Сабақ айтады, «бос ұяшықты таңда»



Дата29.05.2024
өлшемі47,63 Kb.
#202993
түріСабақ
Байланысты:
31 билет


31 билет
1.Үй тапсырмасын тексеру.Тест түрлері.
Үй тапсырмасын сұрау әдістері: «бинго» әдісі, «ортадағы қаламсап» әдісі: оқушылар өздерінің қаламсаптарын партаға қояды,мұғалім кімнің қаламын алса сол оқушы сабақ айтады, «бос ұяшықты таңда» әдісі: тақтада түрлі ұяшықтар тұрады,оқушы кез келген ұяшықты таңдап ішіндегі сұраққа жауап береді, «қолшатыр» әдісі: қолшатырды домалатып айналдыра оқушылардың аттарын жазамыз,кімнің аты түссе сол үй жұмысын айтады, «стикер сөйлейді» әдісі: мұғалім оқушының артына стикер жабыстырса сол оқушы сабақ айтады.
Тест түрлері: Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
2.Жаратылыстану бірінші, екінші сынып оқулығын талдау.
Бірінші сыныптың жаратылыстану пәні өсімдіктер, жануарлар, адам, күш пен қазғалыс, ғарыш пен жер, табиғат физикасы, жарық, дыбыс бөлімдерінен және глосарийден тұрады. Әр тақырыптың басында тірек сөздер және сабақтың мақсаты тұрады. Соның ішінде өсімдіктер бөлімінде: тірі ағзалар, өсімдік бөліктері, өсімдіктердің қандай түрлері болатындығы және оларға қалай күтім жасауға болатындығымен танысады. Жануарлар бөлімінде: жануарлардың қандай түрлері болатынтығымен, адамдар жануарлардан не алатындығымен және жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер ететіндігімен танысады. Адам бөлімінде: адамның дене мүшелерімен,адамның қалай есейетіндігімен танысады. Жер мен ғарыш бөлімінде: ғарыштың не екендігімен,глоббусты қалай қолданатындығымен, жердің көрінісімен танысады. Жарық бөлімінде: жарық не үшін қажет екендігімен, табиғи жарық көздерімен танысады.Және соңғы бөлім Дыбыста оқушылар: дыбыс қалай және қайда тарайтындығымен танысады.
Екінші сыныптың жаратылыстану пәні өсімдіктер,жануарлар,адам,заттар және олардың қасиеттері, жер мен ғарыш, күш пен қозғалыс, табиғат физикасы бөлімдерінен және анықтамалықтан тұрады. Әр тақырыптың басында тірек сөздер,есте сақта және сабақтың мақсаты тұрады. Өсімдіктер бөлімінде: оларды қалай сақтау керектігі,өсімдік бөліктері қалай қызмет атқаратындығы туралы оқытылады. Жануарлар бөлімінде: жануарлар қалай көбейетіндігі,олардың бейімделуі туралы айтылады. Адам бөлімінде: қаңқа құпиясы,қозғалыс сыры туралы танысады. Заттар мен олардың қасиеті бөлімінде:жердің ауа қабаты,су,табиғат ресурстарымен танысады. Күш пен қозғалыс бөлімінде: жалдамдықты,күшті,массаны қалай өлшеуге болатындығымен танысады. Соңғы бөлім табиғат физикасында: дыбыстар қандай болатындығымен.магнит не үшін керектігімен,температураны қалай өлшейтіндігімен танысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет