Мазмұны Кіріспе Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы



бет1/2
Дата17.04.2024
өлшемі28,58 Kb.
#200936
  1   2
Байланысты:
stud.kz-75262 (1)


Мазмұны
Кіріспе


Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы

1 Рухани құндылықтар жүйесінің философиялық ілім ретінде қалыптасуы


2 Жеке тұлғаның қалыптасуындағы рухани дүниенің орны



Қорытынды


Кіріспе
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар. Өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары, дүниетанымы да осы құндылықтарға байланысты қалыптасты. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдірді. Бұл қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылық пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға негіз болды.
Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде. Осы орайда, рухани құндылықтардың ұлттық негіздерін жаңа қоғамдық қатынастар талабына бейімдеу, оны рухани өмірдің өзегіне айналдыру тек философиялық, дүниетанымдық мәселе ғана емес, сонымен қатар саяси мәселе.
Бүгінгі таңда рухани құндылықтардың мәнін, маңызы мен ұлттық ерекшеліктерін анықтау ұлттық сана-сезіміміздің бағдар бағыттылығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан үшін рухани құндылықтар туралы ілім (аксиология) дәстүрлі дүниетаным мен жаңа жағдайға бейімделу кезінде туындайтын құндылықтардың ақиқаты мен жалғанын ажыратудың, ұлттық болмысымызды танудың негізіне айналып отыр.

Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы

1 Рухани құндылықтар жүйесінің философиялық ілім ретінде қалыптасуы




Адам адамдардың, заттардың, идеялардың, мағыналардың арасында өмір сүреді. Бұл адамдардың, заттардың, идеялардың маңыздылығы адам үшін әртүрлі. Оларды әр түрлі бағалайды. Адам әлемі - бұл құндылықтар әлемі. Ал құндылықтар әлемі-адамның обьективті шындыққа қатынасын көрсетеді. Құндылықтық қатынастар философияның негізгі мәселесі «Адам-Әлем» қатынасының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол танымдық, болмыстық және логикалық негіздермен қатар тұратын философиялық теорияның бір саласы, әлеуметтік философияның бір саласы.
Әлемді рухани-практикалық игеру барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалды реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалық т.б тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады. Бұл құндылықтық сананың негізінде ғана жүзеге асады. Алайда құндылықтық сананың танымдық санадан ерекшелігі заттың өзі не екеніне қызықпайды, ол заттың біз үшін қандай маңызы бар, құндылығы неде екенін негізге алады. Қысқасы, бұл әлемге құндылықтық көзқарас, қатынастан басқа ешнәрсе емес. Құндылықтық қатынас әрқашанда субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну
т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең жоғарғысы табыну (19). Яғни белгілі бір нәрселерге табыну тән болып келеді. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негізі ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет ғұрыптары мен салт дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.
Құндылықтық сананың қайнар бұлағы адамның өзінде, оның мәдениетті, өркениетті қалыптастыруға, талаптанған іс әрекетінде.
Құндылықтар мәселесі ғылыми обьект ретінде 19 ғасырдың ортасынан бастап жан жақты зерттеле бастады. Әрине оған дейін құндылықтарға ғылыми мәселе ретінде назар аударылмай келді деп айта алмаймыз. Ал, енді сол құндылықтар мәселесіне философия тарихында қандай пікірлер білдірілді соған тоқтала кетелік. Антика заманында өмір сұрген Сократ «Игілік дегеніміз не?» - деген сұрақты қойған болатын. Ол уақыттағы философтар құндылықтарды болмысқа барынша жақындатып, кейбір жағдайда бір-бірімен сәйкестендіріп келді, яғни аксиология онтологиялық формаға ие болды.
Аксиология теориясы туралы айту үшін ол онтологиялық негіздерден өзінің салыстырмалы еншісін алу керек еді. Сондықтан антика заманында өзіндік құрылымы бар, құндылықтар туралы ілім – аксиология қалыптаса қойған жоқ еді. Бірақ құндылықтардың абсолютті және салыстырмалы қасиеттері туралы түсініктер ерте заманнан ақ пікірталастар туғыза бастады. Мәселен, Плотон үшін ең жоғарғы құндылықтар абсолютты түрде өмір сүреді. Ал софистер болса өздерінің «Адам барлық нәрсенің өлшемі» деген тезисі арқылы барлық құндылықтардың адамдардың бағалауынан өтетінін білдіріп, олардың салыстырмалы қасиетіне назар аударған. Ал, Аристотельдің әрбір шығармасында құндылық мәселесінің бөліктеріне жеке жеке жауаптар берілген. «Органон» да ақиқат құндылығына, «Никомахова этикасында» ахлахқа, «Экономика» да үнемділікке, «Поэтика» мен «Риторика» да адам құндылықтарына орын береді .
Сөйтіп әр түрлі ойшылдар, тарихи кезеңдер мен діни ағымдар құндылықтарды өздерінің даму деңдейіне сәйкес анықтап отырған. Олардың бір біріне өзара әсері зор болатын. Бірақ өз заманынан аттап кету мүмкін емес еді .
Әлемнің миллиардтаған пенделерінен тұратын халқының дүниетанымының негізі болып табылатын діни көзқарастар ерте заманнан қалыптаса бастаған, сондықтан діни құндылықтарды дәстүрлі мәдеиниеттің қазіргі индустриалды қоғамға берген мұрасы деп қабылдауға болады. Үндістан, Таяу Шығыс, Араб жерінде пайда болған үш дүниежүзілік дін кездейсоқ рухани құбылыстар емес. Діндердің пайда болар кезеңдерінде қоғамда әлеуметтік дағдарыстар, құндылықтық құлдыраулар белең алып, әлеуметтік дүние өзін өзі сақтап қалудың әрекетіне көшеді. Міне осындай құбылыстардың нәтижесінде адамзат ірі –ірі діни ағымдардың туындауына куә болды. Сөйтіп діни құндылықтар – адам табиғатына са й, өмір қажеттілігімен астасып жататын рухани құбылыс. Бірақ оның да догмалық түрге айналып, саясат пен құқықтың қызметтерін өз мойнына ала бастауы көптеген проблемаларды туындатуы мүмкін. Мысалы, Қайта Өрлеу кезеңінің өкілдері гуманизм принциптерін алға тартып, ғылым мен білімге бет бұру қажеттілігін бекер айтқан жоқ.содан кейін Жаңа заманда ғылым мен техниканың рөлі қоғамдық процестерде нығая түсті.бұл рационалистік үлгілердің кең өрбуінің нышаны еді. Ал осы процестердің абсолюттенуі қоғамды руханилықтан алыстата түсетіні де байқалды. Әсіресе, технократиялық дүниетанымның пайда болуы – осы үрдістердің нәтижесі.
Кезінде немістің ұлы философтары Кант пен Гегель де құндылықтар мәселесіне назар аударып, әрқайсысы талдаулар жүргізген. Кант, аксиологиялық түсініктердің қалыптасуы үшін әлемді нақты (реалды) және идеалды деп екіге бөлу керек деген шартты ұсынады. Ал құндылықтар болса адамның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы факторлардың мәнділігінен туындайды деген ойды білдіреді.
Ал тарихтың соңғы ғасырларында философтар мәселенің жігін ашып, құндылықтар теориясының өзіндік ерекшелігі бар екеніне тоқтала бастады. Енді құндылықтар теориясының әртүрлі типтерін құрайтын философиялық және социологиялық концепцияларға тоқтала кетелік. Әсіресе Канттың ізбасарлары жаңа кантшылдар трансцендентті рефлексия анықтайтын таза сананың құндылық қалыптық компоненттері туралы айта бастады (21). Мәселен, В.Виндельбанд пен Г. Риккерт үшін құндылық идеалды болмыс нормасы ретінде қарастырылды. Бұл ойшылдардың ерекшелігі – құндылықтарды идеалды, трансцендентті әлеммен тығыз байланысты нормалардан іздеуінде. Бұл нормалардың қалыптасуы өте күрделі процесс және ол бірсәттілік құбылыс деп есептелмейді, оның құрылымы әртүрлі рухани қатынастардың өзіндік қордалануы деп түсінді. Бұл құндылықтардың қатарына Ақиқат, Сұлулық, Игілік, Еркіндік сияқты рухани әлемнің құбылыстары жатады. Сонымен құндылық – қоршаған ортаның нақты нәрселері емес, сананың қатпарларында қалыптасатын трансцендентальды нормалардың әрқилы формасы.
Экзистенциализмдегі М.Хайдеггер, Сартр сияқты зерттеушілер құндылықтардың қоғамдық маңызына мән беру қажеттілігіне шақырды . Витгенштейн құндылықтық сананың лингвистикалық аспектілерін зерттесе, Гадамер құндылықтарды герменевтикамен байланыстырады .
Маркстік философия құндылықтарға арнайы тоқталмаса да, оларды әлеуметтік тарихи, экономикалық және таптық мәселелермен тығыз байланыста қарастырады. Марксизм көтерген құндылықтар «теңдік», «еркіндік», «еңбек», «әділеттілік» және т.б. жалпыадамзаттың рухани құндылықтар қатарына жатады. Бірақ, бұл қасиетті құбылыстардың қоғамда орнауы, орнығуы жөніндегі мәселеге келгенде, үлкен ағаттық жіберілді. Яғни күштеу, зорлау, басқа сөзбен айтқанда революциялық жол таңдалды.бұл біреуді бақытсыз етіп, екінші адамды бақытты етуге тырысушылық еді. Құрбандығы мол коммугизм жолы өз ықпалын азайтып, тарих сахнасынан бірте бірте өткен күндерге ауысуда.
Аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына үлесін қосқан философ Ницще болды. Ол өзінің «Мораль генеалогиясы» деген еңбегінде құндылықтар дүниесімен философтар айналысуы керек екендігіне, негізінен адамдардың «жақсы мен жаман», «игілік пен зұлымдық» сияқты қарама-қарсылыққа бөлу дәстүрін терең талдаудан өткізу қажеттілігіне назар аударады. Ницщенің пайымдауынша құндылық мәндік категорияға жатпайды, ол тек бағалау, немесе субьектінің әлемді танудағы ішкі тәжірибесі.
Құндылықтар теориясының алуан түрлі көріністерінен біртұтас құрылым туындап, өзінше философиялық келбет қалыптасады. Құндылықтар теориясының әр түрлі типтерін құрайтын философиялық және социялогиялық концепциялар дүниеге келді. Бірін бірі толықтыратын бұл концепциялар жаңа жүйенің пайда болуына себеп болып отыр.
Сөйтіп, құндылық бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды. Кейде біреу үшін құнды нәрселер өзгелер үшін құнсыз болатын да кездері кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді. Әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді. Бұл мәселелерді құндылықтар теориясы немесе аксиология шешуге ұмтылады. Аксиология –құндылықтардың мәні мен табиғаты, олардың пайда болуы мен жіктелуі, адам мен қоғамның бағдарлануындағы орны, бағалау және т.б мәселелерді зерттейді.
Құндылықтарды анықтау үшін алдымен субьект оны бағалау кезеңінен өткізу керек. Адамның дүниеге қатынасы онтологиялық қатынас. Олай болса барлық категорияларда адамнан сыртқы дүниенің оған тәуелсіз болмысы мен мазмұны адамның болмыс тұрғысынан бағалаумен ұштасады. Онсыз адам сыртқы дүниені обьективтік тұрғыдан көре де бағалай да алмас еді. Сыртқы дүниеге өзіндік тұрғыдан да сыртқы дүниенің адамға тәуелсіз мазмұны жағынан да қарай алмас еді. Бағалаушылық қатынас қана адамды сыртқы дүниеде жоғалып кетпеуге мүмкіндік береді., оған өзгеше сырт көзқараспен қарауға негіз болады. Ал, тек сырт көзқарас тұрғысынан ғана біз дүниенің не екенін, өзінше қандай екенін, яғни оның бізден өзгеше, біршама басқа дүние екенін аңдай аламыз, сезінеміз. Ақиқат, көркемдік және жақсылық осы жалпы қатынастың екі жағының бірлігін көрсетеді немесе жалпы адамзаттық құндылық. Құндылықтардың жалпы адамзаттық мазмұны адам болмысының бүтіндігі, оның әрекеттерінде басшылыққа алатын құндылықтар жүйесінің ортақтығымен анықталады. Жалпы адамзаттық құндылықтардың болуы ұлттық ерекшелігіне сай қалыптасқан рухани құндылықтардың мазмұнын төмендетпейді. Керісінше оның мағынасын толықтыра түседі. Міне ұлттардың жалпы адамзаттық мағынаға ие болуы осы жерден келіп шығады.
Құндылықтық қатынастардың қалыптасуы үш элементті құрылымның негізінде жүзеге асады.

  • Құндылықтар субьектісі – адам, әлеуметтік топтар;

  • Құндылықтар обьектісі – нәрсе, үдеріс, құбылыс,дерек;

  • Құндылықтар мағынасы – рухани санаттық мағынаға ие болуы, тұжырымдамалардың жасалуы.

Қалыптасқан құндылықтардың жіктелуінде әртүрлі көзқарастар мен тұрғылар бар. Философия мен мәдениеттану оқулықтарында, әдебиеттерінде олардың жіктелуі былай беріледі:

    1. витальдық құндылықтар: өмір, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамның хал-жағдайы (экологиялық құндылықтар ,пысықтық,тұтыну,комфорт,тұтынудың деңгейі және т.б;

    2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, статус, еңбекқорлық, байлық, еңбек, мамандық, отбасы, патриотизм, сабырлық, тәртіп, кәсіпқойлық, тәуекелге бел байлаушылық, әлеуметтік теңдік, жыныс теңдігі, қол жеткізе білу қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді қатысу, өткенге немесе болашаққа бағытталғандық, жоғарғы локальдылық (мемлекеттік интернационалдылық ,бағытталу);

    3. Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық еркіндік, заңдылык, жақсы билеуші, тәртіп, конституция,азаматтық, бейбітшілік;

    4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш намыс, шыншылдық, адал ниеттілік, парасаттылық, берілгенділік, өзара көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік және балаларға деген ілтипаттылық;

    5. Діни құндылықтар: құдай, сену, құтқару, рақат, ритуал, шіркеу, мешіт;

    6. Эстетикалық құндылықтар: әсвемдік (немесе эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйлесімділік, дәстүрлі бағыну, жаңалық, эклектика, ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.

Сол сияқты әртүрлі аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық қатынастары тәжірибелерін қорытындылай келіп, құндылықтардың қайталанып отыратын топтарын қарастырады. Шелердің жіктеуінде құндылықтар әлемі адамның тәндік өмірімен қатысты төменгі гедонистикалық және витальдық құндылықтардан мәдениеттің рухани құндылықтары арқылы жоғары діни құндылықтарға өту ретінде көрсетіледі (24).
Сонымен қатар қазіргі таңда құндылықтар типологиясын Қазақстандық ғалымдарда келтіреді. Мәселен ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институты 1999 жылғы мәліметі бойынша республика тұрғындары үшін ең басты құндылықтарды былайша үш топқа біріктіреді:

  1. өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, республикадағы бейбітшілік пен тыныштық, от басындағы береке, денсаулық, жеке және отбасы қауіпсіздігі, жаөқсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім.

  2. азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық қауіпсіздік және тәуелсіздік.

  3. қос азаматтылық, Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік үшін жағдай жасалуы (25).

Жалпы алғанда құндылықтар әр алуан болып келеді, бірақ оның барлығы екі үлкен топқа бөлінеді: материалдық және рухани. Құндылықтардың мұндай етіп бөлінуі адамның екі жақты табиғатына негізделген. Әлемдегі заттар мен құбылыстар адам үшін оның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқаруына қарай құндылық түсінігін иеленеді. Алайда адам тек ғана материалдық жан иесі емес, ол өзінің биологиялық қажеттіліктеріне бақылау жасап оны өзіне бағындырғанда ғана адам болып қалады. Басқаша айтқанда адамның адам болып қалыптасуы оның рухани өмірінің, рухани мәдениетінің қалыптасуы. Адамда рухани қажеттіліктерде бар. Яғни әдебиет оқу, табиғатты тану, музыка және т.б. жатқызуға болады. Рухани құндылықтар – адамның рухани өмірінің негізі және бұл қатынаста құндылықтық сана адам қалыптасуының үлкен стимулы. Ал құндылықтық сана дүниетаным ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірибесі барысында әр алуан көзқарастарды, білуге ұмтылады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет ғұрыптар, норма мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді.
Қорытындылай келе, құндылықтарға жалпылама түрде сипаттама беруге тырыссақ, онда бұл ұғым дүниедегі әртүрлі құбылыстар мен деректердің жеке тұлғалық, қоғамдық және өркениеттік деңгейдегі маңыздылығын білдіреді деуге болады. Құндылықтар өзіне негіз болатын маңыздылықтарға, нормалар мен мұраттарға тікелей теліне салынбайды. Олар әлеуметтік практикадағы адамаралық қатынастарды реттеуші рухани мәнділік. Осылайша, құндылықтар адам өмірінің мәнділігін, бағыт бағдарын анықтаушы рухани күш ретінде қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет