Сабақтың тақырыбы : Белгілі адамдар. Абай Құнанбайұлы



Дата07.02.2022
өлшемі14,42 Kb.
#86545
түріСабақ
Байланысты:
05.10.2020ж. Белгілі адамдар. Абай Құнанбайұлы.
16.10.2020ж. Қоғам қайрпаткері.

05.10.2020ж.
Сабақтың тақырыбы: Белгілі адамдар. Абай Құнанбайұлы.


Абай Құнанбайұлы.

Абай – қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол ХІХ ғасырдың екініші жартысында қазақ сөз өнерін жаңа биікке көтерегн ұлы тұлға.


Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 22 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абй ауданында, Шыңғыстау бөктерінде Қасқабұлақ жерінде дүниеге келген. Әкесі Құананбай аға сұлтан болып, ел билеген, қайраткер адам болған. Әжесі Зере немересі Ибраһимді еркелетіп Абай деп атап кеткен. Анасы Ұлжан өте сабырлы, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Анасы мен әжесі Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді көп айтатын.
Абай әуелі ауылдағы Ғабитқан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Медресенің үшініш жылында қосымша орысша оқиды.
Өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруді 1880 жылдардан бастайды. Абай 1904 жылы 5-ші шілдеде қайтыс болды. Ол «Қзақ елім, қазағым, қайран жұртым», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», тағы басқа өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін, аудармаларын қалдырды. Алғашқы жинағы 1909 жылы «Қазақстың ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен Петегрбургте басылды.


Жаңа сөздерді оқып, жаттап алыңдар.

Данышпан-ойшыл-ғұлама


Сауатын ашу-білім алу
Қайраткер-белгілі тұлға
Басылу-жарық көру
Ел билеу-ел басқару
Асық бол-ынтық бол
Сабырлы –ұстамды
Еркелету-аялау
Дұшпан-жау
Ұмтылу-талпыну-тырысу
Қайғы жеу-уайымдау, ойлау
Құмарлану-ынтығу, жақсы көру
Сөзге ұста-сөзге шешен, тапқыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет