Сабақ тақырыбы : Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар



Дата01.06.2017
өлшемі105,61 Kb.
#17479
түріСабақ
Биология пәнінен сабақ жоспары

Сынып:7

Сабақ тақырыбы: Балдырлар .Көп жасушалы жасыл балдырлар.

Сабақ мақсаты:Балдырлар, олардың әртүрлілігі.көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру

Сабақ міндеті:

Білімділік: Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы,шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру

Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау

Тәрбиелілік: Көп жасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалануға баулу

Құрал-жабдықтар:тақта, маркер,суреттер,үлестірмелер,тірек-сызбалар.

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалау

Сабаққа назарын аудару



ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып,тексеру.



Теңіз,өзен,көл Бір,көп жасушалы

Хроматофор




Бір,көп ядролы Таллом


Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып,венн диаграмасын сызу.



Хламидомонада Хлорелла



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр – балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып, төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады.

Түрлі түсті қағаз,қатты қағаз,файл,жіптер көмегімен жасалған балдырдың спора ,зооспора,зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру.(Жынысты ,жыныссыз көбейу)

Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған – қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) – таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған.



ІҮ. Бекіту кезеңі:

І. Сұрақ-жауап

І топқа тест сұрақтары беріледі.



1.Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

а) тоқтау суларда; б) өзенде;

ә) теңізде; в) көлде.

2.Жыныс жасушаларының аталуы:

а) зигота; б) спорофит;

ә) гамета; в) гаметофит.

3.Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?

а) 2 млрд. жыл бұрын; б) 3 млрд. жыл бұрын;

ә) 1,5 млрд. жыл бұрын; в) 1 млрд. жыл бұрын.

4.Топырақта, ағаш діңінде өсетін балдыр?

а) хламидомонада; б) хлорококк;

ә) хлорелла; в) улотрикс.

5.Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

а) жынысты; б) жыныссыз және жынысты;

ә) жыныссыз; в) бөліну арқылы.

ІІ топқа тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1.Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2.Таллом деп нені айтады?

3.Хроматофор дегеніміз не?

4.Балдырлар қалай көбейеді?

5.Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?

6.Суда тіршілік ететін жасыл балдырлардың қандай маңызы бар?

Қорытындылау:

Оқушы аты-жөні



Үй жұмысы

Сандық тест

Қосымша

Қорытынды

«5»

0-1 қате


«4»

2-қате


«3»

3-қате


«5»

0-3қате


«4»

4-қате


«3»

5-қате






























ІІ Сандық тест

Берілген балдырдың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын кестеге түсіріңіз.

1.Балдыр атаулары (түрі):

1.хламидомонада; 3.улотрикс; 5.порфира.

2.хлорелла; 4.ламинария;

2.Балдырлар бөлімі:

2.1.қоңыр балдыр;

2.2.қызыл балдыр;

2.3.жасыл балдыр.

3.Балдырдың сипаттамасы:

3.1.шоғырланған организмдер;

3.2.біржасушалы организм;

3.3.көпжасушалы организм.

4.Сыртқы құрылысы:

4.1.денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама;

4.2.денесі шар тәрізді, сілемейлі, торлы, талшықты жасушалардан тұрады;

4.3.денесі сопақша пішінді, ұшы үшкірлеу, жағында екі талшығы бар;

4.4.денесі кең жалпақ қаптама;

4.5.денесі шар тәрізді, талшығы жоқ;

4.6.денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама.

5.Тіршілік формасы:

5.1.субстратқа ризиоды арқылы бекіп тұрады;

5.2.талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді;

5.3.су ағысымен пассивті қозғалады.

6.Тіршілік ету ортасы:

6.1.тұщы суда тіршілік етеді;

6.2.теңіз, мұхиттарда тіршілік етеді.

7.Хроматофорының немесе хлоропласының құрылыс ерекшелігі:

7.1.хроматофор жұлдыз тәрізді, жасыл, қызыл пигменті бар;

7.2.хроматофор сопақша тәрізді, жасыл пигменті бар;

7.3.диск пішінді, жасыл, қоңыр пигментті бірнеше хлоропласы бар;

7.4.хроматофоры жасыл, жартылай сақина пішінді.

8.Көбеюі:

8.1.төрт жаңа жасуша түзеді, жынысты және жыныссыз көбейеді;

8.2.екі және төрт зооспора арқылы көбейеді. Әр зооспора субстратқа бекіп, жаңа организмнің бастамасын береді;

8.3.зооспора арқылы көбейіп, субстратқа бекиді;

8.4.төрт зооспора арқылы көбейіп, шоғыр түзеді.

9.Маңызы:

9.1.балыққа қорек, белокқа бай мал азығын алу үшін пайдаланылады;

9.2.мал азығын, агар-агар өндіру үшін;

9.3.адам тағамға пайдаланады әрі ауыл шаруашылығында мал азығы ретінде;

9.4.су жануарлары үшін азық.
Жауаптары: Балдырлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9









































































































































Ү.Қорытындылау кезеңі:Көршілес отырған оқушылар бірін-бірі бағалайды,бағалау парағы алдын ала беріледі.

Оқушы аты-жөні



Үй жұмысы

Сандық тест

Қосымша

Қорытынды

«5»

0-1 қате


«4»

2-қате


«3»

3-қате


«5»

0-3қате


«4»

4-қате


«3»

5-қате































ҮІ.Үйге тапсырма беру кезеңі:

Есеп №1


1л. Суда 55 г. Хламидомонада болады. 7 л. суда қанша грамм балдыр болады?

Есеп №2


500 г. Хлорелла алу үшін неше литр су жұмсалады? 1 литр-55грамм.

Есеп №3


1 тонна қоңыр балдырлардан 4 кг. таза йод шығады. 100 т йод алу үшін неше тонна балдыр жұмсалады?

§15-16 (оқу)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет