Сабақ тақырыбы: Cаналы тәртіп пен тәртіптіліке тәрбиелеу әдісі



бет1/2
Дата24.02.2023
өлшемі30,33 Kb.
#170040
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Педагогика ДШ-21 17.02 и 24.02


Сабақ тақырыбы: Cаналы тәртіп пен тәртіптіліке тәрбиелеу әдісі
ІІІ. Жаңа сабақ:
Саналы тәртіп пен тәртіптіліке тәрбиелеу әдісі
Оқудың алғашқы күнінен бастап сыныпта жақсы тәртіп қалай орнатуға болады.
Ең алдымен педагогика тәртіпті арнаулы өткізген кейбір іс-шаралар ғана емес, мектептің барлық тәрбие жұмысы жүйесінің нәтижесі деп қарайтынын ұғынған жөн.
Балалар өмірін ұйымдастыруды, жеке басының тәртібін:

  1. Оқушылармен өзінің арақатынасын егжей-тежейлі ойластырған мұғалім ғана оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде табысқа жете алады.

  2. Іскерлік, белсенділік етек алған, салдыр-салақтық пен тәртіпсіздікке жол бермеген мектепте ғана тәртіпті, белсенді жоғары саналы адамдар тәрбиеленеді.

Мұғалім саналы тәптіпке тәрбиелеудегі өзінің рөлі мен дәрежесін жақсы ұғынуы шарт.
Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің белсенділігіне және оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделген болса, ондай жүйесінің көмегімен саналы тәртіпті тәрбиелеу мүмкін емес.
Іс-әрекеттегі саналы тәртіптілікті тәрбиелеу
Адамның тәртіптілігінің аса маңызды белгісі – бұл онда ұйымдасқан мінез-құлықтың берік дағдылары мен әрекеттерінің болуы. Олар оқыту мен түрліше қоғамдық пайдалы еңбек процесінде қалыптасады.
Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуге оқу еңбегінің ерекше мәні бар.
Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскеде ұйышылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Бұл жерде мұғалімдер тарапынан қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Мысалы: тәртіпті күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік – сабақты жаман ұйымдастырғандық.
Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуде оқу еңбегінің ерекше мәні бар.
Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскеде ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Бұл жерде мұғалімдер тарапынанқойылатын талаптардың күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік – сабақты жаман ұйымдастырғандықтан.
Саналы тәптіпке тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы еңбектің мүмкіндігі зор.
Қоғамдық еңбек процесінде оқушылар ыждағаттылыққа, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға, еңбекті сүюге, өмір жолындағы қиындықтар мен бөгеттерді жеңуге деген табандылық пен шеберлікке тәрбиеленеді.
Мектеп ауласын көгалдандыруға қатыса отырып олар ұйымшылдық, орындағыштық тәжірибесін алады, өз қолдарымен отырғызған ағаштар мен бұталарды күтіп, баптап сақтайтын болады. Соның нәтижесінде оларда тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді.
Жақсы ұйымдастырылған еңбекте мектеп оқушылары дұрыс мінез-құлық, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының дәл орындау дағдыларына ие болады, әрі нығайтады, өзара жауакершілікке, тыңғылықтыққа үйренеді. Еңбек және қоғкамдық пайдалы іс-әрекет тек қана дағдылар мен әдептерді емес, сонымен бірге оқушы өзін тәртіп талаптарына сай ұстауға бағыттайтын ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.



ықпалдар қосындысы және баға беру, газет, еңбек қоғамдық жұмыс, ойын, демалысы

Жүйесі
мұғалімнің жеке басы, қарым-қатынасы.

мектепте тәртіптің дұрыс қойылуы.


1) Сабақта: саналық, ұымшылдық, тәртіптілік



Жолдары


2) Қоғамдық пайдалы еңбек: өз міндеттерін білуі, ұйымшылдық
ІV) Күн тәртібінің тәрбиелік мәні.
Балалардың сан қилы іс-әрекеті жүйемен ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібі үлкен маңызға ие. Күн ырғағы – адамгершілік саналарын қалыптастырудың маңызды әдісі, әсіресе оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде оның рөлі ерекше.
Күн тәртібін сақтау – мінез-құлыққа үйретудің басты құралы. Еңбек пендемалуды дұрыс алмастырып отыру оқу сабақтарының тиімділігін арттырады, тәртіпке түсіреді, ұқыптылық пен адалдыққа, жұмысты белгіленген мерзімде орындауға үйретеді. Гигиена талаптарына сәйкес белгіленген күн ырғағы мектеп оқушыларының мінез-құлқын реттеп, оларды тәртіптілікке еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруға, тәртіп пен ұқыптылыққа үйретеді.
«Мектептің барлық режимі – дейді Н.К.Крупская, оның бүкіл жолға қойылуы тәртіпке ерекше әсер етеді.»А.С.Макаренко да күн тәртібін оқушыларды тәртіпке үйретүдің аса маңызды құралы деп қарады.
Күн тәртібін жасағанда әрбір қадамды өлшеп жатудың қажеті жоқ. Күн тәртібінің мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушы мысалы, сабағын дайындап болғаннан кейін өзі сүйетін спорт түрімен айналысса, екіншісі көркем әдебиет оқумен, үшіншісі қандай да бір прибор құрастырумен, төртіншісі музыка не сурет салумен айналысады. Егер күн тәртібінде бос уақыт қалдырмаса, оның бастамасы мен дербестілігіне қос байлау болады.
Күн тәртібі ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жұмыста дәлділікке үйретудің құралы. Әсіресе төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудегі орны ерекше. Олар күн тәртібі талаптарын сөзсіз қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға тырысады. Мұғалім мен ата-аналар тарапынан бірлескен бақылау болса, күн тәртібі баланың өміріне берік қалыптасады және тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды құралына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет