2016 жылғы 5 айдағы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-қызметтік нәтижесі туралы ақпарат Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті



Дата01.04.2017
өлшемі54,77 Kb.
#13197
2016 жылғы 5 айдағы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-қызметтік нәтижесі туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

ТЖД негізгі міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.



Департамент құрамына 16 құрылымдық бөлімше, Орал қаласы ТЖ басқармасы мен 12 аудандық ТЖ бөлімдері, ведомстволық бағынысты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ, «Жедел құтқару жасағы» ММ, жедел бағыныста «Медициналық апат орталығы» ММ және «Өрт сөндіруші» АҚ бар.

Гарнизонның штаты 1039 жеке құрам болса, бүгінгі таңда нақты көрсеткіш 959.

Есепті кезең ішінде ТЖ департаментінің бөлімшелері 809 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға шығып (2015 – 875), 261 адамды құтқарып (2015 – 189), ТЖ аймағынан 337 адамды қауіпсіз аймаққа эвакуациялады ( 2015 – 443).

2016 жылы 5 ай ішінде табиғи және техногендік сипаттағы 24 ТЖ тіркелсе (2015 жылы – 42), 17 адам зардап шегіп (2015 жылы – 24), соның ішінде 9 қаза болды (2015 жылы – 24). Материалдық шығын 5 427,0  мың. теңгені (2015 жылы 29 670,0мың. теңге, 81,7%-ға азайды) құрайды.

Жалпы БҚО аумағына сипатты ТЖ-лар: су тасқыны, қарлы борасын, қатты жел, орман және дала өрттері, су айдындарындағы адам қазасы, коммуналдық желідегі апаттар, жарылғыш заттардың табылуы, эпидемиялық, эпизоотиялық аурулар және т.б.

Қолданыстағы құрылыс нормалары бойынша («Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» бойынша ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006) БҚО сейсмоқауіпті аймақ болып табылмағанымен, 2008 жылы Теректі ауданы Шалқар көлі аумағында жер сілкінісі орын алды.

Қыс кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарына және тұрғындарға 9 рет дауылдың алдын алу ескертулері уақтылы жеткізілді. 2015-2016 жылғы қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыз жағдайынан 6 рет көлік қозғалысы шектеліп, 2 мәрте жол жабылды. Жалпы ірі ТЖ орын алған жоқ.

Су тасқыны бойынша, алдын-ала болжамдар бойынша облыс аумағындағы су тасу қаупі бар өзендер бассейндерінде топырақтың күзде ылғалдануы мен қардың қоры нормадан жоғары болды. Судың көтерілу деңгейі норма және нормадан жоғары мөлшерде болжанды.

Елді мекендерден қар шығарылып, арықтар тазаланып, гидротехникалық құрылыстар ерекше бақылауға алынды. Саяжайда тұратын тұрғындар саны анықталды. Қажетті материалдық және техникалық ресурстар қоры құрылды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД-мен ірі трансшекаралас өзендер бойынша Орынбор және Саратов облыстарымен ақпарат алмасу ұйымдастырылды. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарымен уақытылы атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде, елді мекендерді су басу тіркелген жоқ.

Су тасқыны бойынша ТЖ соңғы рет 2011 жылы тіркеліп 38 елді мекенді су басып, нәтижесінде ТЖ зардабын жою мен қалпына келтіру үшін 17 млрд. қаржы жұмсалды.

Бүгінгі таңда жалпы республика бойынша өзекті мәселе адамдардың су айдынында қаза болуы мен табиғи өрт болып отыр. Суға түсу және табиғи өртті алдын алу бойынша нормативтік құжаттар талабына сәйкес барлық ұйымдастырушылық құжаттар әзірленіп, кешенді шаралар жүргізілуде. Яғни Сізбен бекітілген алдын алу жоспарлары мен ТЖ комиссия хаттамалары орындаушыларға жеткізіліп, орындалуы бақылануда.

Батыс Қазақстан облысы жалпы республика бойынша суда қаза болған адамдардың шамамен 4% құрайды. Соңғы 10 жыл ішінде облысымызда 301 адам суға батса, оның ішінде 69 балалар.

Ағымдағы жылы облыс аумағында 7 адам суда қаза болды, оның ішінде 1 жасөспірім Сонымен қатар 2 адам іздестірілуде (Ақжайық ауданы Алмалы ауылы, Орал қаласы.) 2015 жылғы осындай кезеңде 15 адам қаза болса, 8 жасөспірім.

Негізгі себептері ересектер тарапынан ішімдік ішіп түсу болса, балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы. Жалпы судағы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы. (ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары мен ережелері бекітілген)

ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағының 4 құтқару бекеті адамдар көптеп суға түсетін орындарында кезекшілікте, олардың 2-уі облыс орталығында, бірі Ақжайық ауданы Чапай аулында болса (Казталов, Жаңақала, Ақжайық аудандарын қамтиды), енді біреуі Теректі ауданының Шалқар көліне бекітілген.

Суға түсу маусымы басталғанға дейін мектептерде интерактивтік сабақтар, ашық сабақтар, ата-аналармен жиналыстар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына мамандар үнемі ақпарат беруде. Рейдтер ұйымдастырылып, бейнероликтер, жүгіртпе жолдар арқылы да ескертілуде. Сонымен қатар ескерту белгілері орнатылып, жадынамалар таратылуда. Жалпы жоспарға сәйкес барлық шаралар қолға алынуда.



Табиғи өрт жағдайы бойынша да кешенді шаралар жүргізілуде. Қала мен аудандарда табиғи өртке жұмылдырылатын күштер мен құралдар жасақталды. Облыста 6 өрт сөндіру бекеті мен 173 ерікті өрт сөндіру жасағы (2500 жеке құраммен) құрылған. (Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі – 27) Одан басқа 8 орман өртін сөндіру бекеттері бар.

Ағымдағы жылы табиғи өрт тіркелген жоқ, бірақта 29 жанулар орын алды. (Есепті кезең бойынша 2015 жылы табиғи өрт тіркелген жоқ, табиғи жанулар 135)

Қала мен аудан әкімдіктеріне өздерімен жасақталған материалдық қорға қосымша, облыстық резервтен (Жергілікті масштабтағы ТЖ алдын алу мен жою бюджеттік бағдарламасы бойынша алынған) 20 тоннаға жуық жанар жағармай материалары мен 210 дана аспалы өрт сөндіргіштер берілуде. Әуеден бақылау мен орман өртін сөндіруге келісім шарт бар («Қазавиоқұтқару» АҚ). 1 мамырдан бастап космостық мониторинг жүргізілуде. Ол өрт ошағын анықтап, күштер мен құралдарды дереу жұмылдыруға мүмкіндік береді («Геостат» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы).

Күштер мен құралдардың практикалық дайындығы Департамент мамандарымен оқу-жаттығу барысында бағаланады. Орман шаруашылығы, жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейдттік шаралар жүргізіліп, шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау ескертілуде. Жол қызметтерімен жол жиегін тырмалау жұмысы жүргізілуде.



Жалпы суға түсу және өрт қаупі кезеңінде адам денсаулығы мен өмірін сақтауға, материалдық шығындарды мейлінше азайтуға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесімен жұмыстар жүргізілуде.
Каталог: fileadmin -> user upload
user upload -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
user upload -> Отчет акима Желаевского сельского округа города Уральска о проделанной работе за 2015 год
user upload -> Алма Есенбаева
user upload -> М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі
user upload -> Б е к ітемі н орал қаласы әкімінің орынбасары Г. Г. Орынгалиев
user upload -> Суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу Құрметті бақ өкілдері, құрметті көрермендер, бүгінгі таңда адамдардың судағы қазасы
user upload -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
user upload -> Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi
user upload -> Білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айының жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет