БЕКІТЕМІН
«Курчатов қаласының білім,
дене шынықтыру және спорт
бөлімі»ММ басшысы
--------- Ә. Ж.Ұлықпанова
Қалалық мектептерінде Абай оқуларын өткізу ережесі
Абай оқуларының мақсаттары:
1. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,
2.Оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;
3. 4. Адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.
2. Абай оқуларының міндеттері:
1. Мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;
2. Абай оқулары қазақ тілінде өтеді.
3. Абай оқуларына қала мектептерінің 7- 9 сынып оқушылары қатыса алады.
4.Әрбір мектептен 5 қатысушыдан аспауы керек.
Өткізу мерзімі:
1. Қалалық «Абай оқулары» 2015 жыл 15 қаңтар, сағат 15.00. № 1 орта мектепте өтеді.
2. Қалалақ «Абай оқуларын» ұйымдастырушы – «Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кульбекова Айгуль Аблаевна.(байланыс телефоны 87016818793)
Қатысу тәртібі:
Қатысушы алдына ала өтініш береді.
Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынуы қажет.
3. Өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу.
4. Әрбір мектеп 5 кандидатура ұсынады.(Абай өлеңдерін мәнерлеп оқитын 3-4 оқушы, - Абайдың әндері мен күйлерін орындайтын 1 оқушы.) Абай шығармаларын жақта оқу қарастырылады.
Абай оқуларының ережелері:
«Абай оқулары» үш номинация бойынша өткізіледі.
I кезең- « Білімдіден шыққан сөз» - Абай шығармаларын жатқа оқу байқауы.
II кезең – «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» - Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы. (түрлі музыкалық аспаптар мен сүйемелдеп орындауға болады).
III кезең : «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» Абайға арнау, жас ақындардың авторлық төл туындылары.
Байқауды өткізу шарттары
— Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс;
— М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлік пен жатқа орындау (3-4 минут).
Әншілік қабілетін таныту:
Абайдың әндерін мен күйлерін орындау .Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:
— қатысушы орындаған шығарманың өзектілігі, орындау шеберлігі;
— қатысушының қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне;
— қатысушының ән орындау шеберлігіне;
— қатысушының сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісінде киінуіне назар аударылады.
Қорытынды шығару, марапаттау
1.Әр номинацияда I, II, III жүлделі орын анықталады. Жүлделі орындарға ие болған Абай оқуларының қатысушылары Білім басқармасының грамоталары және сыйлықтары мен марапатталады.
Утверждаю
Руководитель ГУ
«Отдел оброзования,
физической культуры и спорта
города Курчатова ВКО»
------А.Ж. Улукпанова
ПОЛОЖЕНИЕ
Городского конкурса чтецов «Абайские чтения»
Конкурс «Абайские чтения» проводится на городском уровне в СОШ №1.
Организатор конкурса Кульбекова Айгул Аблаевна, учитель казахского языка и литературы.
Цели и задачи
воспитание любови к духовному наследию великого мыслителя Абая;
пропаганда творчества известного казахского поэта, философа, композитора, просветителя и мыслителя;
развитие у школьников творческих способностей, этического чуства;
повышение культуры речи;
развитие интереса к изучению государственного языка, расширение сферы применения государственного языка.
Участники, «Абайских чтений»
1.В конкурсе могут принять участие учащиеся 7-9 классов.
2.Каждая школа выставлает на конкурс не более 5 кандидатур.
Условия проведения « Абайских чтений»
1. Конкурс состоится 15 января 2016 году в актовом зале СОШ №1. В 15-00 ч.
2. Конкурс проводится на казахском языке.
3. Конкурс состоит из трех туров;
Первый тур - « Білімдіден шыққан сөз» Конкурс учащихся, владеющих мастерством художественного чтения
Второй тур - «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Конкурс учащихся, владеющих песенным искусством.
Третий тур - «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» свое авторское стихотворение, посвященное Абаю.
Критерии оценок
При оценке участники жюри руководствуются следующими критериями;
Мастерство художественного чтения:
— выразительное чтение наизусть произведений Абая (поэтические произведения, связанные с темой образования, науки и искусства или слова-назидания). Время исполнения не более 3-4 минут;
— декламация наизусть фрагмента из романа «Путь Абая» М.Ауэзова. Время исполнения не более 3-4 минут.
Песенное искусство:
— исполнение народных песени и песни Абая (1 песня). Время не более 3-5 мин.
При оценке мастерства конкурсантов учитываются:
— мастерство чтения и оригинальность выбора художественного текста;
— соблюдение орфоэпических норм казахского языка;
— манера исполнения песни;
— сценичность и культура исполнения, национальный казахский костюм.
Подведение итогов и награждение участиков конкурса чтецов «Абайские чтения»
1.Итоги конкурса определяют жюри.
2. Победители конкурса «Абайские чтения», награждаются грамотами и подарками.
Абай оқуларының бағалау парағы
№
|
Оқушының тегі, аты
|
Білімдіден шыққан сөз
|
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
|
Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы
|
сыныбы
|
Ұпай сандары
|
өлеңді жатқа мәнерлеп оқу
|
уақыт
|
|
әншілік қабілеті мен әртістік
|
Орындау шеберлігі
|
Сөз қолданысы
|
\
|
|
1
|
Амангельдинова Сабина
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 «Б»
|
|
2
|
Зупар Ақмарал
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 «Б»
|
|
3
|
Мұхаметхан Бақытгуль
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 «А»
|
|
4
|
Төлеубек Шағала
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 «А»
|
|
5
|
Серікқан Динар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 «Б»
|
|
6
|
Махметова Ақбота
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 «В»
|
|
7
|
Тұрсынова Назерке
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 «Ә»
|
|
8
|
Қанатқызы Ақбота
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 «Ә»
|
|
9
|
Адаққызы Ақерке
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 «Ә»
|
|
10
|
Әділбек Ансар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «А»
|
|
11
|
Муратова Мадижана
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «А»
|
|
12
|
Муратова Дильназ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «Б»
|
|
13
|
Костеева Настя
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 «Б»
|
|
14
|
Талғат Елзат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 «Б»
|
|
15
|
Таурхан Аяжан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 «Б»
|
|
16
|
Мақат Сұңғыла
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 «Б»
|
|
17
|
Кумаргожина Алуа
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 «Б»
|
|
18
|
Құмарбекова Амангуль
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6«А»
|
|
19
|
Бағдатқызы Аружан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 «Б»
|
|
20
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
III кезең - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Абай шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы. Қатысушы байқау басталғанға дейін жаттаған шығармаларының тізімін береді (артықшылық данышпандардың өлеңдерін көп жаттаған оқушыда);
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы (өз шығармаларын – өлеңдер, әндер мен күйлер – орындау).
Мектепішілік Абай оқулары байқауының сценарийі
Мақсаты: Ұлы ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
оқушыларды адамгершілікке, Абайдың рухани мұраларын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер:
1) Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғ.Мүсірепов
2) Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі
көргендікпен ұға білуінде жатыр.
К.Семенов
Мұғалімнің алғы сөзі
Абай –артына мол мұра қалдырған адам. Оның шығармалары күні бүгінге дейін терең мағынасымен,асыл да құнарлы жұртқа жол көрсетіп тұр. Екінші бір Абайдың сөз өнерін сүюіне зор ықпал еткен нәрсе – сол заманның шешендерінің тамаша сөздері.Нағыз ақын,әрі патриот Абай. Ол- халықты өнер-білімге шақырады. Сонымен бірге шетел классиктерінің, орыс ақындарының еңбектерін қазақшаға аударып,қазақ оқырманының жүрегіне терең бойлата білді. Биыл міне Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жылдық мерейтойына байланысты ұйыдастырылып отырған Абай оқуларын ашық деп жариялаймын.
(Муызка ойнайды да Абайдың19 қара сөзі оқылады.)
1-жүргізуші
Өнердің түрі көп. Соның ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз өнері.
2-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналады.
1-жүргізуші
Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы.
2- жүргізуші
Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры!
1-жүргізуші
Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Алдарыңызда 8 «Б» сынып оқушысы Ерболова Динардың орындауында ән «Мереке» қошемет пен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты үш номинациясымен таныстырып өтейік.
Бірінші номинация: «Білімдіден шыққан сөз» Абай шығармаларын жатқа айту сайысы.
Екінші номинация: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндері
мен күйлерін орындаушылардың сайысы.
Үшінші номинация: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» жас дарындар сайысы.
1- жүргізуші
Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздардың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Мектеп директоры Абишева Райхан Армияновна.
2. Мектеп директорының оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Айтказина Жанат Мейрамгалиевна.
3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ожыков Ернур Жанатбекович.
4. Орыс тілі мұғалімі Маженова Рауфа Маулсейтовна
5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шотанова Алия Наурзбаевна
2 - жүргізуші
Әділқазылардың міндеттері:
- қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бес ұпайлық жүйемен
бағалайды;
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орынға бөледі;
- қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және
қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
- қазылар алқасының төрайымы «Абай оқуларының» қорытындысы туралы
есеп береді.
1-жүргізуші
Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімі мықты әрбір жан – дей келе сахна төріне бүгінгі Абай оқуларының қатысушыларын қошемет пен қарсы алайық.(саханаға қатысушылар шығады)
2- жүргізуші
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе бірінші кезең «Білімдіден шыққан сөз» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға:
1. 9 «А» сынып оқушысы Мұхаметхан Бақытгулдің орындауында Проза «Абай жолы» романының «Қайтқанда» бөлімінен үзінді.
2. 9 «Б» сынып оқушысы Кумаргажинова Алуа 17-қара сөзі,
3. 9 «Б» сынып оқушысы Мақат Сұңғыла 9-қара сөзі мен «Жүрегім нені сезеді» өлеңі.
4. 9 «Б» сынып оқушысы Таурхан Аяжанның орындауында 11-қара сөзі
5. 6 «Ә» сынып оқушысы Адаққызы Ақеркенің орындауында «Құлақтан кіріп бойды алар»өлеңі.
6. 6 «А сынып оқушысы Құмарбекова Амангулдің орындауында «Көк тұман- алдыңдағы келер заман» өлеңі.
7. 8 «Б» сынып оқушысы Зупар Ақмаралдың орындауында «Өлеңнен өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»
8. 6 «Ә» сынып оқушысы Қанатқызы Ақбота «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»өлеңі.
9. 9 «Б» сынып оқушысы Кумаргажинова Алуаның орындауында тақпақ «Құлақтан кіріп бойды алар
10. 10 «Б» сынып оқушысы Серікқан Динардың орындауында «Ескендір» поэмасынан үзінді оқиды қарсы алыңыздар.
11. 6 «В» сынып оқушысы Махметова Ақботаның орындауында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
12. 7 «Б» сынып оқушысы Токмуханбетова Данираның орындауында « Қыс» өлеңі .
13.7 «Б» сынып оқушысы Муратова Дильназдың орындауында «Жазғытұры».
14. 7 «Б» сынып оқушысы Костеева Настияның орындауында «Сегіз яақ» өлеңі
15. 9 «А» сынып оқушысы Мұхаметхан Бақытгүлдің орындауына «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі қол соғып қарсы алыңыздар.
16. Төлеубек Шағала орындауында «Сағаттың шыңылдағы емес ермек»
1-жүгзізуші
Осымен бірінші кезең «Білімдіден шыққан сөз» атты номинациямыз өз мәресіне жетті. Сіздердің алдарыңызда 8 «А» сынып оқушысы Жұмажанов Еркебуланның орындауында күйі «Түркістан» қол соғып қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші
Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін.
Тірілерін құрметтеп, өлілерін
Тірілтуде әнменен міндеттімін.
1-жүргізуші
Екінші кезең «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортаға:
1.( 9 «Б» сынып оқушысы Амангельдинова Сабина Абайдың әні «Көзімнің қарасы» қабыл алыңыздар.
2 Тұрсынова Назеркенің орындауында ән «Желсіз түнде жарық ай» қарсы алыңыздар. .
3. Қанатқызы Ақботаның орындаунда «Желсіз түнде жарық ай» қошеметпен қарсы алыңыздар. .
4. 10 «Б» сынып оқушысы Серікқан Динардың орындауында ән «Көзімнің қарасы» қол соғып қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші
Екінші кезеңіміз «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты номинациясы бойынша сайысымызды аяқтаймыз.
1-жүргізуші
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан таулардан сені іздедім, - деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.
2-жүргізуші
Үшінші кезеңіміз «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты номинациясы бойынша сайысымызды бастаймыз.
Ортаға
1. 7 «А»сынып оқушысы Әділбек Ансардың авторлық шығармасы
2.7 «А»сынып оқушысы Муратова Мадижана
3. Талғат Елзат 10 «Б» сынып оқушысы өз туындысы.
4. 9 «Б» сынып оқушысы Мұхаметхан Бақытгүлдің авторлық шығармасы.
5.7 «Б» сынып оқушысы Сағынгазинова Айдананың өз шығармасы қарсы алыңыздар.
6.7 «Б»сынып оқушысы Базарқанқызы Асылзатты ортаға шақырамыз.
7. 8 «Б» сынып оқушысы Зупар Ақмаралдың орындауында Абайға арнау.
8. 8 «А» сынып оқушысы Төлеубек Шағаланың авторлық шығармасы Абайға арнау.
1-жүргізуші
Сонымен бүгінгі байқауымыздың үшінші кезеңі де өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқасы қорытындысын шығарғанша алдарыңызда 9 «А» сынып оқушысы Абылқайырқызы Гүлзаттың орындауында күй «Ерке сылқым » қол соғып қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші
Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.
1- жүргізуші
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
2- жүргізуші
Бүгінгі байқаудың қорытындысы мен марапаттау үшін құттықтау сөз мектебіміздің директоры Абишева Райхан Армияноваға беріледі.
1-жүргізуші
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Сондықтан балалар өз ғұламамыздың шығараларын қашан да дәріптеп, сүйе білейік достар!
2-жүргізуші
Бүгін міне, Абай атамыздың шығармаларынан шалықтатып ән салып, күмбірлетіп күй төгілтіп, көркем сөз оқу шеберліктеріңді де шыңдадыңдар. Осында Абай сүйген шәкірттері бар екеніне біз бақыттымыз. Барлықтарыңның өз үлестеріңді қосып жауапкершілік пен қатысқандарыңа көп рақмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Сыныптан тыс шара Абай оқуларының талдауы
1.Мақсаты: Ұлы ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
оқушыларды адамгершілікке, Абайдың рухани мұраларын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрінекілік: Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, нақыл сөздер:
шара 7-9- сынып оқушылары арасында өтті.
-өмірмен, біліммен, ғылыммен байланысы болды.
- шараны мақсатына жету үшін ақынның тәрбиеге байланысты қара сөзімен аштым. - Жас ерекшеліктері ескеріген, тапсырмалар түсінікті және оны оқушылар нақты орындады.
- оқушылардың белсендікпен қатысты, эстетика мен өзін өзі саханада ұстағандары көңіліме қонды.
-Байқауға байланысты алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілді.
-Жоспарлағандай Абай шығармалары мен әндерін айту арқылы рухани танымын кеңейтіп, мәнерлеп жатқа айта білді.
Саханалық қойылымдарын да жақсы орындап шықты.
Абай шәкірттері де өз төл туындыларын оқып өздерінің дарындылықтары мен шеберліктерін де көрсете білді. Оқушылардың көңіл күйлері жақсы болды. Танылмай жүрген оқушыларды басқа қырынан да таныдық.
Тақырыбы: «Абай шығармалары ұрпақ аузында»
Мақсаты: Оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту,ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Талабы:
1.«Қатысушы өзі білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет.
2.Өлеңдер мәнерлеп, нақышына келтіре орындалуы тиіс.
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны -білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды. Бүгінгі «Абай шығармалары ұрпақ аузында» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Жарыстың кезеңдері:
1.«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
(Абайдың шығармаларын жатқа оқу)
2«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Жас дарындар конкурсы, өз шығармалары (өлең, әндер, күйлер)
Бүгінгі сайысымыздың төрешілері - әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.»
Ұлы ақын Абай өз шығармаларын болашақ ұрпаққа тәрбиесіне арнады. Осы ұлы тұлға шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
1.Жансұлтан Ғанижамал
2.Оңғалбаева Мөлдір
3.Сатыбалдина Наргиза
4.Сарқұлова Индира
5.Жұбатқанова Мариям
6.Сәрсенбай Жансая
7.Иният Нүрила
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Әсем, тәтті әнге кезек берейік.
Абдраман Наргиза 3 А сынып оқушысының орындауында Абайдың әні
«Желсіз түнде жарық-ай»
2.Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы.
Сайысымыздың екінші кезеңі
«Жүйріктен жүйрік жарысқанда» демекші ұлы Абай атамыздың жолын қуған болашақ ақындар сайысына кезек берейік
1.
2.
3.
Абай өлеңдерімен сусындаған талантты да, талапты жас ұрпақ арасындағы сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын кез де келіп жетті. Сонымен сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Қортынды: Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз.
Ұлылар үндестігі» әдеби - сазды іс - шара
Мақсаты:
Халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдары, Абай, Ыбырай, Мұқағали өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақындарының ақындық таланттарын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі өткелі отырған «Ұлылар үндестігі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақ ақындарының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара.
Ия, ұлылар, ұлылар!
Кім ұлы десек қазақта жетеді ғой шіркін – ай!
Бірақ соның ішінде
Абай, Ыбырай, Мұқағали...
Ең дарынды, ең шебер ақындар.
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс - әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.
Абай - один из самых великих поэтов казахского народа, переводчик, философ, политический деятель, музыкант.
Много лирических песен о неразделённой любви и написал поэт, яркое признание в любви, страсть к родному человеку звучат в его творениях.
Ыбырай Алтынсарин алғашқы мұғалім, қазақ халқының біртуар азаматы. Оның өлеңдері мен әңгімелері терең ойлы, халық жайлы.
В них автор талантливо выражает, общечеловеческие идеи, поэтому эти произведения близки и понятны не только для его современников, но и для нас, потомков.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өз естеліктерінде былай дейді: «Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма сыбырлағандай болады. Соны көшіремін. Сенесің бе?»
Да, Поэзия Макатаева несет в себе огромный заряд патриотизма, основными составляющими которого являются любовь к своему народу и родному языку. Написанные почти сорок лет назад стихотворения Макатаева звучат сегодня очень современно. Неиссякаемая любовь поэта к родной земле, к своему народу глубоко трогают душу.
1 - Сонымен балалар өздеріңіз байқағандай бүгінгі сазды кеш осы ұлылардың құрметіне арналып отыр.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныс болайық!
Жюри:
Наш конкурс будет проходить по трем номинациям
1) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» выразительное чтение стихов Абая, Ыбырая и Мұқағали.
2) «Әңгіме мен қара сөз» в этой номинации участики будут рассказывать рассказы и слава назидания АБая и Ыбырай.
3) «Көңілім әнді ұғады» песни Абая и Мұқағали
Қалқам!
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен!
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естімеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым.
Қасиетіңнен, айналайын, қара өлең,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан - миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Бірінші номинация қатысушылары дайындалып отырсын.
Кезекпен Аты - жөнін сыныбын атап шақырамыз.
Байқау қатысушыларының орындаулары
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері халық өмірімен байланысты болып келеді. Өз әңгімелерінде Ыбырай достық, білім, еріншектік, тәрбие туралы ой қозғайды.
Ал, Абай жазған қара сөздер қазақ әдебиетінің алтын қазынасы, баға жетпес қазынасы.
«Если страстно полюбишь науку, и само знание будешь считать подарком, то оно даст тебе высшее блаженство. Стремись к знаниям, стремись к ним страстно» Слово 32.
«Человек - дитя своего времени. Но если ты дурён, не обвиняй в этом своих современников». Слово 37.
«Кричащий в гневе смешон, молчащий в гневе страшен». Слово 37.
Абай Кунанбаев известен нам не только словами назидания, лирическими стихами и песнями, он известен нам своими изумительными переводами. Особенно его привлекали лирические произведения русских поэтов 18 века и немецкого драматурга и поэта Гёте.
Екінші номинация Әңгіме, қара сөз
Қара сөз бен әңгіме номинациясы қатысушыларын тыңдаймыз
Поэзия Абая усилена цветом, литературными и философскими ассоциациями. Читая его, зачаровываешься изобильной щедростью художника, ему доступны всё: песенный напев и заражающая музыкальность. Поэзия Абая певуча и таинственна. Стихи его - мощный поток душевности и непоколебимой жажды искупления и внутренней непосредственности.
Бүгінде Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдерінің 100 - ден астамын әндер жазылды. Соның ішінде 30 - дан астам жауһар жырларына Нұрғиса Тілендиев ән жазып берген екен.
Келесі кезекті мектебіміздің жас бұлбұл әншілеріне береміз.
Ал, енді балалар қазір әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша біз, ұлылар өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп көрейік!
Әділқазылар алқасына сөз береміз.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған - дей отыра, кешімізді аяқтап қош сау болыңыздар дейміз!
Викториналық сұрақтар
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары?
В каком году родился Ыбрай Алтынсарин? (1841 год).
«Үш бақытым», «Отан» өлеңдерінің авторы кім?
Как переводиться песня «Көзімнің қарасы» и кто его автор?
«Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!- деп басталатын өлең кімнің өлеңі? Ыбырай
Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
А. С. Пушкиннің атақты “Евгений Онегин” романын кім аударды? Абай
Мұқағали Мақатаевтың туған жері? Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылы
Как переводиться песня «Безветренная лунная ночь»на казахский язык?
Место рождения Ы. Алтынсарина? (Кустанайской области).
Абай туралы қысқаша мәлімет?
Абайдың әжесімен анасының аты кім?
Кто автор романа - эпопеи «Путь Абая»?
Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қашан және қайдаашты? /1860, Торгай
Абайдың қара сөздерінің саны нешеу?
В каком городе учился Ыбрай Алтынсарин? (Оренбург).
Мұқағали қай өлеңінде өзі туралы жазды?/ анкета/
Стихи каких поэтов переводил Ыбрай Алтынсарин? (А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов)
Мақатаевтың махаббат тақырыбына жазған өлеңдері қалай аталады?
Настоящее имя Абая /Ибрахим/
«Бай баласы мен жарлы баласы»әңгімесінің кейіпкерлері кімдер, әңгіменің авторы?
Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін ата
Мұқағали Мақатаевтың патриоттық өлеңдерін атаңдар?
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.- кімнің өлеңі және қалай аталады?
«Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?
Достарыңызбен бөлісу: |