Отбасылық Тәрбие Мектебі Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Аналық махабаттың келбеті. Баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі»



Дата23.02.2020
өлшемі1,23 Mb.
#58886
Байланысты:
аналық махаббат

Отбасылық Тәрбие Мектебі

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Аналық махабаттың келбеті. Баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі»



Өтетін орны:

Шымкент қ., № 129 жалпы орта білім беретін мектебі



Өткізді:

Сынып жетекшісі: Сарсенбаева Рано Абдихаликовна. 5 «Ә» сыныбы



Жиналыс барысы:

1.Жиналыстың тақырыбы, мақсаттары мен міндеттерін жариялау

2.Кіріспе бөлім

3.Ми шабуылы

4.Жиналыс тақырыбының мәнін түсіндіру \ талқылауға арналған сұрақтар

5.Практикалық мысал

6.Қорытынды / қорытынды шығару

7.Рефлексия \ Пікірлер



(Төменде аталған ата-аналар жиналысының кеңейтілген жоспарын қоса беремін)



Отбасылық Тәрбие Мектебі



Ата-аналар жиналысының жоспары

Тақырыбы: «Аналық махабаттың келбеті. Баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі»

Мақсаты:

Ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, дамыту.


Міндеттері:

-ананың бала тәрбиесіндегі алатын орны маңыздылығын айтып өту;

-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау, сезім және эмоцияны реттеу.
Ойын: «Танысу»

Мақсаты: Ата- аналармен ашық түрде пікір алмасу. Өз ойларымен бөлісу.

Ата -аналар кезекпен аты жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да балаларының есіміндегі бірінші бас әрпіне байланысты мінгездеме сөзбен атайды.

Мини лекция. «Аналық махабаттың келбеті. Баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі»

Құрметті ата -аналар бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Аналық махабаттың келбеті. Баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі». Қазақ халқының ұлы жазушысы М. Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де ұлағатты сөзі бар. « Тәрбие -тал бесіктен» деген. Міне отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз ата- ана, ата- әже, балалар, ұл ,қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір- бірімен тығыз байланыста болады.

Әр отбасы мемлекеттік заңдылықтар мен ережелерді сақтайды. Сонымен қатар казіргі заманға байланысты тіліміз бен салт- дәстүріміз қайта жаңғырған уақытта, егемендігіміз орнаған шақта, қазақ халқы, яғни өзіміз қазақ болып үлгі ретінде қатал сақтауымызға міндеттіміз. Әрқайысымызға белгілі, отбасының міндеттері үш түрге бөлінеді. Олар:

-Репродуктивті

-Шаруашылық

-Бос уақытты ұйымдастыру

Репродуктивті дегеніміз ол қызмет атқару, яғни баланы дүниеге әкелу, ұрпақтың жалғасын табуы.

Шаруашылық экономикалық қызметтің мәні әр отбасының ахуал жағдайы.

Бос уақытты ұйымдастыру ол ең негізгі қызметтің бірі тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру.

Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата- ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар ата- ана тәрбиеші, бала тәрбиені, яғни тәрбиенің алғашқы қадамын өзінің алтын ұясынан алады. Үй болып, бала туып немесе перзент көріп дейміз, әйел болып ана болу, осыдан ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі басталады. Абай айтқандай « Өлейтұғын артынан сөз қалдырған» дегендей, тәрбие тал бесіктен басталады. Қазақ халқының ата бабаларының өшпейтін тәрбиелік нұсқа сөздері, бәрімізге казіргі заманда оттай қажет. Құрметті ата- аналар жаңа ғана ойыннан да біліп отырасыздар адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Міне, қай ата-ана болсын ең алғашқы өзінің ойын, тітті қиялын ән етіп, өлең етіп баласына арналған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жылағанда жұбату, қуанышпен ойнату, тәрбиелеу әдемі де көркем, әсерлі баланың құлағына қанығандай, есінде қалатындай өлеңмен, жырымен, ұлылардың асыл сөздерін айта отырып балалдарың тәрбиелеген. Міне, қазақ халқында тәрбиенің қадамы басталған.

Тәрбиелеудегі алғашқы қадам анасының сөзі. Ана бала өмірінде маңызды орын алады. Мейірімі қанып ана сүтін емген, ананың ыстық алақанын сезген бала қандай болып өседі? Ал керсінше болған жағдайда баланың бойында қандай өзгерістер болады? Пікірлерін тындау.

Рахмет жауаптарыңызға, әрине, ананың мейіріміне тоймаған баланың бойында өте көп ауытқушылықтары болуы әбден ықтимал. Ал, үлгілі ана қандай ана?

Үлгілі ананың бейнесін постер арқылы құру.

Далай-Ламаның пікірінше, адамзатты не құтқара алады? деген сұраққа, жауап өте қысқа болды : анасы . Ана махаббаты қандай қасиеттерге ие болуы керек? Оның қандай келбеттері бар? Әйел шынымен жақсы ана болу үшін не істеу керек? Бала анамен қарым-қатынаста өзінің табиғи қажеттілігін іске асырғанда қалыптасады және бұл қарым-қатынас балаға өмір сүру үшін қажет. Ол үлкендермен байланыссыз өсе алмайды.

Ойын «Тілек».



Оқушылардың аналарына жазған хаттарын тарату. Баяу әуен ойнап тұрады. Әр ата-ана баласының жазған хаттарын оқиды. Өзіне ой түйеді.

Қорытынды. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата — бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет