Умкд 042-18-35 63/01-20 Редакция №2



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
#36762
  1   2

УМКД 042-18-35.1.63/01-20__

Редакция № 2

от 16.06.2014 ж.



стр. из 59




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі

құжаты


ПОӘК

ПОӘК 042 – 18-35.1.63/01-

20__



ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар

«Кәсіби бағытталған қазақ тілі»

Баспа № 1 күні _____





ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Кәсіби бағытталған қазақ тілі»
Мамандық үшін 5В011300 – «Биология»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны
1. Глоссарий

2. Практикалық сабақтар

3. Білім алушылардың өздік жұмыстары

ГЛОССАРИЙ

Балдырлар — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар.

Жабық тұқымдылар немесе Гүлділер бөлімі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылығы – тұқым бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi.

Жалаңаш тұқымдылар – тұқым мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде жалаңаш (ашық) жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен қапталмайды. Сонымен қатар жалаңаш тұқымдыларда гүл серігі болмайды.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - күрделі дифференциалданған көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі.

Қыналар - денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі. Сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі: қабықты (қаспақты), жапырақты, бұталы қына.

Мүктер - жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер, қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген.

Өсімдіктер - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі. Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.

Папоротник — палеозой дәуірінде өскен риниофиттер мен жалаңаш тұқымдылар аралығындағы жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Папортник тәрізділердің қысқа сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды ормандарда және дымқыл жыраларда өседі.

Плаундар — плаунтәрізділер класына жататын мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрлері Солтүстік жарты шарда кездеседі. Қазақстанда орманды жерлер мен қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген.

2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақ №1.

Тақырыбы: Биология тірі ағзалар туралы ғылым

Мақсаты: Биологияның адам өміріндегі алатын рөлі туралы айту.

1.Биология–тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым


2.Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар
3.Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Проблемалық сұрақтар беру: Биология ғылымының қалыптасуына не себеп болды? Оның қандай салаларын білесіңдер?
Адамдар ертеден-ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған. Пайдалыларын сақтап, көбейтуге, зияндыларының санын азайтуға тырысқан. Осылайша тірі ағзалар туралы адамның білімі молайып, биология ғылымы қалыптасты.
Биология (грекше: «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым) – тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.
Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.
1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.
Х.Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев, М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.
Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп. Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп, мақтан тұтуға әбден лайық.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар.
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшенде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.
Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Талданатын сұрақтар


Биология ғылымы нені зерттейді?

Оның дамуы кімдердің есімімен байланысты?


Оның қандай салалры бар?
Өсімдіктер мен жануарларды қорғауда қандай шаралар қолданылады?

Практикалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Микроскоптың құрылысымен танысу.

Мақасаты: Қазақ тілінде микроскопты құрылысы мен атқаратын қызметі туралы білімін кеңейту.

Микроскоптың құрылысы:

  • оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.

  • Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.

  • Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

  • Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.



МБР -  микроскобының құрылысы

1 – дөрекі фокустайтын бұранда; 2 - ұстайтын мойны; 3 - окуляр; 4 - бинокулярлы тубус; 5 - револьвер; 6 – объектив; 7 - заттық үстел;  8 – препаратты жылжытқыш; конденсор; 10 – айна; 11 – штатив негізі; 12 – нақты фокустайтын бұранда.



Берілген суретті және терминдерді қолданып микроскоптың құрылысын сипаттап жаз. Микроскопты қолдану ережесіне тоқтал.

Конец формы

Начало формы

Практикалық сабақ №3.

Тақырыбы: Жасуша құрылысы

Мақсаты: Жасуша құрылысы мен органоидтары бойынша терминдермен танысу.

Дискуссия сұрақтары:

Начало формы


     Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?

     Жасушаны қандай ғылым зерттейді?

     Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз?

     Жасуша теориясының негізін қалаған  қай ғалымдар?  

Жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру: 1.Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз,  4. Липидтер,5. Майлар, 6. Пластидтер,7. Лизосома, 8. Рибосома,9. Тұздар,10. Ядро, 11.Эндоплазмалық тор,12.Глюкоза ,13. Гольджи жиынтығы,14. Су;( интерактивті тақтада тапсырманы бір студент орындап, интерактивті қаламның  көмегімен сөздерді орналастырады да, әр бағанға тақырып қойып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықтайды)

3.2.  Жасушаның құрылысы көрсетілген сурет бойынша интерактивті тапсырма беріледі.  Бірінші тапсырмадағы  органоидтерді  жасуша құрылысы бар суретке, сандар бойынша (жұмыс парағында) орналастыру қажет. (бір студент интерактивті тақтада жасуша құрылысының  органоидтері  жазылған сөздерді сәйкес сандарға апарып, орналастырады)

3.3. Интерактивті тапсырма арқылы жасушадағы мембраналы және мембранасыз органоидтерді топтастырып алу. Студент  жұмыс парағындағы сызба-нұсқаны орындайды.  

(бір студент интерактивті тақтада жасуша органоидтері  жазылған сөздерді сызба-нұсқаға орналастырады) Митохондрия, хлоропласт және ядро ерекше түспен жазылады да, мұғалім студенттерден олардың ерекше түспен боялып тұру себебін сұрайды. Бұл органоидтер қос мембраналы екені анықталады.  

3.4. Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.



1. Митохондрия

А. Заттарды қорытатын органоид

2. Жасуша орталығы

Б. Нәруыз биосинтезі жүреді

3. Лизосома

С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады

4. Рибосома

Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады

5. Гольджи жиынтығы

Е. Энергия түзіледі, жиналады

6. Ядро

Ж. Лизосоманы түзеді

 ( барлық студенттер ақпараттық жұмыс парағында орындайды,ал бір студент интерактивті тақтада  екі бағанды байланыстырады)

4. Шағын танымдық-ізденушілік жұмыстар.Салыстыру, талдау, қорытынды.

4.1.  Митохондрия мен хлоропласт құрылысын салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  анықтау қажет. 



Митохондрия ерекшелігі




 


 

 

 

(Студенттер бұл тапсырманы,  органоидтердің құрылысы бар, суреттер көмегімен орындайды , талдайды және қорытындылайды)

4.2. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.



(Студенттер бұл тапсырманы,  бактерия  мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар  суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)

4.3. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Студенттер  бұл тапсырманы,  жануар және  өсімдік жасушасы бар  суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)

Қорытынды: Жасушалардың ұқсастығы құрылыс бірлігінде, ал айырмашылығы  жасушалардың эволюциясы туралы айтады.

Практикалық сабақ №4.

Тақырыбы: Өсімдіктер бөлімі

Мақсаты: Студенттерге төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер туралы мәлімет беру.


  1. Мәтінді оқып төменде берілген атауларға анықтама беріндер

Қыналар бөлімі Қыналар бөлімі. Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Бұлар – балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі. Сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі: қабықты (қаспақты), жапырақты, бұталы қына.қыналардың құрамына кіретін балдырлардың көпшілігі жасыл және көк-жасыл балдырлар. Қыналардың құрамына кіретін саңырауқұлақтардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қыналар түрлерінде ғана базидиомицеттердің ішіндегі телефора туысы қатысады. Қыналардың анатомиялық құрылысы – гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді. Қыналар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөліну немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын орган түзеді. Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі, сонымен қатар соредий және изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бұндай көбею эволюция процесінің нәтижесінде кейін пайда болған. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. Қазақстандағы таралуы, экологиясы, практикалық маңызы. өкілдері: эверния, уснея, пармелия, ксантория, кладония.

Мүк тәрізділер бөлімі жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады. Мүктердің жыныс мүшесі орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметафит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол спорофит деп аталады. Мүктердің дамуында екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың басым болып келетіні жынысты ұрпағы – гаметофит, ал жыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді болады. Бауыр мүктер класы. Маршанциялар қатары. Талломдарының ерекшеліктері. Жапырақ сабақты мүктер немесе мүктер класы (Musci, Bryopsida). Сфагнум мүктер қатары. Сфагнум туысы. Экологиясы, таралуы, маңызы. Жасыл мүктер қатары. Жасыл мүктердің алуан түрлілігі. Өкілдері: көкек зығыры, фунария, дикранум. Псилофиттер, плаун тәрізділер бөлімдері. Псилофиттер бөлімі. Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы. өкілдері: риния, хорнеофитон. Плаун тәрізділер бөлімі. Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы және спираль жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. әртүрлі споралылық. Плаундар қатары. Түйреуіш тәрізді плаун тең споралы плаун. Селагинеллалар қатары. әр түрлді споралы өкілі селагинелла. Полушниктер қатары. Спорофитінің құрылысы. Плаун тәрізділердің шығу тегі және эволюциясының негізгі бағыттары. Қырық буындылар, папортник тәрізділер бөлімдері


Қырық буындылар немесе бунақтылар бөлімі. Қырық буын сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады. Спорангийлері спорангоифорларда болады,бұл спорофилдерге гомологты болып табылады. Спорангийлерде споралар дамып жетіледі. Қырық буындылар қатары. өкілі дала жылбұрыны немесе дала қырық буыны. Папортник тәрізділер бөлімі немесе полиподиофиттер. Папортник тәрізділер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көне тобы. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды ормандарда және дымқыл жыраларда өседі.
Папортник тәрізділердің қысқа сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Тең споралы және әр түрлі споралы болып бөлінеді. Ужовниктер класы. Ужовник және гроздовник құрылысының ерекшеліктері, қарапайым белгілері. Нағыз папортниктер класы. Полиподиидтер қатары. Тіршілік формалары. Сорустар мен спорангийлер құрылысы және орналасуының әр түрлілігі. Өскіншелер құрылысы. Өкілдері: аталық папортник, орляк т.б. Сальвиниялықтар қатары.Сальвиния туысы. Споракарпийлер, спорангийлер.

Қына –


Қабықты, жапырақты, бұта –

Саңырауқұлақ –

Мүк –

Спорофит –



Гаметофит –

Сфагнум мүгі –

Папоротник –

Сорус –




  1. Берілген суретке қарап папоротниктің даму циклін жаз. Мәтінде берілген терминдерді қолдан.




Практикалық сабақ №5.

Тақырыбы: Өсімдіктер бөлімі

Мақсаты: Студенттерге жалаңаш және ашық тұқымды өсімдіктер туралы мәлімет беру

Ашық тұқымдылар бөлiмiне шамамен 800-дей түр жатады. Олар тұқымдары арқылы көбейетiн ағаштар мен бұталар. Ашық тұқымдылар жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң ерте пайда болған тобына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша ашық тұқымдылардың арғы тегi әр түрлi споралы папоротниктер болған.

Ашық тұқымдылардың тұқымдары аналық бүрдiң тұқымдық қабыршақтарының төменгi жағында ашық жатады. Бұл әсiресе сiбiр қарағайында айқын байқалады. Ашық тұқымдылар бөлiмi деген атау осы ерекшелiктерiне байланысты берiлген.

Жалпы сипаттамасы. Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель - Picea), қарағай (сосна - Pinus), балқарағай (листвинница – Larix), самырсын (пихта - Abies), арша (можжевельник - Juniperus), қылша (эфедра - Ephedra) туыстарының түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная – Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы(сосна сибирская – Pinus sibirica). Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi. Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер. Кәдiмгi қарағай деген түрi құмды жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседi. Қарағайлардың кiндiк тамыры жақсы жетiледi және терең кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк тамырымен бiрге жанама тамыры да жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше қарағайлардың кiндiк тамыры нашар жетiледi.

Қолайлы жағдайда қарағайлар 30-40 м жетедi және 350-400 жылдай өмiр сүредi. Қылқан жапырақтылардың сабағының iшкi құрылысы бiртектес келедi. Сабақтың көп бөлiгiн сүрек қабаты алып жатады. Қабық қабаты мен өзегi нашар жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады. Олардың бiр тобы фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өркендерде түзiлген органикалық заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. Ұлпалардың екiншi тобы тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды өркендерге жеткiзедi. Өзегi қабықшалары жұқа дөңгелек клеткалардан тұрады. Қылқан жапырақтылардың дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде шайыр жолдары болады. Қарағайларда екi түрлi өркен болады: ұзарған және қысқарған өркендер. Ұзарған өркендер ұзындыққа шексiз өседi.

Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары болады. Оларың қолтығында қысқарған өркендер жетiледi. Кәдiмгi қарағайдың қысқарған өркендерiнде екiден қоңырлау- жасыл түстi, қылқан жапырақтары орналасады.Қылқандары 3-6 жыл өмiр сүредi, содаң соң қысқарған өркенiмен бiрге түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi екiден бiрiккен болады.

Қылқандары жiңiшке ұзын келедi. Олардың сыртын қатты қабықша жауып тұрады және устьицалары көп болмайды. Сондықтан қарағайлар суды аз буландырады және құрғақшылыққа төзiмдi келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың тапшылығына қарамастан тiршiлiгiн тоқтатпайды. Қыс кезiнде қылқандарын тастамайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көп тарағандарының бiрi- шырша (ель - Piceae). Шыршалы орман ТМД аумағында үлкен кеңiстiктi алып жатыр. Сiбiрде шырша самырсынмен қосылып қылқанжапырақты көлеңкелi орман (тайга)түзедi. Мұндай ормандарды жартылай қараңғылық басып тұрады. Бұл жерде ағаштардың бөрiкбастары бiр- бiрiмен түйiскен. Көлеңкелi орманда бұталар мүлдем болмайды, ал шөптесiн өсiмдiктер өте аз кездеседi. Топырақтың бетiн жасыл мүктер немесе жерге түскен қылқандардан тұратын төсенiштер жауып тұрады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет