2.Үш топқа бөліну.
Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр»,қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке –жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата-ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып,түсіне орай топқа сары түс- «ӘКЕ», қызыл түс- «АНА», көк түс- «БАЛА» тобына бірігіп отырады.
3.Баяндама оқылады.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.
Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Сынып жетекшісінің жұмысы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |