«Адамның бақыты — балада»
Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді.
Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.