3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
Сабақтың мақсаты:
Компьютердің негізгі құрылғыларын біледі
«Сандық құрылғылар» анықтамасын біледі
Енгізу, шығару, өңдеу, сандық құрылғыларды ажырата алады
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Өткен сабақты пысықтау.1-тапсырма.
«Доп лақтыру» әдісі
-Ақпарат деген не?
-Біз ақпаратты қайдан аламыз?
-Қандай ақпарат көздері бар?
-Компьютер деген не?
-Компьютерлік сауаттылық деген не?
-Неліктен компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет?
-Неге компьютерде ұзақ уақыт отыру денсаулыққа зиян?
ҚБ: стикер
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Берілген сұрақтарға жауап береді
Стикер
Доп
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырып. Презентация
Компьютер бірнеше жиынынан тұрады. Компьютердің негізгі құрылғылары:
Жүйелік блок
Монитор
Пернетақта
Жүйелік блокта компьютердің негізгі жұмысын атқаратын процессор (компьютердің «миы») және жады (компьютердің есте сақтау құрылғысы) орналасқан.
Монитор-ақпаратты экран бетіне шығаруға арналған.
Пернетақта- ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғы.Ол әріп, сан және таңбаларды енгізеді.
Тінтуір – компьютер экранындағы меңзерді басқару құрылғысы. Тінтуір оң жақ, сол жақ және айналдыру батырмасынан тұрады. Сол жақ батырмасы негізгі, оң жақ батырмасы жанама мәзірді шақыру үшін қолданылады.
Сандық құрылғылар- деректерді жинақтау, жеткізу, қабылдау, бақылау, сақтау, түрлендіру сияқты қызметтер атқаратын замануи электрондық жүйелер.
Компьютердегі программалар деген не?
Компьютер жұмыс жасау үшін арнайы программалар қажет. Мысалы, компьютерде мәтінді теру үшін, балаларға арналған фильмдерді қөру, олардың дыбыстарын шығару, сурет салу мен компьютерлік ойындар ойнау үшін түрлі компьютерлік программалар қолданылады.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық қамтамасыз етуін құрайды.Программалық қамтамасыз етудің ең негізгі бөлігі операциялық жүйе.
Компьютер іске қосылғаннан кейінгі жұмыс істеуге дайын экран бейнесі- Жұмыс үстелі деп аталады.
Көрсетілім. Жұмыс үстелінде компьютердегі программалар, құжаттар болады.Менің компьютерім, Себет, Бас мәзір.
2-тапсырма.
Жұмыс дәптері, 11-бет.
Дескриптор:
-енгізу құрылғыларды сәйкестендіріп нөмірін жазады;
-шығару құрылғыларды сәйкестендіріп нөмірін жазады;
-өңдеу құрылғыларды сәйкестендіріп нөмірін жазады;
-сандық құрылғыларды сәйкестендіріп нөмірін жазады;
ҚБ: стикер /4 балл/
Жеке жұмыс.3-тапсырма.
Жұмыс дәптері, 12-бет, 1-тапсырма.
Дескриптор:
-программалардың атауларын жазады.
ҚБ: стикер
Мұғалімді тыңдайды
Презентациямен танысады
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы оырндайды
Стикер
Стикер
Презентация
Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
барлығын түсіндім
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбедім, қайталап қарау қажет