Жұлдызды сағат «Ана тілім- асыл мұрам» Мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі82,74 Kb.
#38506
Жұлдызды сағат «Ана тілім- асыл мұрам»

Мақсаты:Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтанышын сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сонымен қатар тілімізді, тарихымызды қастерлеп,қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл суреттер, ұлылардың суреттері, шарлар, сыйлықтар, плакаттар, түрлі-түсті жарықтар, үлестірмелі қағаздар, сандықша, мадақтамалар АКТ т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, музыка.

Барысы: баяу әуенмен Еңсеповтің «Детство» күйі ойналады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Тілім»дейсің жан жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді,өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.

Тілімін, Баласағұн, Фарабидің,

Елім деп еңіреп туған ел мен бидің.

Келемін сан ғасырмен шеру тартып,

Шомылып ортасында ән мен күйдің.

Абылай, Бұхар жырау, Бала биім,

Төгілтіп, асқақтатқан сөздің күйін.

От тілді,орақ ауыз бабаларым,

Кезінде түйіп өткен сөзден түйін.

Көрді көз асыл сөзге бақ жанғанын,

Айнымас досы болдым ақжандардың.

Сусыдым кемеңгердің ойларынан:

Ыбырай, Абай, Шоқан, Мағжандардың.

Сөздерін: Жамбыл, Иса, Нұрқан атам,

О, халқым жас ұрпақтар алға тартам.

Бас қосып,тарландарым кеңескенде,

Бұрқанып,бусанушы ед қалың ортаң.

Сәкенім,Ілиясым,Бейімбетім,

Көрсеткен тілдің күшін,құдіретін.

Мұхтарым,Бауыржаным,Ахметтер,

Тілімен жалын болып күйдіретін.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгін сіздер 4 сыныптар арасында өткелі тұрған «Ана тілім- ардағым» атты зияткерлік « Жұлдызды сағат» білім сайысының куәсі болып отырсыздар. Ең алдымен білім сайысын сараптаушы, әділ бағасын беруші әділ қазыларымызбен таныс болайық.

1.Алиханова Ж.И. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2.Қожахметова Б.С.- директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары

Білім сайысының куәгерлерін ортаға шақырайық.

Білім сайысының барысымен таныстырып өтейін.



1-айналым «Туған тілім- тірлігімнің айғағы». Бұл айналымда оқушылар қазақ тілінен ұшқыр білімдерін сараптайды.

2-айналым«Ана тіл-ұлы Абайым,

Ана тіл-дана Мұхтарым». Бұл айналымда оқушылар кез келген ақынның өлеңін мәнерлеп оқиды.

3-айналым «Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте». Үштілділік. Жасырылған жұмбақтардың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтады.

4-айналым«Ана тілім- ар-намысым». Бұл айналымда екі оқушы қалады. Оларға шығармашылық жұмыс. Бірнеше тақырып нұсқаларынан таңдау жасап, өз ойларын ауызша жеткізеді.

Оқушылардың білімдері 5 баллдық жүйеде сарапталады.

Әр айналымның арасында викториналық сұрақтар қойылады.

1-айналым «Туған тілім- тірлігімнің айғағы». Бұл айналымда оқушылар қазақ тілінен ұшқыр білімдерін сараптайды.

Баяу әуенмен «Көңіл толқыны» күйі ойналады.

Мұғалімнің сөзі

Ерлік,елдік,бірлік,қайрат,бақ,ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі сен қалдың.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,кен тілім,

Таза,терең,өткір,күшті,кең тілім,

Таралған түрік балаларын бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен,тілім.

Сұрақтар:

1.Қазақ әліпбиіндегі әріптер саны?

2.Дыбыс нешеу?

3.Дыбыс нешеге бөлінеді?

4.Дауысты дыбыстың түрлері

5.Дауыссыз дыбыс түрлері

6.Буынның түрлері

7.Тасымал

8.Қосарлы дыбыстарды ата.

9. Дәнекер дыбыстар деген не,ата.

10.Қосымшаларды ата.Әділ қазылар бағасы

Викториналық сұрақтар:

Қазақ тілі,әдебиеттік оқу пәндері

1.Ерте тұрдым,алып ұрдым. (есік-дверь- до)

2.Тіл тас жарады, Тас жармаса-------- жарады.

(бас-голова- head)

3.Жайлаған дүниені бір ғажайып, Тік көтеріп отырар адамдарды.

(орындық-стул- chair)

4.Шыр-шыр етеді,Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,Сөйлеп кетеді.

(телефон-телефон- phone)

5.ти десем,тимейді,Тиме десем, тиеді.

(ерін-губы-lips)

6.Күмбір-күмбір қарағым,Қартайғанша жарадың.

(құлақ-ушки-ears)

7.Жас кезінде қара орман,Жыл озған сайын ағарған.

(шаш-волосы-hair)

8.Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерін.

(көз-глаза-eyes)

2-айналым «Ана тіл-ұлы Абайым,

Ана тіл-дана Мұхтарым». Бұл айналымда оқушылар кез келген ақынның өлеңінмәнерлеп оқиды.

Баяу әуен ойналады.

Мұғалімнің сөзі

Ана тілім- ақыл ғой дана тілім,

Әлдиледің қазақтың бар ақынын.

Тамырымсың сәулелі жарығымсың,

Көп қой сенен менің де алатыным.

Қасиетің ана тіл, аз ба сенің,

Өзің барда ескірмес,тозбас елім.

Сен болмасаң,Ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали атты өлең жазбас еді.

Әділ қазылар бағасы

Викториналық сұрақтар:

Математика пәні

40+50


5 онд.4бірл.

1м-100 см

10 дм-1м

массаның өлшем бірлігі - кг

х-6=2 теңдеуінің жауабы - 8

90-20


Уақыт өлшемдері - сағат,минут,тәулік, ғасыр.

7 күн неше апта?

1 ғасырда неше жыл бар?

1 сағатта - 60 минут

1 минутта - 60 секунд

3-айналым «Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте».Үштілділік. Жасырылған жұмбақтардың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтады.

Баяу әуен ойналады.


Мұғалімнің сөзі

Тіліңмін ғасыр санап келе жатқан,

Өзіңмен бірге тұрып, бірге жатқан.

Сен қуансаң қуанып,шаттық кернеп,

Қарсы алдым, құшақ жайып таңыңды атқан.

Тіліңмін,алмас қылыш кесіп өткен,

Өзіңмен бірге туып, бірге өскен.

Амандық саулығыңның ұраны боп,

Асқар тау, қырларыңда желдей ескен.
1.Аппақ дала,қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған,

(әріптер-буквы-алфабет)

2.Мен-ақ қалам,ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам.

(бор-мель-борон)

3.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(кітап-книга-бук)

4. Аяғы біреу,қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді.

Салған ізі сөйлейді.

«қарындаш-карандаш-пенсл)

5.Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіңе назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

(глобус-глобус-сфеа)

6.Келтірер көп пайдасын

Оқушының айнасы.

(парта-парта-деск)

7.Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім,өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін.

(карта-карта-кард)

8.Білегіңнің күшімен

Басым болса білімің,

Бұл найзанаың ұшымен

Шешесің ой түйінін.

(қалам-ручка-пэн)




Әділ қазылар бағасы

Викториналық сұрақтар:

Дүниетану пәні

1.Адам өміріне не қажет?су,тамақ,жарық,ауа,жылу

2.Көкжиек деген не? Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңестік.

3.Тұсбағар деген не? Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.

4.Сурет деген не? Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.

5.Сұлба деген не? Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.

6.Масштаб деген не? Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін сан.

3 айналымнан кейін ұпайы аз төрт оқушы ойыннан шығады.

4-айналым«Ана тілім- ар-намысым». Бұл айналымда екі оқушы қалады. Оларға шығармашылық жұмыс. Бірнеше тақырып нұсқаларынан таңдау жасап, өз ойларын ауызша жеткізеді.

Қазақша көйлек киген қыз сандықшамен 3 конверт апарады.

Оқушыларға ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Секундомер қосылады.

Әділ қазылар шешімі

Ән орындалады.

Баяу әуенмен жеңімпаздарды марапаттау.

Жеңімпаз таққа тұрып, өзінің жұлдызды сағатындағы ой-пікірін білдіреді.

Қорытынды сөз.
«Тілім» дейсің құмарыңды босатып,

«Тілім» дейсің көзіңді кең ашатын.

Білмей жүрген түйсіксіздер түсііп,

Өзге тіл деп өз тілінен қашатын.

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем.

Ана тілім-дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім.

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім-алтын ұям,құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің назың,сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,байланғанша тіл-жағым.

Қалың елім, қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп, орман бол!

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!



5 сынып оқушысының музыкалық ән-шашуы

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет