РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: «Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар»
ЖОСПАР:
I Кіріспе
|
II Негізгі бөлім
|
2.1 Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
|
2.2 Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар
|
III Қорытынды
|
IV Пайдаланылған әдебиеттер
|
Кіріспе
Адамзаттың немесе әрбір қоғамның өмірі көптеген салалардан тұрады. Мысалы, экономика саласы, мәдени сала, рухани сала және тағы басқалары. Әрбір салада үнемі дамып отыратын өзіне тән білімдер қалыптасып, осы білімдер кейін ғылымға айналып, қоғамның қарқынды дамуына негіз болады. Қоғамдағы осындай салалардың бірі – саяси сала. Саяси салада да мыңдаған жылдар бойы жинақталған саяси білім қалыптасқан. Саяси ойлар, саяси идеялар, саяси тәжірибе – жинақтала келіп саяси ғылымның қалыптасуына негіз болды. Сөйтіп, басқа ғылымдармен қатар саясаттану да өз алдына дербес ғылым болып бөлініп шықты. Саяси ғылым немесе саясаттану көптеген өркениетті елдермен бірге Қазақстанда да мемлекеттік білім беру үлгісі бойынша қоғамтану ілімдерінің қатарына академиялық пән ретінде енгізілді. Қазіргі кезеңде саясаттану - бүкіл дүние жүзі ғалымдары мойындаған, өмір елегінен өткен саяси процестерді жан – жақты зерттейтін ғылым.
Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде:
1) саяси теория;
2) саяси институттар;
3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
4) халықаралық қатынастарды анықтады.
Саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.
Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |