Сабақтың тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы күштері адам нәсілдері. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері



бет1/3
Дата16.05.2020
өлшемі107,01 Kb.
#68912
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
267 тапсырма 15.05.2020 биология


15.05.2020 жыл

Пәні: Биология

Топ: 267 «Токарлық іс және металл өңдеу»


Сабақтың тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы күштері адам нәсілдері. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері
І. Төменде берілген мәтінді оқыңыздар.

Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары.

Адам – органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Адамтектес маймылдар бірте-бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына қолайлы жағдай туғызды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.

Еңбек – адам эволюциясының маңызды факторларының бірі.

Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыз да орынды бағалаған. «Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтерілген. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бөліп алып, жоғары көтерді, оның дене және рухани жағынан өсуіне мүмкіндік туғызды»,-деп өте маңызды тұжырым жасаған. Адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады.

Адамның қалыптасуында сөздің, ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлі.

Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Сөз бірте – бірте тәрбие құралына айналды. Осылайша қоғамдық байланыс дамыды.

Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады.

І-кезең – қоршаған ортаны танып білуін өнер туындысы арқылы көрсете білу. Мысалы: тасқа ойып суреттер салу.

ІІ – кезең – жабайы жануарларды қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты.

ІІІ – кезең – ХV ғасырда қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми – техникалық прогреспен ерекшеленеді. Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр. Адамдар қоныстанған жер биосферасы адамның ақыл-ой санасын басқаратын ноосфераға ұласып отыр.

Адам нәсілдері.

Бүкіл Жер шарын мекендейтін, екі жарым мыңнан арлық тілде сөйлейтін 7 млрд-тан астам адамның барлығы бір ғана саналы адам (Home sapiens) түріне жатады. Барлық адамдардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей, олардың тіршілік әрекеттері жалпы биологиялық заңдылықтарға бағынады. Соған қарамастан, тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына бейімделудің нәтижесінде оларда алуан түрлі морфологиялық айырмашылықтар қалыптасқан. Атап айтқанда, дене бітімі, бет пішіні, терісінің түсі, шашының түсі мен бұйралығы және т.б.



Бұл белгілер тұқымқуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізді.

Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет