ЛАВЛЕЙС Августа Ада Кинг (Lovelace Augusta Ada King), 29.11.1852, сол жерде), ағылшын математигі.
Августа Лавлейсті №1 бағдарламалаушы деп атайды, өйткені ол өз әріптесі Чарльз Бэббидждің есептеу машинасына арнап алғаш бағдарлама жазған.
Августа Ада Лавлейс 1815 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Ол ағылшынның ұлы ақыны Джордж Гордон Байрон (1788 - 1824) мен Аннабелла Байронның (өз тегі Милбэнк, 1792-1860) жалғыз қызы болатын.
Чарльз Беббидж [2] (англ. Charles Babbage; 26 желтоқсан 1791, Лондон, Англия - 1871, 18 қазан, сол жерде) - ағылшын математигі, алғашқы аналитикалық компьютерді жасап шығарушы. Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылымдар академиясының шетелдік корреспондент-мүшесі (1832). Функциялар теориясы, экономикадағы есептерді механикаландыру бойынша еңбектер жазды. Ол (1820-22) есептеу машинасын ойлап тауып, құрастырды. 1833 жылы ол әмбебап сандық компьютердің жобасын жасады