Сабақтың тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы күштері адам нәсілдері. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері



бет2/3
Дата16.05.2020
өлшемі107.01 Kb.
түріСабақ
1   2   3
Негроидтық нәсіл 

Еуропоидтық нәсіл

Монголоидтық нәсіл

Терісінің түсі қара қошқыл, шаштары толқын тәрізді немесе бұйра, мұрындары жалпақ, танаулары кең, еріндері қалың, сақал-мұрттары өте сирек. Бұл аталғандардың барлығы ыстық климат жағдайларына бейімділікті сипаттайтын белгілер. Негроидтік нәсілдің кеңінен таралған аймағы – Африка

Терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды немесе тік, мұрындары ұзынша келген шығыңқы, танаулары тар, еріндері жұқа, ер адамдардың бетінде қалың сақал мен мұрт өседі. Мұндай белгілер климаты суық аймақтарға бейімделу барысында қалыптасқан. Еуропоидтік нәсілдердің алғашқы шоғырланған аймағы Еуропа мен Азияның кейбір бөліктері болса, қазіргі кезде олар дүниежүзінде кеңінен таралған.

Терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, шаштары қайратты, тік болады; еріндері мен мұрындарының көлемі орташа; бет пішіні жалпақ біртегіс, бет сүйегі шығыңқы, көздері қысыңқы болып, рудименттік (қалдық түріндегі) үшінші қабағы айқын байқалады. Бұл ерекшеліктер – аңызақ жел мен шаңнан, қара суықта үсуден қорғауға бейімділігі.

Монголоидтік нәсілдер Орталық Азияда, Индонезия мен Сібірде таралған.



Нәсілдер туралы ғылым нәсілтану деп аталады.

Нәсілдер бұдан 30-40 мың жылдар шамасында ғана қалыптаса бастады. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайды. Ол гректің «Monos» — «бір» және латынның «centrum» — «орталық» деген сөздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан» деген ұңымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым – полицентризм (грекше «полис» – көп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болады деп түсіндіреді. Көпшілік ғалымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет