Байланысты: дене тәрбиесі әдістеме Бб-318 тобының студенті Нурбахыт Айсулу
Сабақ жазба жоспары (үлгі)
Сабақтың тақырыбы: «Допты ұста».
Сабақтың мақсаты: 1) Білім беру: Баланы «Допты ұста» ойынын үйретуде,
оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.
2) Тәрбие беру: Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
3) Сауықтыру: Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.
Құрал жабдықтар: Ойын үшін екі валейбол добы.
Өтілу орны: Спорт алаңы
Сынып: 1 “А" Өткізген: Нурбахыт Айсулу
№
Сабақ мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқа
К і р і с п е б ө л і м і Н е г і з г і Қ о р ы т ы н д ы
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
2. Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.
3. Жүру жаттығулары; алаңның сыртқы жиегімен айналып жүру, шеңбер бойымен қиғаш жүру, ирелеңдеп жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру.
4 Жүгіру жаттығулары;
а) қол желкеде аяқты сермей жүгір.
б) қол белде аяқты артқа тастай жүгір.
в) қол белде оң иықпен жүгір.
г) қол белде сол иықпен жүгір.
д) қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгір.
5. Ж.Ж.Ж.-ы:
1) Б.қ. аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту
2) Б.қ. қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға қарай ию.
1. Арнайы жаттығулар.
2. Ойын: «Допты ұста» ойыны.
Ойнаушылар екі командаға бөлініп, эстафеталық сапқа тұрады. Әр команданың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде капитан допты ұстап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша капитан допты өз жағының бірінші ойыншысына лақтырады да өзі жүгіріп барып командасының соңына сапқа тұрады. Бірінші ойыншы доп қолына тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты екінші ойыншыға лақтырады. Т.с.с. капитан шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп шығады.
1. Топты сапқа тұрғызу.
2. Тыныс алу жаттығуларын орындату.
3. Бағалау
2 рет
1 айналым
1 рет
1 рет
4 рет
1 рет
4-5 рет
Киіміне назар аудару
Қатарды бұзба
Кеудені тік ұста басты жоғары көтер
Кеудені тік ұстау
басты жоғары көтер
Толық иіл
Жылдам жүгір, сызыққа дейін ұста, белгіден бұрын шықпа, қатарды бұзба.
Толық тыныс алу.