Жезқазған гуманитарлық колледжі
«Ұлы Абай аңсаған-Тәуелсіз ЕЛ!»
(тәрбие сағаты)
Өткізген: Зум плотфрмасы бойынша Топ жетекшісі, К-29 тобы
20202-2021 оқу жылы
«Ұлы Абай аңсаған-Тәуелсіз ЕЛ!»
Мақсаты: Студенттердің назарын тарихи оқиғаларға және ұлттық маңызы бар естелік даталарға - Конституция күніне 25 жыл, А.Құнанбаевтың 175 жылдығына аудару, туған еліне, оның тарихы мен ұлттық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, отансүйгіштік, азаматтық және ұлттық бірегейлік сезімін қалыптастыру
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап
Әнұран. Топ студенттері
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті Жезқазған Гуманитарлық колледжінің К-29 тобының студенттері. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Ұлы Абай аңсаған-Тәуелсіз ел!» (слайд)
Жүргізуші: Ұлы ақын Абайдың ең басты арманы – өз жұртының тәуелсіздігі. Биыл 30-тамыз Конституция күнінің 25 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы.
Видео. Конституция тарихы
Бағила: Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
1- бөлім: Жалпы ережелер;
2- бөлім: Адам және адамзат;
3- бөлім:Президент;
4- бөлім:Парламент;
5- бөлім:Үкімет;
6- бөлім:Конституциялық кеңес;
7- бөлім:Соттар және сот төрелігі;
8- бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
9- бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.
Бағдат: Кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – сол елдің Конституциясы болып табылады. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
Жүргізуші: Қастерлі тәуелсіздік сарынын ақын барынша сақтықпен, аса шеберлікпен талдап жазады. Ақын әуелі оқырманды сөзді қалай түсіну керек, ішкі мазмұнда не жатыр деген ой тереңіне бойлату жайлы «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» өлеңінде: «Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ұқсаңшы сыртын қойып, сөздің ішін», – деп, сөздің ішкі мазмұнында нендей сыр барына үңілтеді. Бұл тәсілмен тәуелсіздікті аңсаған ұлы ақын өзінің ең басты арманын жоғарыда берілген «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?» өлеңінде былай байқатады: «Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме, Не ермей, ерік бермей жұрт қор етті Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме», – деген бір шумақ өлеңінде қанша астарлы сыр жатыр десеңізші!
Абай өлеңі. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Жүргізуші: Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде: «Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім», – деген ойында оқып, білім алудағы мақсат отаршыл патшалық Ресей әкімшілігіне қызмет ету емес, тірлік арнасы білім мен ғылымда екенін аңғартады. Сонда кімге қызмет етпе деп тұр ақын? Сөз жоқ, патшаға, ұлыққа, ерік бермейтін империяның үлкенді-кішілі қызметін атқаруға қарсылығын білдіреді. Осылайша қарамағындағы жұртты уысынан шығармаған отаршыл империя өзіне тәуелді елдердің еңселі ел болуға аяғын аттатпайтындығын сезген және елдің дәрменсіздігін, тартып отырған қасіретін түсінген ақын сол шарасыздықтан шығудың жолы еңбек деп біледі. Жақсылыққа жетудің жолын ұсынуда өзгені үлгі етеді, ілгері басқан елдердің іс-әрекетін алдарына жайып салып, қол жетер арманға жеткізер ағартушылық жол-жобаны ұсынады.
Жүргізуші: Елдің сырты құрсауда болғанымен, ішкі тірлігі өзінікі болғасын, оны әркім өзі реттеуі арқылы біртұтас елдік қасиетті сақтай алудың барлық әрекетін тек ағартушылық жолмен, үгіт-насихатпен реттеуді мақсат етеді. Елін сүйген бір кісі Абайдай-ақ болар, бірақ жұртының неге жақсылығын айтпай, кемшілігін тізеді, сүйегінен өткізе, жанына батыра айтады.
Жүргізуші:Сұрақ-жауап әдісі
Кенжалиева Сымбат. Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Ұлы Абай аңсаған-Тәуелсіз ел!» атты тәрбие сағатымыз аяқталады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын.
Топ студенттері. Көк тудың желбірегені
Достарыңызбен бөлісу: |