Сабақтың міндеті Білімділік. «Адамның шығу тегі»



Дата24.04.2017
өлшемі50,92 Kb.
#15139
түріСабақ
Сабақ жоспары


Пәні : Биология

Сынып: 9

Күні

Тақырыбы

§ 55.Антропогенез факторлары. Адам нәсілдері.










Сабақтың міндеті

Білімділік. «Адамның шығу тегі» тарауын халықтың даналық сөздерімен, нәсілдік, тектілік ұғымдарымен байланыстыру. Антропогенез факторлары, Адам нәсілдері туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік. Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір-бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.


Сабақ мақсаты

Антрпогенез факторлары, адам нәсілдері туралы оқып үйренеді. Адам нәсілдерінің түрлерімен танысу.

Нәтижесі

Оқушылар антропогенез факторларының адамның дамуындағы маңыздылығы туралы алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан талдайды, зерттейді және сипаттайды.

Топтық жұмыс нәтижелері: бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады; ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды; әрбір оқушы білімін толықтырады.

Сабақтың типі

Білімді бекіту және іскерлік дағдыны дамыту

Әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары: ой шақыру, негізгі идеяларды суреттеу, ой бөлісу, ортаға салу, есептер шығару Кері байланыс, рефлексия.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау, жұбын бағалау, бағалау парағы

Ресурстар, кабинет жабдықталуы, көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар, хромосомалардың үлгілері, есептер жинағы



Кезең

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І



2 минут



І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сергіту жаттығуы.

Б)Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.


Әуен тыңдап жаттығулар жасайды.

Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді.



ІІ

5 минут

Қызығушылықты ояту








1. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін ғылым. (Антропология )

2. Адам пайда болған заман (Кайнозой)

3. Адамның тарихи дамуы ( Антропогенез)

4. Адамның қазып алынған сүйек қалдықтарын зерттейтін ғылым (Палеоантропология)

5. Крамоньондықтар кімдерге жатады? (Саналы адамға)

6. Қандай адамтәрізді маймылдың бас сүйек құрылысы мен көкірек бөлігінің жазықтығы адамға ұқсас болады? (Гиббон )

7. Қандай адамтәрізді маймылдың 385 анатомиялық белгілері адамға ұқсас? (Горилла)

8. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? (Ч.Дарвин

9. Өте ертедегі адам – Қытай адамы (Синантроп )

10. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады? (Әлеуметтік )



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

ІІІ


5 минут

Жаңа сабақ

1.Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

Жаңа тақырып бойынша түсініктеме беріледі.

1. Электрондық оқулықпен жұмыс. Адамның түрлі нәсілдері.

2. Қосымша мәліметтер. Жер шарындағы барлық нәсілдер негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас. Миклухо – Маклай Жаңа Гвинея тұрғындарының арасында көп жыл болып, австралоидтық кіші нәсілге жататын папуастардың мәдени дамуы мен ой – өрісі басқа халықтардан бірде – бір кем еместігін көрсеткен - ді. Адамзаттың ой – өрісі және ойлау қабілеті нәсіліне сәйкес еместігін И. М. Сеченов пен Н. Г.

Чернышевский де дәлелдеп берді.

«Жеріне қарай адамы» дейді қазақ.

Антропогенез факторлары. Ерте кездегі кезеңдердегі қозғаушы күштері сол бұрынғы факторлар: тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, тұқым қуалау /негізінен алғанда мутациялық және үйлесімді/өзгергіштігі болып саналады.

Антропогенездің екінші күшті факторы - қарым - қатынас, ұжымдасып өмір сүру.

/схема арқылы түсіндіру/

Әр топқа тапсырма: 1.Антропогенез факторлары 2.Адам нәсілдері


Берілген мәліметтерді қажетті тұстарын дәптерге жазады.

Спикерлер қорғайды.



ІV

10 минут


Бекіту.

1. Қазақ халқы мен үндіс нәсілінің арасында ұқсастық бар екендігін айтқан ғалым.

2. Нәсілдердің бір тобы.

3. Нәсілдер туралы ұғымды ғылымға енгізген ғалым.

4. Әлеуметтік дарвинизм теориясын сынаған қоғам қайраткері.

5. Нәсілдердің бір тобы.

6. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.

7. Нәсілдердің таралуы туралы пікір.

8. Әлеуметтік дарвинизм теориясын орыс ғалымы.

9. Нәсілдердің Солтүстік Америкада тараған тобы.

Шешуі: Монголоид.

2. Проблемалық сұрақ: Қазақ халқының салт – дәстүрінде жүзге, руға бөлінушілік бар! Сіз осымен келісесіз бе? (ия, жоқ).



Оқушылар сұраққа толық жауап береді.

Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады, ой пікірлерін білдіреді.



V

3 минут

Бағалау

Топтық бағалау, жұптық, жеке бағалау




Күнделікке бағаларын қойдыртады.

Рефлексия жазады



VІ

3 минут

Кері байланыс

Оқушылардан тақырыпты түсінгендіктері туралы кері байланыс жасайды.

Нені түсіндім? Нені түсінбедім? оқушылардың сұрақтарына жауап береді.


Оқушылардың кестені толтырып, мұғалімге өздерінің тақырып туралы сұрақтарын қояды және пікірлерін айтады.

VІІ

2 минут

Үйге тапсырма

§55 Антропогенез факторлары . Адам нәсілдері тақырыбын оқу.Деңгейлік сұрақтарға жауап беру.



«Қол - еңбек мүшесі емес, ол өзі - еңбектің өнімі» тақырыбында эссе жазу.



Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет