Жаратылыстану-география факультеті



бет2/5
Дата23.11.2023
өлшемі5,91 Mb.
#193163
1   2   3   4   5
Байланысты:
11bio
ларго на базе симпл

Өсімдіктерді жіктеу


Қазір жер бетінде 500 мыңдай өсімдіктің түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген.
Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды –тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға, ұқсас қатарларды – класқа, кластарды бөлімге біріктіреді.
Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне-бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан.
Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі. Олар: 1. Барлық белгілерінің ұқсас болуы; 2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы; 3. Таралу аймағының ортақ болуы.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
Балдырлар бөлімінің тобы
Жасыл балдырал
Қызыл балдырлар
Қоңыр балдырлар
Споралы
Тұқымды
Өсімдіктер дүниесі
Балдырлар (Algae) — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады.
Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді:
  • Жасыл балдырлар (Chlorophyta)
  • Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)
  • Диатомды балдырлар (Diatomeae)
  • Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)
  • Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)
  • Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)

Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады.
Клеткасы негізінен бір ядролы.Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы
(бос қуысы) болады.
Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді:
  • Көкжасыл балдырлар (Cyanophyta)
  • Прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta)
  • Қызыл балдырлар (Rhodophyta)
  • Жалтырауық балдырлар (Chrysophyta)
  • Диатомды балдырлар (Dіatomeae)
  • Криптофитті балдырлар (Cryptophyta
  • Динофитті балдырлар (Dіnophyta)
  • Қоңыр балдырлар (Phaeophyta)
  • Сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta)
  • Эвгленді балдырлар (Euglenophyta)
  • Жасыл балдырлар (Chlorophyta)
  • Хара балдырлары (Charophyta).

Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді.
Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет