Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі Жоспар
1. Бала тәрбиесі
2. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға
3. Отбасы – біртұтас мемлекет
Өткізу түрі: Лекторий, пікір-талас
Әдіс-тәсілі: Тренинг жаттығулары, топтық жұмыс кеңес.
Көрнекіліктер: қалам, жүрекше, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, үлгілі бала суреті, үнтаспа
Жүргізу барысы:
Ата-аналар лекторийсының мақсаты хабарланады.
Баланы өмірге бейімделуге мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектептен ата-ана әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Халық Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді.
Жобаның өзектілігі:
Ата –аналарды мектеппен байланысын ғылыми түрде қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру.
Жоба мақсаты:
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Осы байланыстың тәсілдері жобада қарастырылып, бірнеше үлгісі көрсетілген.
1. Таныстыру - ата-аналар шеңбер жасап,ортаға келіп тұрады. Өз есімдерін атап кімнің ата-анасы екенін айтып, өзін таныстырады.
-Таныстырып болған соң үш түс бойынша топққа бөлінеміз «Балаларды тәрбиелеудегі ата ананың рөлі» ата-аналарға арналған лекториямызды бастаймыз.