Сабақтың тақырыбы: Еңбек бәрін жеңбек



бет1/4
Дата22.04.2022
өлшемі1,1 Mb.
#140372
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Хасанова, Zanyatie 4 Rak legkikh Kamyshev E, Емтихан сұрақтары (3), О ыту т рі к ндізгі, 06.02 сын.сағ., АкушГине 220без ответа), Ағаш морфологиясы.

Сабақтың тақырыбы: Еңбек бәрін жеңбек


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.

Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: топтастыру,сұрақ – жауап,әңгімелеу.


Көрнекілігі: даналық сөздер, суреттер.


Күтілетін нәтиже: Ұлттық сана сезімі оянған, бойына парасатты, мәдениетті, мейірімді, еңбекққор қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Барысы:
І.Ұйымдастыру

ІІ.Кіріспе бөлім.


Шаттық шеңбері Білім Еңбек Жақсылық Мейірім
1.Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.

Сонда атасы былай депті:


- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
- Бұдан балалар, сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында болмақ.

- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?


- Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
- Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік.(слайд)
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді
(халық мақалы)
2. Мұғалім: - Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
/Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.
Слайд арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.

сүйікті іс күш,жігер береді.


жарқын болашақ

Еңбек

қуаныш ақша


пайдалы өмір сүруге үйретеді.
ауыр
шынықтырады жеңіл




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет