Суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу Құрметті бақ өкілдері, құрметті көрермендер, бүгінгі таңда адамдардың судағы қазасы



Дата12.03.2017
өлшемі30,14 Kb.
#11589
Суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу
Құрметті БАҚ өкілдері, құрметті көрермендер, бүгінгі таңда адамдардың судағы қазасы бойынша мәселе маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

Аталған мәселе бойынша Үкіметтің, ІІМ ТЖ Комитетінің, облыс әкімдігінің деңгейінде бірнеше отырыстар өткізіліп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімімен арнайы жоспар да бекітіліп, кешенді шаралар жүргізілуде.

Жалпы Батыс Қазақстан облысы аумағында 200 жуық әр түрлі су айдындары бар.

Су - тіршілік көзі, өмірдің нәрі болғанымен, «тілсіз жау» екенін де білеміз. Жыл сайын жаз мезгілінде облыс, республика аумағында судағы адам қазасы өзекті мәселе болып отыр. Батыс Қазақстан облысы жалпы республика бойынша суда қаза болған адамдардың орташа 4,6 % құрайды.

Соңғы 10 жыл ішінде облысымызда 301 адам суға батса, оның ішінде 69 балалар болып отыр.

Жалпы төтенше жағдайлардың түрі бойынша қаза болғандардың ең жоғарғы көрсеткіші, өкінішке орай адамдардың суда қаза болуы.

Ағымдағы жылы облыс аумағында 4 адам суда қаза болды.

(30 наурызда Сырым ауданында мал іздеп шыққан адам Бұлдырты өзеніне батып кетсе, 9 сәуірде Бөрлі ауданы Утва өзеніне балық аулау кезінде 1 адам батып кетті, 26 мамырда Сырым ауданында Өленті өзеніне 1 адам және 30 мамыр күні Орал қаласы Шаған өзеніне 1 адам батып кетті)

2015 жылы осы кезеңде 13 адам суға кетсе, оның ішінде 8 жасөспірім болды.



Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар:

ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары мен ережелері бекітілген, аталған ереже бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға жеткізілуде.

ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағы 4 құтқару бекеті адамдар көптеп суға түсетін орындарында кезекшілікте, олардың 2-уі облыс орталығында, бірі Ақжайық ауданы Чапай аулында болса (Казталов, Жаңақала, Ақжайық аудандарын қамтиды), енді біреуі Теректі ауданының Шалқар көліне бекітілген.

Адам қазасын алдын алудың бірден-бір жолы тұрғындар арасында үгіт насихат жұмысын кеңінен жүргізу, оқыту. Бұл салада құзырлы мекемелердің, жергілікті атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, оқу орындарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара байланыс жұмыстары жүргізілуде.

Сәуірдің 20 мен мамыр айының 20 аралығында ТЖ департаментімен судағы адам қазасын алдын алу бойынша айлық жүргізілді. Айлық барысында Департаменттің мамандары құтқарушылармен бірлесіп мектептерде интерактивтік сабақ өткізді. Облыстық Білім басқармасымен мектептерде ата-аналар жиналыстарында судағы қауіпсіздік шараларын сақтау ескертілді. Мектептерге арнайы плакаттар, жадынамалар таратылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы да сала мамандары судағы қауіпсіздік шараларын хабарлауда. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін ТЖ департаментінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында да талқылап, шаралар қолға алынды.



ТЖ департаменттің, оның бөлімшелерінің мамандарымен суға көптеп түсетін орындарға барып демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша жадынамалар таратуда. Рейдттерге Жастар ісі басқармасы арқылы жастар жұмылдырылуда. Коммуналдық қызметтер арқылы түбіртектерге судағы қауіпсіздік ережесін басып шығару арқылы тұтынушыларға ақпараттар жеткізілуде. Жергілікті полиция қызметімен адамдар көптеп түсетін орындарда қоғамдық тәртіп қатаң қадағалануда.

Суда адам қазасын алдын алу бір ғана органнның жұмысы ғана емес, аталған жұмысқа азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарын белсенді қатынасуға шақырамын, себебі суда қаза болғандар - біздің жерлестеріміз, біріміздің туысымыз, досымыз, ең жақын адамымыз. Бірлесе атқарған жұмыс арқасында ағымдағы жылы суда адам қазасын барынша төмендетеміз деген сенімдеміз.
Каталог: fileadmin -> user upload
user upload -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
user upload -> Отчет акима Желаевского сельского округа города Уральска о проделанной работе за 2015 год
user upload -> Алма Есенбаева
user upload -> М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі
user upload -> Б е к ітемі н орал қаласы әкімінің орынбасары Г. Г. Орынгалиев
user upload -> 2016 жылғы 5 айдағы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-қызметтік нәтижесі туралы ақпарат Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
user upload -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
user upload -> Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi
user upload -> Білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айының жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет