Көбею типтері. Онтогенез
Жоспар:
- Кіріспе.
2.Жынысты және жыныссыз көбею
3. Онтогенез кеңдері
4. Қорытынды
Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею.
Табиғатта көбеюдің кең таралған екі түрі бар
жыныссыз көбею
жыныстық көбею
Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі болғандықтан, жыныстық көбеюден бұрын пайда болған деп есептеледі. Көбеюдің бұл түрі өсімдіктерге де, жануарларға да тән. Жыныссыз көбеюдің өзінің екі түрі болады: нағыз жыныссыз көбею және вегетативті (өсімдіктерде) көбею. Нағыз жыныссыз көбею кезінде организм денесінің сыртынан кейде жасушалардың тобы бөлініп шығады.Осы жасушалардың тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда болса, оны нағыз жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбеюге жануарлардан гидраның, гидроидті маржан полиптерінің және тағы басқа омыртқасыздардың көбеюін жатқызуға болады
Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті көбею және қолдан вегетативті көбейту.Табиғи вегетативті көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі екіге бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктер де табиғи вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы көбеюі көп таралған.Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан, сұлатпа бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады.
Телу дегеніміз- бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып,екінші өсімдік денесіне ұластыру. Қазіргі кезде телуді трансплантация деп атайды.Яғни, өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, ал оған әкеліп ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды.
Жыныстық көбею.Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды. Ендеше анлық және аталық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық организмде жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара организмде сперматозоидтер түзіледі. Омыртқалы жануарлардың жыныс жасушалары пішіні мен мөлшері жөнінен әр түрлі болады. Мысалы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар мен құстардың жұмыртқа жасушалары ірі, сүйір пішінді болып келеді. Тауықтың жұмыртқа жасушасының мөлшері ірі, цитоплазмасында қоректік заттың қоры – сарыуыз болады. Жұмыртқа жасушасы қозғалмайды, ал құрылысына сәйкес сперматозоидтер қозғалғыш келеді.Демек жынссыз көбеюден жыныстық көбеюдің негізгі айырмашылығы – оған екі организм қатысады.
Онтогенез екі кезеңнен тұрады: эмбриондық (ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму.
Эмбриондық (ұрықтық) даму
Бөлшектенудің нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластуланың түзілуі. Сары уызы мол жұмыртқа жасушаларының тек цитоплазманың ядро орналасқан үстіңгі жақ бөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары уызы бөлшектенбейді. Бұған құс жұмыртқасының жасушасы мысал бола алады Сары уызы аз жұмыртқа жасушалары толық бөлшек- тенеді, оны қандауыршаның жұмыртқа жасушалары мысалында қарастырайық. Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен сон бірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге айналады - осы әрекетті бөлшектену деп атайды.
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы. Дамудың келесі сатысында бластула қабатының қабырғасы ішке қарай жиырылу арқылы жасушаның ішкі қабаты пайда болады, Осының нәтижесінде қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысы гаструла деп атайды. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады.Гаструладағы жасушаның сыртқы қабатын - эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды.Ішкі қабат энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп аталады.
Мүшелердің дамуы.
Гаструла сатысы аяқталғаннан кейін де жасушаның бөлінуі жүре береді, бұдан кейінгі сатыны – нейрулла деп атайды. Бұл сатының негізгі ерекшелігі, осы кезден бастап келешек дернәсілдің (личинканың) немесе ересек ағзаның жеке мүшелері қалыптаса бастайды.Нейрулла сатысында эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі. Осы жасушалардан жүйке тақташасы түзіледі де, соңынан ол жүйке түтігіне айналады. Бұл ми мен жұлынның дамуына бастама береді. Мидың дамуына байланысты эктодерма қабатының басқа бөлімінен әр түрлі мүшелер пайда болады. Мәселен, ми бөлімінің алдыңғы жағынан бокал тәрізді екі көздің бастамасы біліне бастайды.
Мәселен, ішекқуыстылар, жалпақ және буылтыққұрттар, шаянтәрізді- лер, бунақденелілер, т.б. ал омыртқалылардан амфибиялар түрленіп дамиды. Дернәсілдік дамудың (түрленіп даму) биологиялық маңызы өте зор. Ересек түрімен дернәсілдің арасыңда тіршілік үшін күрес (мекені, қорек, т. б.), болмайды. Мысалы, ересек бақа құрлықта тіршілік етіп, бунақденелілермен қоректенсе, ал оның дернәсілі итшабақ суда тіршілік етеді, сондағы омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір ағзалардың дернәсілдері сол түрдің таралуына да жәрдем- деседі. Мысалы, көптеген отырықшы немесе аз қимылдайтын құрттар мен былқылдақденелілердің дернәсілдері планктон құрамына кіріп, еркін жүзеді де, сол түрді таратады, ал есейгенде тасқа немесе су балдырларына бекініп тіршілік етеді.
Қорытынды
Оқу әдебиеттері:
1. Шілдебаев Ж.Б. Биологияға кіріспе. – Алматы, «Фолиант» баспасы, 2016
2. Оразымбетова Б.Б., Ахметчина Т.А. Биологияға кіріспе. -Қостанай: ҚМПИ, 2017. -187 б.
Достарыңызбен бөлісу: |