Көбею типтері жынысты, жыныссыз көбею



Дата11.01.2022
өлшемі99,32 Kb.
#110861
Байланысты:
Осатай Индира ЖХБ-011 Көбею типтері

көбеЮ ТИПТЕРІ Жынысты, жыныссыз көбею

ОрынДАҒАН: Осатай ИНДИРА ЖХБ-011

КөБЕЮ ТИПТЕРІ

  • Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею.

Жыныссыз көбею

Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады (сөз біржасушалылар туралы болған кезде).

Жыныссыз үдерістің бір үлкен артықшылығы бар - түрдің кез келген дарағы ұрпақ қалдыра алатындықтан, өйткені түрдің кез келген дарағы ұрпак калдыра алды. Демек «Әріптесін кездестіре алмайды» деген кауіп те болмайды; сондай-ақ әрбір ересек ағза жарық дүниеге ұрпақ шығара алатындықтан, ұрпақтары да әлдекайда көп болады. Бірақ бұл жолмен көбейген кезде өзгергіштің төмен болуы - негізгі кемшілік. Анығырақ айтқанда, ұрпақ өзінің жалғыз тегіне ғана ұксап, оның өз түріндегі өзге дарақтардың пайдалы сапасын мұра етуге тіпті әлеуеттік мүмкіндігі болмайды

Жынысты көбею

Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі - гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану үпгін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарактың болуы міндетті емес, қызтекелік және қыздықты (ұрықтанбай көбею) көбею түрінде ерекшелігі бар. Бірақ мұнда да гаметалар міндетті түрде дамиды. Жыныстық үдеріс кезінде мүлде ұрпақсыз қалу қауіп-қатері көп екені сөзсіз. Өйткені ұрықтанудың орындалу төртібі күрделі, ол тұтас дарақ болмаса да дарақ гаметаларының болуын қажет етеді. Бірақ нәтижесі жыныссыз көбею үдерісінен шындап ерекшеленеді. Ұрпактарының барлығы жеке болады, олардың әрқайсысында атааналарынық ғана емес, кез келген ата тектерінен алуан түрлі белгілері мен барлық қасиеттері қайталанбас жаңа үйлесім де пайда болады. Жынысты кебею үдерісі эволюциялық жолмен жыныссыз көбеюден әлдеқайда кеш пайда болды және едәуір жас үдеріс. Алайда жоғары сатыдағы жануарларда пайда болып үлгерген екен деп ойламаңдар. Жыныстық жолмен көбею бактериялардан сан алуан түрде әлдеқашан бұрын белгілі болды.

Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы

  • Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан дамиды. Ұрыктанбай көбейгенде аталық дарақтар катыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады.
  • 2.Қосылуүдерісі (конъюгация). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылыкөбеюі. Бұл-бактериялардың генетикалық материалдар алмасужолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрде гіекінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет