз болуы қажет делінген. Белгілі бір кезеңде өмір сүріп отырған мемлекетті нығайту үшін, сол қоғамдағы саясатқа сай әдістер арқылы ықпал ету керек деп көрсетті.

Жақсы мемлекеттің заң шығарушы органы өз мемлекеттеріне өмір сүруші азаматтарының тұрмысын жақсартып, бейбітшілікті қамтамасыз етуі қажет. Мемлекетке әскери күш қажет, ол басқа халықтарды жаулау үшін емес, өздерінің құлдыққа түспеуі үшін керек. Ол өзінің саяси зерттеу еңбектерінде адамдардың табиғи қаблеттеріне басты назар аударады.

Адамзаттың саясат пен мемлекет туралы танымының дамуына қомақты үлес қосқан Аристотель мұқым саяси ой-пікірге, философияның одан әрі дамуына ықпал етті.

Саяси ілім тарихының дамуына, оның теориясының негізін жасауда ежелгі Рим ойшылдарының қосқан үлесі ұшан теңіз. Олар б.э. дейінгі 1 ғасырда өмір сүрген Марк Тули Цицерон б.э. дейінгі (1.06-43 жж.) Луции Анней Сенеки біздің эрамыздағы (3-65 жж.) Эпиктет б. эрамыздағы (50-138 жж.) Марк Аврелии Антони (б. эрамыздағы 121-180 жж) және т.б.

Цицеронның "Мемлекет туралы", "Заң туралы" деген еңбектерінде мемлекет мәселелеріне маңызды орын берілді. Бұл еңбектерінде ол Полибий сияқты мемлекетті аралас басқару формасын, яки демократия, аристократия және монархия элементтері өзара ұштасып, үйлесетін басқаруды қолдайды. Ол республикалық басқару формасы еді. Рим конституциясы, сондай-ақ, халық жиналысының, сенаттың, консулаттың бірлесіп басқаруы ол айтқан талапқа жауап бере алады деп есептеді. Ол адамдардың бірдей мүлік теңдігіне қарсы болып, әлеуметтік жіктерге бөлінуін жақтады. Оның ойынша мемлекет басшылары ақылды, шешен сөйлейтін, әділетті, мемлекет туралы ілімнен хабардар болуы керек.

Ал өзі де саяси өмірге белсене араласқан саяси қайраткер болды. Салт аттылар сословиесінен шыққан Марк Тулий 63 жыл ғұмырының ішінде консул болды, сенат басқарды. Елдердің өзара бірлігін, татулығын сақтау жолында күресіп жүріп б.э. д. 43 жылы. Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза табады. Цицероннан қалған сөздер:

Анней Сенеки адамдардың рухани еркіндігін, олардың қоғамдық тұрмысынан тәуелсіз болуын жақтады. Олардың тендігін уағыздады.

Марк Аврелий мемлекеттегі заңдар адамдардың бәріне бірдей болуы тиіс, азаматтардың тендігі сақталып, еріктілікке жол берілуі керек. Міне осы ежелгі Рим ойшылдарының саяси ой-пікірлерінің құндылығы, өміршендігі сол, бүгінгі саясаттану ғылымының назарынан түспей келеді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет