2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 1-бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»



Дата09.04.2023
өлшемі53,49 Kb.
#174034
Байланысты:
бжб 2токс каз7

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

1-бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»


1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

7.2.5.1 -Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазу

1-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.
Достар
Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды,"- деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды",- деп тасқа қашап жазады. Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?"- деп сұрайды. Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен.


2-тапсырма. Тезистік жоспарға сүйене отырып, «Бірлігі жарасқан сынып» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.
Тезистік жоспар:

  1. Тақырыпқа сәйкес сыныптың өзге сыныптардан ерекшелігі туралы;

  2. Сыныптағы оқушылар туралы ақпарат, олардың сынып бірлігіндегі рөлі туралы;

  3. Қорытынды ой




1-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.
Достар
Бірде әкесі баласына қаратып:- Балам, қанша досың бар?- деп сауал қойыпты. Сонда ештеңенің байыбына бара бермейтін бала көңілмен ұлы: «Жолдас балаларымның барлығымен тату-тәтті доспын. Ешқайсысы мен туралы бөтен ойламайды. Бір-бірімізден еш нәрсе аянып қалмаймыз. Қолымыздан келгенше жәрдемдесіп тұрамыз»,- деп бірнеше жауаптарды үсті-үстіне жаудыртып айтып береді. Сонда баласының әңгімесін сабырмен тыңдап болып, «Е-ее, қарағым. Сен айтқан пікірлермен достықты толыққанды бағалауға болмайды. Мен саған мына бір аңыз әңгімені айтып берейін. «Бірде жігіт досын сынамақ болып, қорадағы қойын сойып қапқа салып досына апарып көрсетіп, мен мына адамды жазым етіп алдым, енді мен жазаға тартылуым мүмкін. Сен отбасыма, мал-мүлкіме қорған бол, бала кезден егіз қозыдай тел өскен жолдасым деп саған аманат етіп тұрмын,- дейді сұраңқы жүзбен күмілжи сөйлеп. Мұндай жағдайды күтпеген жолдасы абдырап қалып, қазір мен үйге барып келейін деп үйінен мылтық ала шығып қаптағы салулы тұрған қой етін үсті- үстіне атып жібереді де міне енді екеуміз бірдей болдық. Сенің басыңа жағдай туындап тұрғанда жалғыз тастай алмаймын. Нендей қиыншылық болса да бірге көтереміз»,- деп шынайы жанашырлығын танытады. Көрдің де ұлым, дос деген осындай басыңа іс түскенде танылады. Әйтпесе, былайғы күні бәрі жақын, бәрі дос болып жүреді,» - деп сөзін аяқтайды. (http://old.baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-94099)


2-тапсырма. Тезистік жоспарға сүйене отырып, «Қазақстан - көпұлтты мемлекет» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.

Тезистік жоспар:



  1. Тақырыпқа сәйкес Қазақстанның ұлтаралық бірлік саясаты туралы;

  2. Қазақстан халқы туралы ақпарат, олардың ел бірлігіндегі рөлі туралы;

  3. Қорытынды ой.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет