Курсы: 1,2 Семестрі: 1,4



бет5/7
Дата11.11.2016
өлшемі1,38 Mb.
#1517
1   2   3   4   5   6   7

ІШКІ

СЫРТҚЫ


Экономикалық

Әлеуметтік

Ғаламдық проблемаларды шешуге қатысу

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету



Халық билігін қамтамасыз ету

Конституциялық құрлысты қорғау

Өзара тиімді даму

Мемлекеттік мүдделерді қорғау

Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету

Қоғамды біріктіру, әлеуметтік төрелік сот



Экологиялық


5) Әдебиеттер

  1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.

  2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.

  3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.

  4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.

  5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.

  6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.

  7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.

  8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.

  9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.

  10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.

  11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.

  12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.

  13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.

6) Қорытынды сұрақтар(кері байланысы)

1. Мемлекттің генезисі және оның пайда болуының теориялары

2. Мемлекеттің белгілері

3. Мемлекеттің мәні мен қызметтері

4. Мемлекеттің басқару формалары мен тарихи типтері

5. Мемлекеттің құрылымы

6. Азаматтық қоғам туралы түсінік

7. Құқықтық мемлекет

8. Қазақстан республикасында азаматтық қоғам, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы.

1) Тақырыбы: 9.САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

2) Мақсаты: Саяси партия туралы түсінік, қалыптасуы, мәні мен міндеттері, Қазақстандағы көппартиялылық жүйе туралы түсінік беру.



3) Дәріс тезистері

1. Саяси партия туралы түсінік, қалыптасуы, мәні мен міндеттері

Әлемдік тәжірибеге және саяси партиялардың тарихына көз жүгіртер болсақ ол төмендегідей сан-алуан болып келеді. "Партия" термині (латынның partis - бөлік) - деген сөзінен шыққан. Саяси партия - пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысу арқылы қол жеткізуді мақсат етеді.

XIX ғасырда "партия" деген термин өкімет билігі үшін, өкіметке ықпал ету үшін күрескен өзара бақталас топтың мүдделерін білдіретін болған. Саяси партия - белгілі бір таптың не әлеуметтік топтың мүддесін білдіретін олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық жасайтын саяси ұйым ретінде де айтылады. Сондай-ақ саяси партиялар таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық мүдделерді де білдіреді. Қоғамдағы саяси өкімет үшін таластың шиеленісуіне байланысты XIX ғасырдың екінші жартысында бұқара арасында жұмыс істейін саяси партиялар пайда болып қалыптаса бастады. Кез-келген саяси партияның іс-қызметінің негізгі мазмұны сол мемлекетте саяси өкіметті жеңіп алу болып табылды.

Саяси партиялардың мәнін түсінуде негізгі үш көзқарасты басшылыққа алуға болады. Олар:

а) партияны ең алдымен белгілі бір идеологиялық доктринаны ұсынатын адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр. (Б. Констан)

б) саяси партияны белгілі бір таптың мүдделерін көздеуші деп түсіндіретін маркстік-көзқарас. Марксизм классиктерінің тұжырымдамасы бойынша партия пролетариаттың авангарды ретінде қарастырылады.

в) партияны мемлекет жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институционалды түсіну (М. Дюверже).

Осы тұжырымдарды қорыта келгенде саяси партия мемлекеттік деңгейде билікті жеңіп алуға не соған қатысуға бағытталған идеологиялық негіздегі ерікті одақ болып табылады, оның үстіне бұл одақ үшін биліктің өзі де үлкен әлеуметтік топтардың біреуінің мүдделеріне сай жұмыс істейтін саяси бағдарламаны іске асырудың құралы болып шығады. Тәуелсіздік жолындағы (1775-1783 жж.) болған соғыстан кейін XVIII ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында АҚШ-та федералшылар және республикашылар партиялары өмірге келді. Бұдан кейінірек бұқаралық саяси партиялар XIX ғасырдың екінші жартысында Европада құрыла бастады. 1832 жылы Ұлыбританияда құрылған либералдық партия тұңғыш бұқаралық саяси партия болды. 1847 жылы консервативтік партия, 1832 жылы Италияда республикалық, 1847 жылы Швейцарияда-радикалды-демократиялық, 1863 жьшы тұңғыш бұқаралық партия - жалпыға бірдей Герман жұмысшысы Одағы пайда болды, оның негізін қалаған Ф. Лассаль болды. 1854 жылы Канадада професшіл-консервативтік партиялар өмірге келген еді. XIX ғасырдың соңына қарай Батыс Европа елдерінің көпшілігінде бұқаралық (иегізінен социал-демократиялық) партиялар құрылды.

2. Саяси партиялардың түрлері

Ал саяси партияларды топтаудың бірнеше өлшемдері бар. Мыс., олар институционалдық көзқарасты жақтаушылар ұйымдық өлшемді пайдаланды, либералдық дәстүрді уағыздаушылар идеологиялық байланысқа басты назар аударса, ал марксизмді жақтаушылар негізгі рөлді таптық өлшемге береді.

Бізге бүгінде мәлім саналуан саяси партиялар бар. Оларды әртүрлі негіздер бойынша - таптық белгілері бойынша өкіметке, қоғамдық прогреске басқару формаларына, наным-сенімдеріне және т. б. қатынасы бойынша саралауға болады. Партияларды әртүрлі негіздері бойынша бөлу көбіне-көп шартты, бірақ соған қарамастан партиялардың бірнеше топтарға бөлінетіндігі де бар:

1. Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық шаруа, жұмысшы (коммунистік) социал-демократиялық бұған зиялылардың тиісті жіктері жатады.

2. Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық (революциялық) яғни қоғам өмірінің құрылымын сапасы жағынан қайта өзгертуге ұмтылатын партиялар:

а) реформистік-қоғамның негізгі құрылымдарын сақтай отырып онда әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге бағытталған партиялар;

б) консервативтік - өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығының негізгі сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар;

в) реакциялық партиялар - олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы кезендерінің құрылмына ішінара, не толық қайтып оралу болып табылады.

3. Басқарудың формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялық, диктатуралық.

4. Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап (центристік).

5. Наным-сенім бойынша: христиан, ислам т. б.

Партияларды бағалау мен топтардың таптық өлшемінен басқа қызмет ортасының өлшемі тұрғысынан да ерекшеленіп келеді. Қызмет ортасының өлшемі тұрғысынан алғанда партиялар мынадай типтерге бөлінеді:

а) бір ортадағы - өз қызметін бір ғана әлеуметтік ортамен шектейтін партиялар, бұлар саясат саласында соның мүддесін білдіреді;

ә) жалпыға бірдей - жалпы әлеуметтік не жалпы халықтық ортаға бағдарланған және қандай болса да бір әлеуметтік топта, тапта, жікте және т. б. ықпалға ие болуға ұмтылумен шектелмейтін партиялар.

Саяси жүйедегі атқаратын рөлінің өлшемі бойынша партия топтары мынадай болады:

а) өкімет билігі, оны жүзеге асыру және нығайту жолындағы жария күрескер партиялар;

ә) сайлауға қатысушы - АҚШ-тағы сияқты өз қызметін іс жүзіндс сайлау алдындағы науқанмен, сайлау кезеңімен ғана шектейтін "қызмет көрсетуші", немесе сайлау партиялары деп аталатындар;

б) өмір сүріп отырған саяси жүйені өзгертуге не бүлдіруге бағыт алған (мыс. II дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы) Европаның коммунистік партиялары;

в) билікті жүзеге асыруға және қоғам дамуының стратегиялық бағдарламаларын өзінше іске асыруға бағыт алған (мыс. социалистік елдердің коммунистік партиялары);

г) мемлекетте бар билік элитасын қолдауға бағдарланған партиялар болып бөлінеді - бұл ретте партия мемлекеттік өкіметтің орталық құрылымдарын жаппай қолдауды ұйымдастыратын қозғалыс рөлінде бой көрсетеді (мыс. Г. А. Насер кезінде құрған Араб социалистік Одағы);

д) қоғамның және ең алдымен партия мүдделерін білдіретін таптың, топтың саналы өмірінің барлық саласына жаппай қатысушы-қоғамдық партиялар деп аталатындар. Олар үшін билікті жүзеге асыруға байланысты міндет көптеген қызмет функциялардың бірі ғана болып табылады (мыс. XIX-XX ғасырлар шегіндегі социал-демократиялық партиялар олар өкімет билігі жөніндегі күресті қолдаумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар қоғамдық өмірді, мәдени өмірді, әлеуметтік қамқорлықты және т. б. дамытуға кепілдік беретін ағартушылық ұйымдар да болды).

Ал ұйымдық құрылым өлшемі бойынша партиялар былайша бөлінеді:

а) орталықтандырылған - бірыңғай бағдарламалық бағыттарды қалыптастырып, іске асыратын және партияда қалыптасқан тәртіпті жүзеге асыратын басшы орталығы бар иерархиялық жағынан ұйымдасқан;

ә) бір орталыққа бағындырылмаған - негізінен бұлар -партия жүйесі екінші кезектегі роль атқаратын және саяси өмірді тұтас ұйымдастыруға ұмтылмайтын саяси жүйеде жұмыс істейтін партиялар;

б) кадрлық-қатарында өз электоратының (сайлаушыларының) 10 пайызынан кем болатын адам саны аз партиялар;

в) бұқаралық-үнемі сол партияны жақтап дауыс беретін, азаматтардың 10 пайызынан астамын өз қатарына біріктіретін партиялар (10 пайыз өлшемі саясаттанушылардың әдетте сайлау белсенділігі барынша төмен - 50 пайыздан кем азаматтарды есепке алуына байланысты);

г) мүшелігі нақты анықталған партиялар (қабылданған жарғысы бар, онда партия мүшесінің міңдеттері мен құқығы оның ұйымдастыру принциптері, партияның ішкі тұрмыс нормалары және оның практикалық қызмет тәсілдері анықталған);

д) мүшелігі еркін партиялар оларға мүше болу - оның кандидаттарын жақтап дауыс беруден байқалады, (мыс. АҚШ-та); бірқатар жағдайда партия мүшесі екенін анықтау қиындық туғызады (өйткені олар өздерінің партияға мүше екенін сайлау алдында формальді түрде қуаттайды, жылына бір рет партия билетін сатып алады және т. б.).

Саяси партиялар қазіргі кезеңде мынадай міндеттерді атқарады:

а) ірі-ірі әлеуметтік топтардың іс-әрекетінің бағытын айқындайды, бағалы тұжырымдар жасайды;

ө) ірі-ірі әлеуметтік топтардың белсенділігін арттыруға көмектеседі;

б) саяси идеология мен саяси доктриналар жасауға қатынасады;

в) саяси жүйелерді олардың ортақ принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатынасады;

г) мемлекеттегі билік үшін күреске және мемлекет қызметінің бағдарламасын жасауға қатынасады;

ғ) мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысады;

д) қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатынасады;

е) жалпы қоғамды, қоғам мүшелерін (тапты, топты, жікті) саяси тәрбиелеу жұмысымен айналысады;

ж) мемлекеттік көсіподақтардың қоғамдық ұйымдардың аппараттар үшін кадрлар даярлау мен ұсыну істеріне араласады. Саяси партиялардың бұқараға ықпал етуі, демек олардың қоғамдық билікті жеңіп алуы мынадай факторларға байланысты:

- қозғалыстың мақсатын, дамуын анықтайтын және бұқара мүдделерін білдіретін тартымды идеологияның болуы қажет;

- ұйымдық жағынан қалыптасуы көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті ұйымдық құрылымдардың оралымдығы болуы шарт;

- біліктілік дәрежесі, партия басшыларының (партиялық функционерлердің көсемдердің) беделдігі қажет;

- жеткілікті бұқаралылығы және партияның қатардағы мүшелерінің белсенділігі өте жоғарғы дәрежеде болуы;

- нақты тарихи жағдайда, партияның қызметін іс жүзінде ұйымдастыра білу міндет.

Партиялық жүйе - өз алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылушы партиялардың күресу яки ынтымақтасу механизмі. Партиялық жуйеге өз қызметінде ортақ принциптерді, ережелерді, ынтымақтастықты сақтайтын партиялар кіреді. Партиялық жүйеге кіретін партиялардың түрлері: а) демократиялық, ә) авторитарлық, б) тоталитарлық. Демократиялық бағыттағы партиялар өздерінен басқа партияларға үлкен түсіністікпен қарап, шыдамдылық білдіреді, пікір сайысында ұстамдылық көрсетіп идеялардың, пікірдің саналуандылығын қолдайды.

Авторитарлық партиялар негізінен дамушы елдерде қалыптасқан. Өздерінің іс-әрекетінде әкімшілікке салынады, әмір жүргізуде, күштеу әдісін қолданады. Авторитарлық партиялық жүйе бұл тоталитарлық партияға (мыс. фашистік) ұқсас болғанымен олардың өзара айырмашылықтары да бар. Авторитарлық партиялық жүйеде мемлекет идеологияда да, саясатта да басым рөл атқарады. Авторитарлық партиялар негізінен дамушы елдерде қалыптасқан.

Ал тоталитарлық партиялар болса олар күллі партияларды, қоғамдық ұйымдарды, мемлекетті, барлық саяси институттарды түгелдей меңгеріп, қоғамдық өмірдің барлық саласына өз бақылауын орнатуды мақсат етеді. Тоталитарлық партия мүшелері темірдей тәртіпке бағынған, партияның бағдарламасы мен партиялық идеологияны жүзеге асыру мақсатына шын берілген адамдар болуы міндетті.

Саяси жүйеде партиялар алған бағыттары бойынша солшыл бағыттағы оңшыл бағыттағы партиялар болып жіктеледі. Солшыл бағыттағы партиялар-революциялық күреске дайын өзгерістер үшін күресетін, халықтың мүддесін қорғауды мақсат етуші партиялар. Оңшыл бағыттағы партиялар, олар қоғамдық құрылысты өзгертуді қаламайды, күшті мемлекеттік құрылысты қолдайды, заңдылықты қуаттайтын партиялар.

Саяси партияларды топтағанда: а) бір партиялық, ә) бипартиялық (екі партиялық), б) көппартиялық больш келеді. Бір партиялық жүйе көбінесе авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарға тән. Ал екі партиялық жүйе АҚШ-та және Ұлыбритания мемлекеттерінде орын алып отыр. Мыс., АҚШ-та барлық деңгейлерде билік үшін күресті республикашылар мен демократтар. Ұлыбританияда лейбористер мен консерваторлар жүргізеді. Бұлардың әсіресе, АҚШ-тағы партиялардың өзіндік ерекшеліктері бар, тұрақты басқару құрылымдары жоқ, тек сайлау науқанына байланысты жанданып, бұл партиялар екінші дәрежелі рөл атқарады. Бұл партиялардың бірде-бірінің парламентте басым көпшілік орны жоқ және үкімет құру үшін әлдебір үшінші, парламентте тұрақты орны бар кішілеу партиямен коалицияға кіруге тиіс. Көппартиялық жүйелер дүние жүзіндегі мемлекеттердің көбінде бар.


3. Қазақстандағы көппартиялылық жүйе.

Қазіргі кезеңде біздің мемлекет те көппартиялық жүйеге бет бұрып отыр. Оған Елбасы Н. Назарбаевтың қоғамды демократияландыруға бағытталған толықтырулары Ата Заңымыздың 50-бабының 3-тармағына "Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. ...Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпықұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады" -деген қосымшалар енгізілді. Біздің бүгінгі өмірімізде Қазақстанда көп партиялық жүйе қалыптасу кезеңін басынан кешіруде әлбетте ол жүйеге өтпелі дәуірге сай тұрақсыздық тән екенін де айтпауға болмайды.

Мұндай кезең Қазақстан үшін тарихта екінші рет қайталанып отыр. Ел мен жердің тағдыры үшін жанпидаланған идеяны Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды көрнекті ұлт қайраткерлері көтерген. Олар тұңғыш рет Қазақ жерінде 1917 жылы шілде айының 21-26 аралығында Орынборда "Алаш" партиясының бірінші бүкілқазақтық съезін өткізді. Съезд күн тәртібінде 14 мәселе қарады. Олар автономия алу арқылы алаштың тұтастығын, мемлекеттігін қамтамасыз ету үшін күресті. "Алаш" партиясының мүшелері саяси еркіндікті аңсап сол жолда өмірлерін қиды. Ол ұйым 20-шы жылдардың ортасына дейін өмір сүрді. Алайда кеңестік қызыл диктатура демократияға қарсы шығып, бір партиялық жүйеге билік тізгінін ұстатты.

Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде "Алаш" партиясына қарсы солшыл революциялық-демократиялық ағымның бір бөлігі "Үш жүз" атты Қырғыз социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның төрағасы Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды. Кейінірек оның басшылығы Тоғысовтың қолына көшеді. Партия 1917 жылы желтоқсанда Петропавлда "Үш жүз" атты газет шығарады.

1990 жылы КСРО-ның "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы қабылданды. Міне, осы кезден бастап Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар, саяси ұйымдар заман сахнасына шықты.

Қазақстанның Халық конгресі партиясы (ҚХКП) 1991 жылдың қазан айының 5-де дүниеге келді. Оның құрылтайшылары - Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан, Әйелдер Одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен Республика Жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды. Тең төрағалары болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды (бүгінде екеуінің де елшілік қызметте болуларына байланысты партияның төралығы қызметін В. Рогалев атқаруда).

Еңбекшілер мүддесін көздемек жолдағы Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) компартияның атын Социалистік партия деп өзгерту жөніндегі кезектен тыс съезден соң (7 қыркүйек, 1991) республиканың саяси өміріне араласа бастады. Оның тең төрағалары болып П. Своик пен Ғ. Алдамжаров сайланды.

Қазақстанның Коммунистік партиясы (ҚКП) 1991 жылдың күзінде, кезектен тыс XIX съезде дүниеге келді. ҚКП мүшелері өздерін 1903 жылы құрылған РСДРП-ның құқықтық, заңды мұрагеріміз деп жариялап, осы XIX съезде партияның атын Социалистік партия деп өзгертушілерге қарсы шыққан топ. Екі сәтсіз талпыныстан соң, 1994 жылдың ақпан айының 28-де Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Алғашында бұрынғы ҚКП Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының директоры Б. А. Төлепбаев кейіннен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы С. Абділдин сайланды.

Қазақстанның Халық бірлігі партиясы (ҚХБП) парламенттік партия есебінде Халық бірлігі Одағының (СНЕК) негізінде 1993 жыддың ақпан айының б-да құрылды. Оның алғашқы төрағасы Жоғарғы Кеңес депутаты Серік Әбдірахманов басқарды. 1993 жылғы қазан айынан бастап төраға болып премьер-министрдің орынбасары Қуаныш Сұлтанов басқарды. Одан кейінгі төраға болған Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі А. Бижанов болды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия Отан партиясының құрамына кірді.

Қазақстанның Демократиялық партиясы 1995 жылдың 1-шілде айында құрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағасы президенттің кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұлар да наурыз айында "Отан" партиясының құрамына кірді.

Қазақстанның Дәуірлеу партиясы (КДП) парламенттік типтегі партия. Партия төрайымы болып 1995 жылдың қаңтар айының 27-де өткен құрылтай съезінде Алтыншаш Жағанова сайланды. ҚДП-ның басты ұстанар жолы - руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып, дәуірлеуіне күш салу.

Халықтық-кооперативтік партия (ХКП) аса ірі, таптық және әлеуметтік жіктелулерден ада, негізінен кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партия. Ресми тіркеуден 1995 жылдың ақпан айының 20-да өткен. Төрағасы бұрынғы Қазақстан Орталық Комитетінің хатшысы С. Байжанов болды.

Қазірдің өзінде сан түрлі бағыт ұстанған партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, азаматтық қозғалыстар мен ұйымдар, кәсіби және өзге де одақтар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары іс-қимылға кірісті. Мысалы, "Азаматтық партия", төрағасы Перуашов А. "Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы", төрағасы бұрынғы экс-премьер Ә. Қажыгелдин. "Азамат"-тең төрағалары М. Әуезов, Ғ. Әбілсейітов, П. Своик. "Алаш" - төрағасы Сөбетқазы Ақатай.

1999 жылғы наурыз айының алғашқы күні Алматыда республикалық "Отан" партиясының құрылтайы болып, оған 400-ге жуық делегат қатысты. Бұрынғы экс-премьер С. Терещенко партияның төрағасы болып сайланды.

Бүгінде елімізде саяси жүйедегі партиялардың қызметі құқықтық жағынан реттелген. Біріншіден, қоғамдық өмірде партиялардың еркін жұмыс істеуіне конституциялық жолмен рұқсат етілген. Екіншіден, сайлау жүйесінің қызметіне партиялардың қатысуына мүмкіндік жасалды.

4. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.

Қоғамдық ұйымдар деп халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін, ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігін айтады.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Олардың қоғамдық мәртебесі мемлекеттік заңда және өзіндік нұсқауларда (әсіресе кең тараған түрі - жарғыларында) анықталады. Мұндай одақтың мысалы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Европа Экономикалық Бірлестігін, т. б. айтуға болады.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі болып келеді. Оған партиялар, көсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдық (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени ағарту, спорттық, қорғаныс және т. б.) жатады. Осы қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Бүгінгі таңда қоғамда, ескінің жаңамен алмасу кезеңінде яғни өлара шақта оның саяси өмірінде болып жатқан өзгерістердің ең маңыздылары арасында, демократиялық бағытты бетке ұстаған оқиға ішіндегілерінің бірі, түрлі қоғамдық қозғалыстардың өмірге келуі болып табылады. Өткенде кеңестер кеңістігінде әр түрлі қоғамдық қозғалыстардың тууына "заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы" болған СОКП-ның мүмкіндік бермегені белгілі. Ал бүгінде тәуелсіздік қолға тиген жағдайдағы Республиканың, оның халықтарының, әртүрлі ұлттарының, топтары мен әлеуметтік жіктерінің өздерінің мақсат-мүдделерін, талаптарын жүзеге асыру жолындағы түрлі қоғамдық ұйымдарға бірігуінің жиілеуі заңды құбылыс.

Өйткені республикамызда бірлесу бостандығы құқығы адам мен азаматтардың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында көрсетілген. Онда Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар делінген. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Осыған орай, Қазақстанда бір ортақ мақсатқа жетуді көздеген ерікті негізде құрылған мемлекеттегі заңдарға қайшы келмейтін саяси партиялар, әртүрлі кәсіподақ ұйымдары, бұқаралық қозғалыстар және басқа да одақтар, ұйымдар қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Олар 1996 жылғы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрып, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Осы республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырса ал, бір облыстың немесе қаланың шегінде ғана құрылып, жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік тіркеуден жергілікгі әділет органдары арқылы өткізіледі.

Қоғамның саяси өмірінде қазіргі тіршілікгің күнделікті құбылып тұрған кезеңінде, адамдардың барлық мүдделері, қажеттіліктері осы мемлекеттік органдар мен саяси партиялар арқылы ғана іс жүзіне асуы мүмкін емес. Сондықтан осы саяси ұйымдар, партиялар сияқты, сонымен қатар өздерінің алдарына саяси билікгі алуды мақсат етпейтін, бірақ та мемлекеттік билік үшін күресуші саяси партиялардың қызметіне ықпал ете алатын күшке ие болған және кей жағдайда басты рөл атқарып кететін де жайы болады. Оларға әртүрлі қоғамдық қозғалыстар, одақтар, экологиялық ұйымдар, ассоциациялар, азаматтық және діни бірлестіктер, қорлар т. б. жатады.

Республикадағы осы бұқаралық қозғалыстардың тарихына көз жүгіртсек олар 80-жылдардың аяғында, әлеуметтік-ұлттық және топтық белгілері бойынша емес, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және саяси мүдделері негізінде құрыла бастады. 1989 жылдың аяғы мен 1990 жылдары республикада 100-ге тарта ресми тіркеуден өткен, өтпеген қоғамдық ұйымдар өмірге келді. Мысалы, саяси белсенділік орталығына айналған Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын ақтау жолында құрылған "Желтоқсан" қоғамдық комитеті, Азаматтық "Бірлестік" қозғалысы, тарихи-ағартушылық "Ақиқат" қоғамы, "Қазақ тілі" қоғамы, тәуелсіз "Бірлесу" кәсіподағы және т. б. пайда болды.

Осы жоғарыда аталған кезең аралығында республика халқы үшін өзекті мәселе болып саналған - экологияны қорғау, тәуелсіздікке жету жолында, ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей", "Арал-Балқаш", "Азат" қозғалыстары саяси сахнаға шығып, маңызды мәселелер көтеріп, олардың шешілуіне септігін тигізді. 1989 жылы қазақ ұлтының тарихына, жеріне назар аударуына, ұлттық сананың өсуіне, желтоқсан оқиғаларынан кейін бас көтеруіне әсер еткен Халықаралық экологиялық "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысының рөлі ерекше болды. Оған белгілі қоғам қайраткері ақын О. Сүлейменов басшылық жасады. Бұл қозғалыстарда халық үлкен белсенділік көрсетті. Соның арқасында бұл бұқаралық қозғалыс табысты нәтижеге жетті.

1990 жылғы көктемдегі КСРО халық депутаттарының шешімі, саяси бірлестіктердің ашық түрде жұмыс істеуіне жол ашты. Онда КСРО Конституциясының 6-бабы-бірпартиялық кеңестік жүйесін жою туралы шешім қабылданған еді. Сөйтіп 1994 жылдың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық әртүрлі қоғамдық бірлестіктер тіркеуден өтсе, 1998 жылы оның саны 1531-ге жетіп отыр. Олардың ішінде біз әңгіме арқауы етіп отырған, жұртқа танымал болған қоғамдық (бұқаралық) қозғалыстар да бар. Олардың заңды мемлекеттік тіркеуден өткендері 10-нан асады.

Қазіргі саясатта мемлекеттік билікке әсер ететіндей ықпалды ұйымдасқан қоғамдық қозғалыстар, мүдделес топтар әрекеті, мемлекеттік емес және саяси партияға жатпайтын бірлестіктердің көбею мүмкіншіліктері байқалып отыр. Оған дәлел, үстіміздегі жылдың тамыз айының аяғындағы Алматыда құрылған "Әділ сайлау жолында" қоғамдық қозғалысы (тең төрағалары Д. Көшімов, С. Жабанов т. б.) мен қыркүйек айының басында ұйымдасқан (төрағасы Ж. Базылбаев) "Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау жөніндегі қозғалыстардың" өмірге келуі. Соңғы қозғалыс мүшелерінің өздерінің құрылтай конференциясында жасаған баяндамасында Қазақстан Республикасының Конституциясын қайта қарауға талпыныс жасағандары да байқалып қалған көрінеді. Осындай әр түрлі пікірдегі топтардың саяси ұйымдарға бірігуінің өзі біздің еліміздің құқықтық демократиялық мемлекет құру жолымен келе жатқанының дәлелі.

Осы қоғамдық қозғалыстардың кейбіреулері өздеріне тән, яғни әлеуметтік құрамы мен мақсат мүдделерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ең бастысы ұйымшылдығы, үкімет құрылымдарымен, олардың өкілдерімен белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғау барысындағы, арадағы қарым-қатынастарының принципті берік болуымен көрінеді. Мысалы, бұл қатарға Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғайтын "Поколения" қозғалысын, "Лад" республикалық қоғамдық славян қозғалысын, "Өрлеу" қозғалысын, Жұмысшы қозғалысын және тағы басқаларды жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл әңгіме етіп отырған әр түрлі қоғамдық бірлестіктер арасында, саясаттан тысқары тұратын (яғни саясиланбаған) да қоғамдық қозғалыстар болуы мүмкін және бар да. Оларға Автомобиль жүргізушілер қоғамы, Шахматшылар клубы мүшелері, Табиғатты қорғайтын экологиялық, Тарихи ескерткіштерді қорғайтын ұйымдар да жатады.

Қазірде назарға онша іліге бермей тасада қалып мән берілмей жүрген, кейін қатары өсіп кең етек алған жағдай-да, саясатқа міндетті түрде ықпал ететін қабілетке ие болатын, діни сипаттағы астарында қауіпті саяси мазмұн жатқан, стихиялық топтар мен кейбір ықпалды басшылардың рулық құрылыстан бері келе жатқан, кезінде қандас туыс адамдардың тек бірлесіп өмір сүруі үшін ғана қажетті рөл атқарған, бертін келе ұлттық дәстүр ғана болып қалған туысқандық қатынастарының белгісі болған "рушылдықты" бұрмалаушылардың әрекеттері еленбей келеді. Оларға қатерлі бағытқа ұмтылған діни бірлестік "Ваххабиттер" мен қазақтың рухани өмірінің асыл қасиеттерін саяси мақсаттарға пайдаланушы рушылдыққа салынып, оған жаңа мазмұн беруші - "Трайбалистерді" жатқызуға болады. Бұлар қоғамның ірге тасын шайқалтып, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қатер төңдіруі ықтимал.

Әңгіме негізі болып отырған, мемлекеттік және партиялық құрылымға тікелей кірмеген, бірақ ондағы саяси өмірге айтарлықтай ықпал жасау қабілетіне ие болған, саяси құбылыстарға толы қоғамдық қозғалыстар, түрлі бірлестіктер деген ұғыммен астас келетін кезі де болады. Қоғамдық бүқаралық қозғалыстар көбінесе саяси партия атқаратын кейбір міндеттерді де орындауға ат салысады. Солай болса да қозғалыстардың партиядан басты айырмашылығы, олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу-қатыспауымен анықталады. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Көбінесе олардың әділеттік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, қоршаған ортаны қорғау және т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаттары қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, олардың бастарын біріктіреді. Әдетте қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылыстағы билік тәртібіне қарай, саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Консервативтік қозғалыстар өмір сүріп тұрған тәртіпті құлатуға да, жүйелі түрде қайта құруға да қарсы. Оны қайткен күнде сақтауға, ал сондай қажеттілік туса, аз мөлшерде ғана өзгертуге тырысады. Реформистік қозғалыстар өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылым негіздерін жоймай, қоғамдық өмірдің кейбір жағын қайта өзгерткілері келетіндер. Революциялық қозғалыстар өмір сүріп тұрған құрлысты жойып, оны басқамен өзгертуді қалайды. Контрреволюциялық қозғалыстар революциялық және реформистік қозғалыстардың нәтижесінде құрылған жаңа қоғам құрылымына қарсы бағытталып, өткен құрылысты қайта орнына келтіруге тырысады.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, толығып өзгеріп отырады. Олар алғашқы қадамын қоғамның жай-күйіне қанағаттанбаған шақта немесе сол құрылысқа қауіп төнгенде (ол шын мәнінде не болжамнан туған, жалған да болуы мүмкін) ең белсенді адамдар ол құрылысты құлатуға не сақтап қалуға тырысып, өзара байланыстар жасап әрекетке көше бастайды. Осындай байланыстар жүйесі кейін қозғалыстың тууына негіз болуы мүмкін. Алғашында өзара пікірлерімен бөліскен олардың, сосын саяси қозғалысты ұйымдастыру қажеттігі жөнінде жалпы көзқарастары қалыптасады.

Қоғамдық саяси қозғалыстардың ішінде ең кең тараған түрі - "Халық майдандары". Халық майдандары деп, жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік топтардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін білдіріп, соны қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктерді айтады. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді.

Сонымен саяси қозғалыс деп, өкімет билігін алу жолында күрес арқылы қазіргі жағдайларды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Көбінесе саяси партиялардың бастауы осы қоғамдық қозғалыстардың негізінде өмірге келіп жатады. Оған мына мысалды айтуға болады. 1991 жылдың қазан айының 5 жұлдызында құрылған Қазақстанның Халық конгресі (ҚХКП) партиясының құрылтайшылары - Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан, Әйелдер Одағы, Тәуелсіз Бірлесу Кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен Республика Жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық-мәдени орталықтар болды. Сондықтан бар қоғамдық қозғалыстар партияларға айналып, кейбір жерде жаңа қоғамдық қозғалыстар да өмірге келуі әбден мүмкін екендігін көрсетті. Азаматтардың белгілі бір тобының мүддесін көздейтін осы қоғамдық бірлестіктерге, өз шешімдерін басқа адамдардың мүдделерімен санаспай мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыруға жол берілмейді. Бұл дегеніміз қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттің міндетін атқаруға тиым салынады деген сөз.



САЯСИ ПАРТИЯЛАР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет