Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: «Етістік түрлері»



Дата21.07.2017
өлшемі18,13 Kb.
түріСабақ
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: «Етістік түрлері»

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әленова Ғазиза


  • ТТүркістан-2014ж1

Сабақтың тақырыбы: Етістік түрлері.
Сабақ мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: оқулық, кесте, ребустар, ойындар.
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.


Психологиялық дайындық. Смайликтер пайдалану.
II. Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау.
Ребус шешу, «Етітстік» сөзі шығады. Ережесін сұрау, етістік түрлерін сұрау, кесте бойынша. Ойын “ Жалғастыр ” оқыды – оқып отыр, көрді - көріп тұр.
III. Жаңа сабақ.
Күн ретін жазу, 3 топқа бөлу. 400 - жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, етістікті табу.
Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
Мысық туралы сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.
Сергіту сәті: Мысық сияқты мияулау.
401 - жаттығу. « Өрмек» өлеңін мәнерлеп оқу, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.
« Өрмек» туралы мағлұмат беру.
Сергіту сәті: «Үйректер» әніне би қозғалысымен.
402 - жаттығу 3 топтан 3 оқушы шығып, 2 сөйлемнен жазады.
1 оқушы: Күз келді. Күн суыта бастады.
2 оқушы: Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті.
3 оқушы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.
403 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, оны күрделі зат есімге айналдырып, сөйлем құрап жазу.
... оқыды.... емдеді.... тікті.
... секірді.... құйды.... көмектесті.
Сергіту сәті: «Қара жорға».
404 - жаттығу. Сөзжұмбақты шешу, “Қимыл” сөзі шығады.
Ойын: «Понтамимо».
405 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру. Түбіт туралы мәлімет беру.
Шығармашылық жұмыс, сөзкесте
Шоқ+бала болашақ 
шелек+ек келешек
Жыл+баз жалбыз 
таса+бақ тасбақа
IV. Үйге тапсырма: 406 - жаттығу.
V. Қорытындылау: - Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?


VI. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.
Каталог: materialy -> kazak%20tili
kazak%20tili -> «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын
kazak%20tili -> Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Сәлемдесу; Назарды сабаққа аудару
kazak%20tili -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
kazak%20tili -> Етістік туралы түсінік оқО, ТҮркістан қаласы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, молда мұса атындағы жалпы орта мектебінің
kazak%20tili -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстарды қайталау»
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мезгіл үстеу Сабақтың мақсаты
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы. Сабақтың мақсаты Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру
kazak%20tili -> Сабақтың типі; аралас сабақ. Сабақтың түрі; сайыс сабақ
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары
kazak%20tili -> 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет