Онтогенез және эмбриогенез



Дата11.01.2022
өлшемі346,86 Kb.
#110860
Байланысты:
Осатай Индира ЖХБ-011 Онтогенез, эмбриогенез-10
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

ОнтогеНЕЗ ЖӘНЕ ЭМБРИОГЕНЕЗ

Орындаған: Осатай Индира ЖХБ-011

Қабылдаған: Алпамысова Гүлжайна

Онтогенез

  • Онтогенез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы.Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқа жасуша — зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады. Онтогенез – ағзаның туғаннан бастап өлгенге дейінгі даму кезеңі .Онтогенез дербес ұғым болып саналады.

Онтогенездің ашылу тарихы

  • Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынған.
  • Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірегеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы-кол түріндегі мағлұматтар сақталады.
  • Бұл бағдарлама бойынша онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады.

Реттелу кезеңдері

Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар:

    • ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); 
    • эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі;
    • постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады

Онтогенез

Бластула

Гаструла

Тура даму

Түрленіп даму

Нейрула

Постэмбриондық даму



Эмбриондық даму

Бластула

  • Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол:
  • Сүтқоректілерде – бластоциста (стерробластула)
  • Құстарда, бауырымен жорғалаушыларда – дискобластула
  • Қосмекенділерде – амфибластула, қандауыршада – целобластула деп аталады.

Гаструла


Нейрула

Эмбриогенез

  • Ұрықтың дамуыэмбриогенез(грек. embryon — ұрық және грек. genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.

Эмбриогенез

  • Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді.

Эмбриогенез

  • Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп жасушалы ұрық — бластула түзіледі.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет