М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Жаратылыстану-география факультеті
Биология және экология кафедрасы
Оқытушы: философия докторы PhD
Кожагалиева Р.Ж
Орал, 2022
Биологияға кіріспе Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі 1. Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері
2. Өсімдіктерді жіктеу
Өсімдіктерге тән ортақ белгілер Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер зат алмасу, қоректену, тынысалу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады. Өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырығы, тамыры бар. Өсімдіктер тіршілігінің соңына дейін үздіксіз өсе береді. Жасушадан тұрады
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.
Өсімді көбею- тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы. Жыныссыз көбеюспоралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбею кезінде ағзаның қалыптасқан белгілі пішіні бар бөлігінен аналық өсімдік пайда болады. Жынысты көбеюкезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар (жыныстық жасушалар) қосылып зигота пайда болады. Гаметалардың қосылуынан ұрықтану процесі жүріп, гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады. Пайда болған жас ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі арта түседі. Осы арқылы жыныстық көбею басқа көбею түрлерінен ерекшеленеді.