2. Қазақ ағартушыларының саяси пікірлері.
Әрбір ғұлама-ойшыл өзі өмір сүрген заманның тыныс-тіршілігін айнытпай байқап, болашаққа көрегендік болжам жасай алатындығымен дараланады. XIX ғасырдағы қазақ топырағындағы Абай да сондай тұлға болды. (1845-1904жж). Ол өзі дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын мойындап, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай өзгеріп отырады деп таниды. Қоғам ұдайы ұрпақ ауысуынан тұрады дей келе былай тұжырымдайды: "Дүние бір қалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры мәңгі емес", "Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел", "Алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер. Кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер" - деуі соның дәлелі.
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, - деп 1864 жылғы "Екінші Низамнан" соң қазақ жері де, оның байлығы да Ресейдің қарамағында қалғанына шарасыздық білдіреді. Өйткені билік те, тіршіліктің көзі де жаттың қолында болып, олардың қолпаштауынсыз малынды малдап, жанынды жандай алмайтын, ел-жұрты тәуелді күйге түскен кезде Абай да еркін өмір сүре алмады. Абай ұлтының бұл халін "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың" - деп бар болмысымен қынжыла айыптайды. Халқының дәрменсіздігін, ел тізгінін ұстаушылардың шенқұмарлыққа ұмтылып, соның жолында малын да, арын да сатып, өзара қырқысқанын көріп налиды.
Патша өкіметінің отарлық әкімшілігі, өз саясатын жүргізу үшін рулық құрлысты сақтап, оған лайық әлеуметтік қатынастарды қоздыра түсу арқылы басқарудың тиімді екенін түсінді. Шынында да, мұндай саясат оларға қолайлы нәтижелерін берді де. Ол саясатты көздегендей жүргізу үшін жергілікті атқамінер шонжарларды надан, өркөкірек, Абай айтқандай "қырқына мінсең де қыр аспайтын" ой иелерінен, "шаш ал десе, бас алатын" жандайшаптардан қойып отырды. Ал "патшалықтың парақор ұрлық, жандарал, ояз начальниктеріне, адвокат, шенеунік, тілмаштарына табынған жаңағы атқамінерлер қоғамдық тілекті лайлаған неше алуан мін мен дертке толы еді. Абайдың "Болыс болдым мінеки", "Болды да партия", "Бөтен елде бар болса", "Мәз болады болысың" деген өлеңдерінен қоғамның әлеуметтік ауыр жағдайларына субъективтік факторлардың зардабы тиіп отырғанын түсінгенін көреміз. Сонымен қатар ол патша өкіметінің сойылын соғатын, байлардың мүддесін қорғайтын халықты езуші атқамінерлер сияқты тотың қоғамның әлеуметтік дамуына тұсау болып отырғанын көре біледі. Әлеуметтік құбылыстар мен процестердің елді, қоғамды басқару жүйесімен тығыз байланысты екенін, адамның әлеуметтік субъект қана емес, басқару құрылымының да субъектісі екенін көрсете білгенін жоғарыда айттық. Сол кездегі қалыптасқан басқарушы жүйе түрінің "қазақ халқының жылдан жылға төмендеп, бұзықшылыққа тартып бара жатқанына" себепші болып отырғанын көрді. Осыған байланысты Абай әрбір болыс елде старшын басы бір бидің болуы "көп халыққа залал болғандығы көрініп, сыналап білінді" дейді. Ол бұрынғы атақты хандар салған жолды жақсы біліп, ескірген ережелерінің орнына заманның өзгергенін ескеріп, татымды әділ билік шығарып отыру қажет деп санайды. Ол үшін "Би екеу болса, дау төртеу болады" деген халық даналығын еске сала отырып, "тақ болмаса, жүп билер таласып, дау көбейе береді" деп қорытады. Сондықтан, ол биді көбейтпей, өрбір болыс елден толымды, білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса деген тұжырымға келеді. Сондай-ақ Абай білімсіздіктің, надандықтың әлеуметтік келеңсіздікке апарып соғатынын дұрыс бейнелеп беріп отырды. Надандықтың көптеген әлеуметтік кертартпалығын жан-жақты талдай отырып, оның тағы бір мынандай келеңсіз құбылысын: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып, не қойғанын өзі де білмей есі шығады; әрі ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі надандық, ақымақтықтың әсері -деп сынайды. (шығ. толық жинағы, 350-бет).
3. 19-20 ғғ. саяси көзқарастар.
Данышпан Абай "Адам баласын заман өсіреді, кім де кім жаман болса, оның өзі және замандасының бәрі виноват" деген шын мәніндегі ғылыми қорытынды жасайды. Бұл кемеңгер ақынның адамды (индивидті) қоғамнан бөлек алып қарамай, ол сол әлеуметтік ортаның жемісі екендігін терең түсінгендігінің белгісі.
Шәкәрім (Шаһкерім) Құдайбердіұлы - Абайдың немере інісі, Құнанбайдың Құдайберді деген баласынан туған. (1858 ж. 11.07.) Жасынан жетім қалғандықтан оны Абай бауырына салып тәрбиелейді. 1905-1906 жылдары Стамбол, Каир, Бағдат, Мекке шаһарларының кітапханаларында болған. Лев Толстоймен кездесіп хат жазысып тұрған. Оның "Үш анық" деген еңбегінде қоғам дамуы туралы мәселелер сөз болады.
Билік туралы қазақтың ескі жолы жоқ емес, қазылған қара жолдай жолы бар. Бірақ ол жол ұмытылған. Себебі, көбінесе орыс законына қарағандықтан. Мысалы сайлау туралы закон-пара, жақындықпен би болуға ыңғайлы болып, кім болса сол би болып, аузына келсе соны айтқан және бір себебі жазылмай қалғандықтан. Ол ескі жолдың көбі осы күнгі өмірге қолайлы. Бұрынғы ережелерде көбінесе сол жолға сүйеніп айтылған. Қазақтың ескі жолының бір талайы шариғатқа да жанасады. Шариғат ешқашан бір тастай қатып қалмайды. Әр заманның ыңғайына қарай іс қылуға лайықтайды. Оны тастай қатыратын шала молдалар. Ал бұл күні "Қазақтың дауын орыс судьясы бітіргеннің қолайсыздығын біз айтпасақ та тамам қазақ біледі. Мысалы: Қазақ көтере алмастай шығын, оның үстіне әдет-рәсімге теріс болып, көп қиыншылық, залал болмақ" -деп ашып көрсетеді. Сайып келгенде, дәстүрге сүйенбеген заң-әділеттің таразысы емес, әділетсіздіктің өлшемі болады. Ол дүниені тек әділетсіздіктің таразысымен өлшейтінін айтты.
Үкімет жойылып, әркім өз бетімен өмір сүрсе адам өмірі түзеледі деушілерді де Шәкәрім қолдамайды. "Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтіп өмір сүрмек? - дейді. Ол адам өмірін түзетуге болады деген көзқарас айтады. "Адам өмірін түзетуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ" - деген тұжырым жасайды. Осы айтылған жаман әдеттерді жою үшін жастарға "еңбек өнерін үйрету керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет, бірақ олар жеткіліксіз болғандықтан, "ар білімі" деген білім оқытылуы керек дейді. "Бұл ғылымды, - дейді Шәкәрім, - ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай..." Шәкәрімнің бұл айтып отырған "ар ілімінің" негізі болып табылатын Адамдағы ынсап, әділет, мейірім - үшеуінің қосындысы "Ұждан" деген ұғым. Егер әр адам "ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды", - деген Шәкәрімнің терең ойы қазіргі заманда халқымыздың алға қойып отырған рухани жағынан жаңару талабына үндес келіп отыр.
4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба
5) Әдебиеттер:
Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.
Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.
Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.
Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.
Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.
Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.
Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.
Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.
Радугин А.А. “Политология” М., 1998.
“Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.
Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.
Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.
Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.
Қорытынды сұрақтар : (кері байланысы)
1. Қазақстанда саяси ойлардың пайда болуы және дамуы кезеңдерін көрсет?
2. Тәуке хан заңдары маңызды құқықтық құжат екенін түсіндір?
3. Қазақ ағартушыларының саяси пікірлерінің ерекшеліктерін ата?
4. 19-20 ғғ. қазақ ойшылдарының саяси көзқарастарын анықтап бер?
5. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктерін ата?
1) Тақырыбы : 4. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.
2.) Мақсаты: Саяси жүйе түсінігі, оның құрылымы мен элементтері, қызметі және саяси жүйелер типологиясы туралы түсінік беру.
3) Дәріс тезистері
1.Саяси жүйе түсінігі, оның құрылымы мен элементтері, қызметі.
Қоғамның саяси жүйесі – бұл саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, заңдық, идеялогиялық, мәдени нормалардың кодексіне, нақты қоғамның саяси режимінің дәстүрлері мен нұсқауларына бағынатынқоғамның саяси ұйымы принциптерінің біртұтас, тәртіптелген жиынтығы.
Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Тұтастай алғанда, қоғамның қосымша жүйелерінің бірі болып табылатын саяси жүйе айрықша ерекшеліктермен сипатталады:
А) саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден басым түсуімен;
Б) қоғамдық ортаның, қоғамның әлеуметтік таптық құрылымының сипатын анықтаумен;
В) біршама дербестігімен сипатталады.
2.Саяси жүйелер типологиясы
Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде болады, ол кеңістіктің аумақтық өлшемі және қоғамның саяси ұйымының әртүрлі деңгейлеріндегі саяси жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің саласымен анықталатын қызметтік өлшем болады.
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады:
саяси инситутар;
саяси қатынастар;
саяси ережелер;
саяси мәдениет;
Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, коперативтік, жастар, әйелдер т.б. ұйымдар мен бірлестікткер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай т.б. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіп орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекет арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, жанұялық т.б.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.
Саяси ережелер саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.
Саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына енетін әсерінен білінеді.
Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Саяси жүйенің басты қызметі – қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін.
Саяси жүйенің қызметтері:
белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі.
Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік – саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлықәлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.
Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.
Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау.
Саяси жүйенің міндеттері:
әлеуметтік мүдделерді және билік институттармен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;
қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;
саяси басшылық;
белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;
қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайту.
2.Саяси жүйелер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін.
Қоғамның түріне қарай олар дәстүрлі, жаңғыртылған демократия, және тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді.
Ортамен іс-қимыл сипатына қарай – ашық және жабық жүйелер болады.
Саяси мәдениеттері оларды билікті ұйымдастыру нысандарында білдіруіне қарай – ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі және ішінара-индустриялық, тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді.
Саяси режиміне қарай – тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық жүйелер бөлінеді.
Саяси жүйенің демократиялық түрі:
а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғарғы тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;
б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігін жүзеге асыруға қатысумен;
в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдірумен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменен жоғарыға дейін сайлануы мен есеп берілуімен;
г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;
д) дасыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;
е) демократиялық саяси мәдениетімен, пікірлердің, көз-қарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталыды.
Саяси жүйенің тоталитарлық түрі:
а) билік бір көшбасшысының немесе адамдардың шағын тобының қолдарына мейлінше шоғырландырумен;
б) жеке көшбасшы, қатаң бағыныстағы және тәртіптегі басшылықтың бірпартиялық негізінде билік құрылымдарының тетігімен;
в) барлық саяси институттарды және билік құрылымдарын жетекші партия мен оның көшбасшысына міндетті түрде бағындыруымен;
г) бүкіл қоғамдық өмірдің бірыңғай орталығынан жаппай реттеу (экономика, мәдениет, білім, медецина т.б.), пікір алуандығының, қарсыластардың барлық нысандарын жоюмен, азаматтардың жеке өміріне араласуымен;
д) қоғамға бір ресми идеологияны таңумен, басқаша ойлауды тұншықтырумен, жаппай саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензурамен;
е) әлеуметтік-саяси даурықпалықпен сипатталады.
Саяси жүйенің авторитарлық түрі:
а) саяси шешімдерді қабылдаудың бірыңғай орталығында саяси билікті барынша толық шоғырландыру;
б) атқарушы биліктің біліктілігін барынша ұлғайту;
в) үкіметтік емес партиялар мен қазғалыстардың саяси қатсуын шектеу;
г) билікті бақылаусыз қолдану мен халықтың барлық жіктерінің тәртібін бақылау;
д) номенклатуралық принципті іске асыру, яғни жоғары тұрған өкімет биліктерінің ырқы бойынша барлық деңгейдегі басшы қадрларды орналастыру мен орындарынан ауыстыру және олардың “төмендегілерге” есеп бермеуі:
4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба ,слайд
САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Қоғамды дамыту арқылы мақсаттарды, міндеттерді белгілеу
Қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі қоғам қызметін ұйымдастыру
Материалдық және рухани құндылықтарды бөлу
Мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың саналуан мүдделерін үйлестіру
Қоғамдағы адамдар мен топтардың мінез-құлқы ережелері мен заңдарын жасау
Саяси құрлыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету
Саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саясатқа және қызметке тарту
Заңдар мен ережелердің сақталуын бақылыу, саяси нормаларды бұзатын әрекеттерді болдырмау
5) Әдебиеттер
Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.
Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.
Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.
Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.
Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.
Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.
Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.
Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.
Радугин А.А. “Политология” М., 1998.
“Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.
Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.
Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.
Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.
6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)
1. Саяси жүйе туралы түсінік және оның құрлымы
2. Саяси жүйенің типологиясы және қызметтері
3. Саяси жүйенің қоғам өміріндегі ролі мен орны
4. Қазақстандағы саяси жүйе: қызметінің ерекшеліктері мәселелері және даму перспективалары
1) Тақырыбы: 5. Билік саяси феномен ретінде.
2) Мақсаты: Билік ұғымы, ұжырымдамалар,қызметтері,жіктелуі,түрлері,
легитимділігі туралы түсіндіру.
Дәріс тезистері
Биліктің жалпы белгілері мен элементтері.
Адамзат баласы билікке құштар қоғамның бір бөлігі. Сол себептен саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшының қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп тұжырымдаған. Ал Американ әлеументтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билікте соншалықты орын алады-деген.
Билік жөнінде ғылымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар.
Теологиялық анықтама-билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қортындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіріледі.
Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, адамдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді.
Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.
Басқа ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
П.Моррис, А.Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан “Билік және қоғам” деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Сонымен, бізбилік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ екенін байқадық. Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын.
Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды.
Биліктің қоғамдық сипаты – билік қатынастарының тараптары әманда сана мен ерік-жігерге ие болатын адамдар, олардың әлеуметтік топтары, ұйымдары болып табылады. Өзінің табиғаты жағынан билік – бұл тамаша, ерік-жігерлі немесе сезімдік және өзгеде көзқарас әрі осынысына қарай оның өзі қандайда бір әрекет жасай алмайды.
Биліктің авторитарлық сипаты - өзінің басқыншылығын қамтамасыз етудің нысандары мен тәсілдеріне қарамастан, билік объектісі ерік-жігерінің оның субъектісі ерік-жігеріне бағыныштылығы.
Тарихи әмбебап сипаты. Билік адамзат қоғамының міндетті белгісі болып табылады. Қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік таптық болып бөлінуі, пайда болғанға дейін ол қоғамдық сипат алады, яғни қоғамнан жағары тұрған аппарат, ерекше күштеу мекемелері болмады.
билік қатынастарының кемінде екі әріптесінің болуы мұндай әріптестер ретінде жекелеген дара адамдар, сондай-ақ адамдар тобы болуы мүмкін;
билікті жүзеге асыратын бұйрық, яғни олардың кімдерге қатысты билігін жүзеге асыруына байланысты еркін білдіруі,сонымен бірге ол орындалмаған ретте қорқытып-үркіту әрекеттерін қолдануы;
билікті жүзеге асыратын бұйрықта білдірілген ерікке бағынуы;
бұйрықтар беретін адамның бұған құқығы бар екенін белгілейтін қоғамдық нормалар.
Билік ресурстары . Бұл терминнің өзі кең мағынада, сонымен бірге тар мағынада да қолданылады. Кең мағынада – биліктің ресурстары – жеке дара адамның немесе топтың басқаларға ықпал ету үшін пайдаланатын барлық мүмкіндіктері. Тар мағынада – субъектінің мақсаттарына сәйкес биліктің объектісіне ықпалды қамтамасыз етуге пайдаланатын құралдар. Ресурстар объект үшін маңызды не құндылықтар (ақша, тұтыну заттар т.б.), не адамның ішкі дүниесіне, дәлелдеуіне (теледидар, баспасөз т.б.) әсер етуіне қабілетті құралдар, не адамды белгілі бір құндылықтардан айыруға көмектесе алатын (қару, тұтастай алғанда жазалау органдары) қару (құрал-сайман) болып табылады, олардың ең жоғарғы құндылығы әдетте өмір деп есептелінеді.
Билік ресурстарын әртүрлі негіздер бойынша: материалдық (әсер етудың қаржылық тұтқалары) және материалдық емес (БАҚ көмегімен әсер ету), мәжбүрлеу (әкімшілік жазалау шаралары) мен кәміл көзін жеткізу, “күш қолдану” (әскери апатты пайдалана отырып) мен саяси (келіссөздер мен ымырасулар арқылы қол жеткізу) және т.б. әдістеріне негізделген ресурстары деп айыруға болады.
Биліктің ерекше ресурсы адамның өзі – демографиялық ресурстар болып табылады. Адам – иматериалдық игіліктерді (эконмикалық ресурстарды) жасаушы, білімдер мен хабарламаларды (мәдени – ақпарат ресурстарын) және т.б. алушы және таратушы. Жеке тұлға тек көптеген өлшемдердің біреуінде ғана биліктің ресурсы болады – ол басқаның еркін іске асыру құралы ретінде пайдаланады. Тұтастай алғанда, адам – биліктің ресурсы ғана емес, сондай-ақ оның субъектісі мен объектісі де.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |