Эктодерманың туындылары



Дата07.02.2023
өлшемі17,11 Kb.
#167812
Байланысты:
10 ОСӨЖ ЖДБ Идрисова Жанылсын БҚБ 204


10 ОСӨЖ Идрисова Жанылсын БҚБ 204
Омыртқалы жануарлардың органогенезі (ланцетник).
Ұрық жапырақшалардан əр түрлі мүшелер дамиды.
Эктодерманың туындылары. Эктодерманың клеткаларынан жабынды эпителий (эпидермис), тері бездері, тістің сыртқы қабаты (эмаль), мүйізді қабыршақтар пайда болады. Көптеген жануарларда эктодерма дененің алдыңғы жəне артқы жағында ішіне көмкеріліп, ығысып қалта секілді алдыңғы жəне артқы ішекті құрайды. Ол ішектердің қалта тəрізді бастамалары тесіліп ортаңғы энтодермадан пайда болатын ішекке жалғасады. Сондықтан алдыңғы ішек (stomodeum) жəне артқы ішек (proctodeum) эктодерманың туындылары болып саналады. Эктодерманың арқа жағы ұрық денесінің ішіне ығысып, батып нерв жүйесінің бастамасын береді.
Энтодерманың туындылары. Ішкі ұрық жапырақшасынан ортаңғы ішектің эпителиі, асқорыту бездері (бауыр мен ұйқы безі) жəне тыныс алу мүшелері пайда болады. Асқорыту бездерінің бастамалары ішектің вентралды қабырғасынан қалта тəрізді томпайып өсіп шығып əрі қарай күрделенеді. Көмекей, бронхылар жəне өкпе бір бастамадан пайда болады. Ас қорыту каналының құрсақ жағынан қалта секілді өсінді пайда болады. Соңынан өсінді дифференциалданып өкпе, бронхыға айналады.
Мезодерманың туындылары. Ұрық бөліктері арасындағы байланысты, қозғалыстық, тірек жəне трофикалық қызметтерді қамтамасыз етеді. Олардың ішінде барлық бұлшықет ұлпалары, дəнекер ұлпалар, шеміршек, сүйек, қан тамырлары мен лимфа жүйелері, зəр шығару мүшелердің түтікшелері, гонадалар ұлпаларының бөлігін, дене қуысының перитонеумін, тыныс алу мүшелерінің негізгі құрылымдарын, ас қорыту түтігінің қабырғасын (төсегішін санамағанда) жəне т.б. атауға болады. Мезодерма бөлігі, эмбрионалдық дəнекер ұлпасы мезенхимадан əр түрлі ұлпалар қалыптасады.
Айта кету керек, əрбір мүшенің құралуында бір емес бірнеше ұрық жапырақшасы қатысады. Мысалы, терінің құрамына эктодермадан дамыған эпидермиспен қатар мезодерманың дерматомынан пайда болған терінің дəнекерұлпалық негізі кіреді. Сондықтан, бұл жіктеу тек мүшелердің алғашқы шығу тегін көрсетеді.
Нерв жүйесінің дамуы. Нерв түтігінің кеңейтілген бас жағы алғашқы ми көпіршігі – archencephalon деп аталады. Алғашқы ми көпіршігі үш ми көпіршігіне бөлінеді: prosencephalon (алдыңғы), mesencephalon (ортаңғы), rhombencephalon (артқы). Даму барысында үш ми көпіршіктерінен бес ми көпіршіктері пайда болады. Prosencephalon екі ми көпіршіктеріне бөлінеді: telencephalon (үлкен), diencephalon (аралық). Mesencephalon бөлінбейді, сол бойынша қалады. Rhombencephalon екі ми көріршіктеріне бөлінеді: metencephalon (артқы), myeloncephalon (сопақша). Үлкен ми екі ми сыңарларына бөлінеді. Ми сыңарларының қуысы бүйір қарыншалар деп аталады. Аралық мидың екі бүйір жағында томпайып екі көз көпіршіктері пайда болады. Аралық мидың ішіндегі қуысы үшінші қарынша деп аталады. Ортаңғы мидың қуысын Сильви су өткізгіші деп атайды. Сопақша мидың қуысын – мидың төртінші қарыншасы немесе ромб тəрізді шұңқыр деп аталады. Нерв түтігінің дене бөлімінен жұлын пайда болады. Ішіндегі қуысы жұлын каналына айналады.
Желбезек аймақтарының дамуы. Алғашқы ауыз қуысының артында жұтқыншақ немесе желбезек бөлімі орналасады. Бұл аймақта энтодерма бастамаларымен қатар басқа да ұрық жапырақшаларының бастамалары болады. Амфибияларда желбезек бөлімі алдыңғы ішектен пайда болады. Желбезек аймағының бүйір жағында желбезек қалташалары пайда болады. Желбезек қалташалардың орнында желбезек тесіктері қалыптасады. Желбезек тесіктері барлық омыртқалы жануарларда болады. Суда мекендейтін жануарларда олардан желбезек пайда болады. Рептилиялар, құстар, сүтқоректілерде желбезектер қалыптаспайды, бірақ желбезек тесіктері дамиды. Адам ұрығында 4 жұп тесіктер салынады, бесіншісі жетілмей қалады. Бірақ барлық желбезек аппараттарының əрі қарай дамуы тоқталып қалады. Бұл процесті зоологтар рекапитуляцияның бір түрі ретінде қарастырған: “онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы”. Адам ұрығында желбезек қапшықтарының бірінші жұбынан сыртқы құлақ тесіктері, ортаңғы құлақ жəне евстахий түтіктері пайда болады. Екінші жұбынан таңдай миндалиналар түзіледі. Үшінші, төртінші жəне бесінші желбезек қапшықтарының энтодермасынан эндокринді бездер дамиды: талақ (тимус), қалқанша, қалқан серік бездер.
Бауыр мен ұйқы безінің дамуы. Бауыр барлық омыртқалыларда энтодерманың құрсақ жағынан дамиды. Өт қапшығының бастамасы алғашқы бауыр бастамасының артқы жағында қалыптасады. Ұйқы безінің бір бөлігі ортаңғы ішектің құрсақ жағынан қалыптасады. Екінші дорсалды бастамасы алғашқы бауырдың алдында қалыптасады.
Тыныс алу жүйесінің дамуы. Көмекей, тыныс алу түтігі, өкпе бір бастамадан дамиды. Ас қорыту каналының желбезек бөлімінің артында, вентральді жағында қалта тəрізді өсінді пайда болады. Өсіндінің ұшы тармақталып бронхы мен өкпеге айналады. Бастаманың орта жағынан кеңірдек дамиды. Оның алдында көмекей пайда болады.
Жүрек жəне қан тамырлар жүйесінің дамуы. Барлық қан айналым жəне лимфатикалық жүйелер мезодерманың туындылары. Жүректің дамуын амфибияның даму мысалында қарауға болады. Гаструляция барысында мезодермалды пластың экто жəне энтодерма арасында жайылуы байқалады. Нейрула сатысында мезодермалды қабатының арқа жəне бүйірарқа бөліктерінің өсуі ұрықтың бас жағына дейін созылады. Бұл өсу біркелкі емес. Ұрықтың құрсақ жағында ауыз жəне жұтқыншақ бөліміне мезодерма кірмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет