Курсы: 1,2 Семестрі: 1,4



бет6/7
Дата11.11.2016
өлшемі1,38 Mb.
#1517
1   2   3   4   5   6   7

Топтастыру өлщемдері


ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫСҚА КӨЗҚКАРАСЫ

ДОКТРИНАСЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ

Бірегей орта

аралық

Жалпыға бірдей

(әмбебап)



революциялық

реформистік

реакциялық

кертартпалық

Социал демократиялық

коммунистік

либералдық

кертартпалық

діни

монархиялық

ұлтшылдық

ұлтшылдық

Фашистік (жаңа фашистік)


4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба

5) Әдебиеттер:

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Саяси партиялардың пайда болуы және дамуының себептері

2. Қоғамдның саяси жүйесіндегі саяси партиялардың мәні және ролі

3. Партияның негізгі қызметтері және жіктелуі

4. Партиялық жүйе туралы түсінік және типологиясы

5. Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенің қалыптасуы.



1) Тақырыбы: 11. Қоғамды демократияландыру және саяси

жаңару.

2) Мақсаты: Демократияның және саяси қайта жаңарудың экономикалық, әлеуметтік мәдени дамуын көрсету.

3) Дәріс тезистері

1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері

Осы жылдары біз еліміздің «әуелі экономика содан кейін саясат» деген айқын қағидатын ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжыдық. Бұл өзін өзі ақтады. Байсалдылықтан жамандық көргеніміз жоқ. М. Тэтчердің «... мен мүмкіндігі әрі тәжірибесі жоқ кез келген елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын ешбір проблемаларға ұшыраспай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсірген орынды.


Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс- барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаған едік қой және демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы пікірлер құрметтеуге лайық деп санаймын. Біздің шығыс даналығы, сабырлылығы мен сақтығы дәстүрлеріне адал болғанымыз абзал.

Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы Біздің ортақ жетістіктеріміз саяси жүйені одан әрі жаңарту және демократияны дамыту жөніндегі жүйелі және көп бағытты жұмысқа көшуімізге мүмкіндік беріліп отыр. Мен бүгін бастамалар дестесін – Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын ұсынып отырмын. Бұл бағдарлама мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздейді. Мұндай қадамның мәні- Қазақстанды батыс демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, біздің көпұлтты және көпдінді халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру.


Батыстық демократия елдері мен серпінді дамып келе жатқан Азия (Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Түркия және басқалары) мемлекеттерінен сыртқы сарапшы мамандар, сондай-ақ беделді саяси қайраткерлерді ынтымақтастық үшін шақыру мүмкіндіктерін жоққа шығара алмаймын. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының талқылануын үйлестіруді

2. Демократияның даму тарихы

Бүкіл әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады. Халқымыз қабылдаған ел Конституциясы бізге не берді? Тиімді жұмыс істеп жатқан қос палаталы Парламент - еліміздің заң шығарушы билігі. Конституция оған ел бюджетін бекіту мен оның орындалуын бақылау құқығын берді. Парламент көпшілік дауыспен Премьер-Министрдің, Ұлттық банк төрағасының тағайындалуына келісімін береді, Үкіметке сенімсіздік білдіруге, оны орнынан түсіру қажеттілігін мойындатуға құқылы, сондай-ақ кез келген министрді қызметінен босатуды талап ете алады. Парламентте саяси партиялардың фракциялары өкілдік етеді. Парламент ел Конституциясына өзгерістер енгізу құқығына ие. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп беріп отырады. Сенат Жоғары сот судьяларын сайлайды, Бас прокурор мен ҰҚК төрағасын тағайындауға келісімін береді. Біздің елімізде Президент, Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттары баламалы негізде еркін және жасырын дауыс беру арқылы сайланады.


Конституциялық Кеңес, Есеп Комитеті сияқты маңызды мемлекеттік органдар тең негізде Президент, Мәжіліс және Сенат құрады. Орталық сайлау комиссиясын өз кезегінде Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Мәжіліс сайлайды. Бұл тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің айқын белгісі. Мұндай жағдайда әңгіме Конституцияда берілген құқықтарды анық пайдалану жайында болуға тиіс. Сондай-ақ заңдардың бұзылмауы нақтылы сақталуы жайында болуға тиіс.

 Атқарушы билік реформасы Қолымыз жеткен жағдайды және дамудың алдағы келешегін ескере келе, - билікті одан әрі орталықсыздандыру; - мемлекеттік басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған атқарушы билікті реформалауды одан әрі жүргізу қажет . атқарушы билік жүйесін орталықсыздандыру бағытында белгілі қадамдар жасадық, әкімдердің сайланбалылығын енгізуге қажетті жағдай туғыздық. Биліктің заңшығарушы тармағының саяси беделін күшейту туралы айтқандай, саяси жаңару процесі, ең әуелі, биліктің заңшығарушы тармағының саяси беделін күшейтуді талап етеді. Парламенттік көпшілік негізінде Үкімет құрамын жасақтаудың тетіктері мен әлеуметтік-экономикалық сала министрлерінің кандидатураларын тиісті комитеттерде талқылау мәселелері де егжей-тегжейлі пысықтауды қажетсінеді. Мұндай мәселелерді шешу халық өкілдерінің атқарушы билік органдарына деген ықпалы мен бақылауын жаңа деңгейге көтереді. Сондай-ақ мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейтуді де қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің рөлін арттыру жолындағы маңызды қадам болады.



3. ҚР-да демократияның қалыптасуы және дамуы

Азаматтық қоғам институттарын дамыту туралы Ең бастысы – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының, сөз бостандығының, бірлестіктер мен саяси ерік-жігердің білдірудің кепілдіктерін одан әрі дамыта беру. Бізде қазірдің өзінде тиісті нормативтік база бар. «Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа сәйкес омбудсменнің құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді, ендігі жерде нақтылы іс-қимыл қажет. Сөз бостандығы – Қазақстанның аршынды демократиялық дамуының негізгі шарттарының бірі. Тәуелсіз Қазақстанда саяси себептер бойынша сотталған адамдар жоқ. Сөз бостандығын, ақпарат алу мен таратуды қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық және басқа да шарттар алдағы уақытта да дәйекті түрде жасалады әрі қорғалатын болады. Сонымен қатар сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа қатаң тосқауыл қойылуы шарт.

Конституцияның тұрақтылығы – қоғамның тұрақтылығы екеніне кәміл сенемін. Ойланбай жасалған өзгерістер ел ішінде берекетсіздік туғызады. Конституцияның қандай да бір ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, қолымыздағы нұсқасын зейін қоя зерделегеніміз жөн. заңға .

  Қазақстан қазіргі әлемде



Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл– ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр. Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз. Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына , ТМД, ЕурАзЭқ- ті реформалауға, БЭК -ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді. Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ -мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз . Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек.    Реформаларды жүргізу тактикасы, оларды жүзеге асырудың мерзімдері мен тетіктері жөнінде біздің көзқарастарымыздың әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси бірлестіктерді ортақ прогресс пен еліміздің болашағы жолында бірлесуге шақырамын. Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам : әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Біз ұлтына және діни наным-сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз. Біздің құқық қорғау органдары тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, ал іскер адамдарға өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек. Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль , этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз. Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік. Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы негізде өзіміздің ілгері басқан жүрісімізді одан әрі жеделдете түсуге тамаша мүмкіндігіміз бар. Қазақстанды әлемнің дамыған әрі көркейген елдерінің қатарына қосатын жол осы.

4) Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слайд

5) Әдебиеттер:

  1. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы.- Алматы: Абай атындағы АлМУ,2001.

  2. Балғымбаев А.С. Саясаттану.Оқу құралы.-Алматы, 2003

  3. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану.Оқулық.- Алматы,2003

  4. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Алматы: 2001

  5. Қапесов Н. Саясаттану. Оқу құралы- Алматы. 2000

  6. Қазбеков Н.А. Саяси процестер: Оқу құралы. – Қарағанды.2004

  7. И.Г.Хан. Саясаттану. Оқу құралы. А.2003

  8. Масатов Б. Демократия әліппесі. А.Жеті жарғы. 1999

6) Қорытынды сұрақтары : ( кері байланысы)

1. Демократия терминіне түсінік және оның мәні

2. Демократияның белгілері

3. Демократияның түрлері: тура, плебисцитарлық, өкілдік және т.б


1) Тақырыбы : 12. САЯСИ САНА ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТ.

2) Мақсаты: Саяси мәдениет туралы ұғым, оның белгілері және саяси сана туралы түсінік беру.

3) Дәріс тезистері

1. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның белгілері

Мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет-қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Ал, саяси мәдениет-тарихи құбылыс. Тарихи даму барысында саяси мәдениеттің құрамды бөлімдері өзгеріп отырады. Саяси мәдениет ұлттық сипатта болады. Ол тарихи-мәдени дәстүрлерді, қоғаңдық-саяси практиканы, ойлаудың жеке бейнесін қамтиды.

Саясат әлемі-күрделі де алуан түрлілігімен өте бай жүйе. Ондай жүйенің сан-салалы күрделі болуының өзі осы саяси мәдениеттіліктің дәрежесіне байланысты. Саяси мәденист қоғамдағы саяси өмірдің, барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы системаның шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениет өмір сүріп отырған қоғамның тұрпатына сай қалыптасқан саяси түсінік, құндылық бағыттар, тәртіптер және саяси мінез-құлықтар көріністерінің жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамның тұрақтылығының кепілі. Ол мәдениеттің барлық саласын реттейді. Ал саяси мәдениет, қоғамдық сана және практика арасындағы байланыс саяси дәстүр арқылы жүргізіледі. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі болып табылады, халықтың барлық жіктерін біріктіреді. Сөйтіп саяси мәдениет қоғамның рухани дамуының дәрежесі. Сондай-ақ, ол белгілі бір саяси қауымның саяси санасы мен бет бейнесі де болып табылады.

Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде "саяси мәдениет" категориясының маңызы ерекше. Қоғамдағы басқа да құбылыстармен байланысты болғандықтан саяси мәдениет тарихи дамудың өн бойында Платон, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Токвиль, Гегель және басқа да көрнекті саяси ойшылдардың үнемі назарында болған. Ал саяси мәдениет туралы мәселе XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап жеке ұғым болып айтыла бастады. Өйткені саяси мәдениет адамдардың мінез-құлқына және әртүрлі ұйымдардың іс-қимылдарына, олардың ішкі және халықаралық саясатының құбылыстарына, қоғамда үстемдік ететін саяси режимдер-тәртіптер мен жүйелерді бағалауға ықпал етеді және ең ақырында, саяси процестердің динамикасы мен бағытын әрдайым түсіндіріп отырады. Кейінірек саяси мәдениеттің негіздемесін оның түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын американ зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба "Азаматтық мәдениет" деп аталатын еңбектерінде (1963 ж.) жазып кейіннен оған әжептеуір өзгерістер енгізген. Олар саяси мәдениетті адамдардың саяси объектіге психологиялық қатынасының жиынтығы деп атайды. Ол - бағыт, құндылық, діни сезім, тапсырма т.б. жиынтығы. Бұл пікірді саясаттану мамандарының көпшілігі жақтайды. Сонымен қатар саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оны дамытуға Э. Дюр-гейм, Т. Веблен, Т. Парсонс, Л. Пай, Р. Такер, С. Липсет, Е. Шейх сияқты ғалымдар да өз үлестерін қосқан. Ал, жалпы алғанда "саяси мәдениет" деген ұғымды алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші XVIII-ғасырда өмір сүрген немістің ағартушы-философы Иоганн Гердер болып саналады.

Қазіргі кезде батыс әдебиетінде осы құбылыстың мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Саяси мәдениеттің анықтамасының сонша көп болуы мәдениеттің және саясаттың қызметінің сан қырлы болуынан туындаса керек.

Американдық саясаттанушылар Р. Карр мен М. Берн-стайн саяси мәдениет саяси идеялар мен әлеуметтік практикадан тұрады дейді. Р. Такер саяси мәдениетке санамен қатар мінез-құлықты қосады. Ағылшын саясаттанушысы С. Уайт саяси мәдениетті саяси жүйенің қойнауында орналасқан бағыт сілтеуші және мінез-құлқын құйып жасайтын қалып - деп бейнелеп көрсетеді. (М.Х. Фарушкин, Қоғамның саяси мәдениеті. Әлеуметтік-саяси ғылымдар, 1991, N4, 105 б) Саясаттанушы Е. Вятрдың анықтамасы бойынша "Саяси мәдениет - өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналарды жатқызады.

а) Саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығының болуы;

б) билікті іске асыруға қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардың талдаңуын бағалай білу;

в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы - мысалы отанды сүю, оның жауларына өшпенділік;

г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері. (Е. Вятр, Саяси қатынастардың социологиясы М., 1979)

Саяси мәдениет өзінің құрамдас элементтері ретінде әртүрлі қоғамдық-саяси институттар т.б. өзара қарым-қатынастарға жататын көптеген ұрпақтардың өмірінде қалыптасқан дәстүрлерді, саяси практиканың әрекетінің нормаларьш, идеяларын, тұжырымдамаларын және нанымдарын біріктіреді. Ол өзі құрамында өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге қатысты адамдардың бағдары мен мақсаттарын, оның институттары мен маңызды "ойындарының ережелерін", сонымен бірге индивидтің, қоғамның және мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының принциптерін білдіреді.

Саяси мәдениет белгілі бір дәреженің шеңберінде қоғам мүшелері сол тұстағы басқару түрлерін заң деп танитын, өздерінің саяси қабілетін сезінетін, жүргізіліп отырған саясатпен келісетіндігін білдіреді.

Дегенмен саяси мәдениет қызметін саяси қатынастардың саласымен ғана шектеуге болмайды. Ол қоғамдық қатынастардың тұтас жиынтығын (экономикалық, адамгершілік т.б.) қамтиды. Саяси мәдениет құқық және моральмен тығыз байланысты. Солар арқылы экономикалық және мәдени процестерді басқарудың біртұтас саласын құрайды. Сондықтан саяси мәдениетті құқықтық және адамгершілік салалар секілді бөле қарау шартты мәселе. Көптеген нормалар, құндылықтар саяси да, праволық та және адамгершілік те мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналады.

Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типтегі саяси сана мен саяси мінез-құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамдық қатынастарды жаңартып қайта құру, тарихтың саяси байлығын игеру мақсатында саяси құндылықтарды жасау мен саяси рухани мұраны игерудің біртұтас процесі болып табылады.

Саяси мәдениеттің мазмұнын ашу саяси сананың элементтік құрамын анықтауға байланысты. Ол сол қоғамда немесе белгілі бір әлеуметтік топ өкілдерінде қоғамның саяси өмірінің әртүрлі саласы жайлы негізделген типті түсініктер. Оларға мыналар жатады: саясат, саяси жүйе, оның жеке институттары жайлы, саяси режим, билік пен басқарудың механизмі жайлы, шешімдер қабылдау, олардың іске асырылуы, билік өкілеттілігін атқарушылар жайлы, саяси өмірдегі өз орнын білу, саяси қызметке қатысушылардың іс білгірлігі және нәтижелілігі.

Саяси мәдениет ағымдағы оқиғалар, құбылыстар мен процестер жайлы кең көлемде мағлұмат алып отыруды қажет етеді. Саяси мағлұматты болу - адамның саяси мәдениетінің тұрақтылығының, оны талдау мен бағалаудағы білгірлігінің кепілі. Яғни барометрі болып табылады.

Қоғамға, топтарға, жеке адамға саяси нұсқау беретін саяси мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі, саяси мақсатты белгілеу ол түсініктер мен құндылықтарды практикада іске асыруға ықпал етеді. Саяси нұсқау-дегеніміз адамның, субъектінің саяси құбылыстарға көңіл бөлуі. Мысалы, терең де тиянақты білім алу, қоғамдық-саяси қызметке белсенді қатысу. Әртүрлі қоғамдық-саяси құбылыстарға, ішкі және халықаралық өмірдің оқиғаларына көңіл қойып отыру.

2. Қоғам және саяси мәдениет.

Саяси мәдениеттің құрылымы саяси сананың элементерімен ғана шектелмейді. Ол ерекше маңызды мінез-құлықтық құбылыс болып саналады. Қоғамның саяси өмір саласында қолданатын болсақ оның адамның іс-әрекетінің мынандай жақтарын бөліп қарауға болады. Таптардың өзінің мүдделерін іске асыруы және саяси іс-қимыл процесінде адамдардың өзін дамыту мақсатындағы қайта жаңартуға ықпалы. Егер іс-қимыл сипатын негіз етіп алатын болсақ, онда саяси қызметтің мынадай түрлерін боліп қарауға бол-ды. Ол әлеуметтік-практикалық және рухани-теориялық қызмет. Әлеуметтік-практикалық қызмет таптардың, әлеуметтік топтардың саяси билік, оны пайдалану үшін күресімен, саяси институттарды құру және оның қызметі саласындағы творчестволық жұмыспен байланысты. Рухани-теориялық қызмет қоғамдағы қатынастарды ұғыну соған сай келетін саяси идеалдар, теориялар, бағдарламалар жасау үшін бағытталады. Саяси қызметтің аталған екі түрі де бірімен бірі өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.

Нақтылы шындықта саяси мәдениет бір ортақ түпкі мақсатпен өмір сүріп отырған саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етумен біріктірілген біраз қызметтерді атқарады. Осы мағынада басымдық үстемдік етуші саяси мәдениет қорғау рөлін атқарады оның реттеушілік, тәрбиелік, коммуникативтік және интегративтік функцияларын атап айту керек. Бұл топтама белгілі дәрежеде шарттылы, себебі нақтылы өмірде олар аралас жүреді, ал кейде бірімен бірі бірігіп те кетеді.

Реттеушілік қызметі - бұл саяси мәдениеттің адам мінез-құлқына әсері, олардың ішкі және халықаралық өмірдің саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлерді, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерін бағамдау т.б.

Тәрбиелік қызметі - бұл саяси білімдерді игеру жеке адам интелектуалды дамуына, дүние танымының кеңеюіне, мүдделердің қалыптасуына, қоғамдық саяси әрекетке, қимылға белгілі тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзінің көрінісін әлеуметтік белсенділіктен табады.

Интегративтік-біріктірушілік қызметі-саяси мәдениет өмір сүріп отырган саяси жүйенің тірегі қызметін атқарады. Саяси мәдениетті қоғамның барлық топтары мен әлеуметтік топтарына ендіру өлшем жүйесінің кең әлеуметтік базасын жасау, қоғамның көпшілігінің өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдауды қамтамасыз ету арқылы оларды біріктіру мақсатына қызмет етеді.

Коммуникативтік (қарым-қатынас) қызметі-өмірде үстемдік алған саяси сана мен мінез-құлықты жаңа ұрпаққа сендіру.

Қоғамда саяси мәдениетпен қатар саяси субмәдениеттер де (субкультура) өмір сүреді. Ол әртүрлі дербес қоғамдық топтардың саяси мәдениетінің ерекшеліктері. Ол өмір сүріп отырған қоғамдағы халықтың негізгі бұқарасының саяси санасы мен мінез-құлқын сипаттайтын ең тұрпатты белгілерін жинақтайды. Әрбір шағын салалық мәдениет қоғамда үстем болып отырған саяси мәдениетпен өзінің ерекшеліктерін ұштастырады. Саяси әдебиетте субмәдениет қоғамда басымдық ететін мәдени бағдарлар жиынтығы деп қаралады. Әрбір субмәдениет өзіне қоғамда басымдық ететін саяси мәдениетті сипаттайтын "жалпылықты" сол сияқты осы мәдениетті екшелейтін өзіндікті де ендіреді. Өзіндік субмәдениеттердің көтерушісі-иесі әртүрлі әлеуметтік кәсібі, ұлттық, діни, жастық, аймақтық т. б. топтар болады.

Саяси мәдениеттің бір тұтастығы қоғамның тұрақтылығын күшейтумен бірге көптеген саяси процестерді барынша сенімділікпен болжап отыруға көмегін тигізеді.

Шындығында, қоғамның әлеуметтік әрқилылығы салдарынан егер де қоғам дамуының базалық құндылықтары, мұраттары, мақсаттары түбегейлі консенсустың жоқ болуымен сипатталатын болса онда субмәдениеттер қоғамдық-саяси өмірдің тұрақсыздану кезіне айналуы мүмкін.

Жаңа демократиялық саяси мәдениеттің маңызы және сапалылығы саяси жүйенің құрылуы мен қызмет ету принциптерінде және оның өзегі мемлекеттік өкіметтің іс жүргізуінде саяси әрекет қимылдың мақсаттарымен нормаларына қарасты жалпы-ұлттық келісімде нақтылы көрінеді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың, оның ішінде жастардың да басым көпшілігі адамгершілік, демократия, құқықтық мемлекет, әлеуметтік әділеттілік, саяси көпшілік сияқты құндылықтарды қолдайды. Бұл әртүрлі саяси субъектілердің ең көп санды мүдделерін жүзеге асыруға қызмет ететін өзара түсіністік пен келісімді қамтамасыз ететін сондай саяси тәртібін орнатуға көмектеседі. Өкімет басында партиялардың ауысып отыруы мүмкіндігі басқарушы партияның оппозициялыққа ауысуы және керісінше болуы, бұл қалыпты және қажетті нәрсе болып табылады.

Демократиялық саяси мәдениеттің тағы бір ерекше белгісі бұл өмірдің демократиялық принциптері мен нормаларына, жеке бостандық пен жеке адамның өзіндік бағалығына берік ұстанымдардың болуынан. Саяси мәдениеттің демократиялық қасиеті әрбір адамның саяси өмірдегі мүмкіншілігін жүзеге асыруға жағдай туғызуында ғана емес, сонымен бірге саяси тұғырды тандап алатынында басқаның пікіріне шыдам көрсетуінде. Саяси көпшіліктің кілті болып әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру мен жүзеге асыруға бағдарланған және әрбір, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және нығайтуға әкелетін демократия механизмдеріне байланысты.

Жаңа саяси мәдениеттің таға да белгісі адамдарды саяси көтеруінде, ұйымдастыруында, яғни демократиялық процеске жаңа топтар әкеп қосуы, әр адамның саяси дамуына кең мүмкіндіктер беру. Жаңа саяси мәдениеттің гуманистік бағыты осында көрінеді. Бостандық пен белсенділік құндылықтардың "адами келбет" алу фактысының өзі саясатқа сенімнің өсуіне әкелді, демократиялық процестің кең өрлеуіне демократиялық мақсаттар тек демократиялық құралдармен, механизмдермен және процедураларымен жетіледі деген саяси ұстанымның басымдылығын қамтамасыз етеді. Мұндай ұстаным әлеуметтік шиеленістің, жанжалдық агрессияның-зорлықшылықтың, шапқыншылықтың аласталуына әкеледі. Қоғамның әлеуметтік топтары мен жіктерінің саяси қарым-қатынастарының желісі жасалынады. Ең ақырында, жаңа демократиялық мәдениет бұл ұлттық аймақтық т. б. айырмашылықтарды жойдырмай, қоғамдық өмір формаларының алуан түрлілігін үнемі өндіріп отыруды қамтамасыз ететін мәдениет. Бұл жаңа демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу жолы - ескірген құндылықтардан, бағдарлардан бас тарту, жалпыадамзаттық құндылықтарды демократиялық құқық формасының және жаңа саяси нұсқалардың бекуіне ден қоятын жаңаша ойлауды орнықтыру болып табылады.


САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ МІНДЕТТЕРІ

Танымдық

Тәрбиелік

Реттеушілік

Комуникативтік

Нормативті құндылық

Ықпалдастық

Қорғаныштық

Болжамдық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет